Бастауыш. Пайдалы қазбалар.

Ақтөбе облысы, Темір ауданы №6 Шұбарқұдық негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердеева Айнагүл Сайлаубайқызы.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: 
1. Қазақстан аймағында таралған пайдалы қазбалар түрімен таныстыру.
2. Балаларды ізденушілікке баулу, сабаққа деген қызығушылығын аттыру.
3. Қазақстан елінің байлығы мен әсемдігін ұштастыра отырып, оқушының өз еліне деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс- тәсілдер:  ізденушілік, көрнекілік, шығармашылық.
Көрнекілігі:  Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы, слайдтар

Сабақтың барысы:
І.  Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын асбаққа аудару. Психологиялық тұрақтылық. «Ақ тілек. Әсем күлкі».
–         Көңіл –күйлеріңіз қалай?
–         Керемет! (Қолдарын көтереді)
–         Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
–         Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)
–         Ынтаңыз ше?
–         Ғажап!  ( Қолдарын көтереді.)
–         Ендеше бастайық!

Бүгінгі сабақта топпен жұмыс жасайсыңдар. 1- топ «Экологтар», 2- топ «Ғалымдар», 3- топ «Шеберлер». Топпен жұмыс істеу ережесін қайталап жіберейік:
1. Тапсырмаға берілген уақыттан аспау.
2. Басқаларды тыңдай білу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Пайдалы қазбалар, олардың түрлері туралы 3- сыныпта өткенді пысықтап келу. Әр топқа тапсырмалар беру.
1-    топқа: – Пайдалы қазбалар деген не?
–         Пайдалы қазбаларға нелер жатады?
2- топқа:  Қолданылуына қарай пайдалы қазбалар қандай топтарға бөлінеді?
Кен орны дегеніміз не?
3- топқа:  Кестені толтырыңдар.

Кенді пайдалы қазбалар

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Жанғыш пайдалы қазбалар

ІІІ.  Жаңа сабақ.

1)  Кіріспе.
Н. Назарбаев: «Қазақстан өзінің табиғат байлықтарын тиімді пайдалану арқылы уақытша қиындықтарды жеңіп, қарқынды экономикалық даму сатысына көтерілуге қабілетті».

Елбасымыздың осы сөзі туралы ой қозғау, оқушылардың пікірлерін тыңдау.
–         Табиғат байлықтары  деген не?
–         Оны тиімді пайдалану дегенді қалай түсінесіңдер?
–         Экономикалық даму сатысына көтеретін кімдер?
–         Бүгінгі тақырыбымыз – біз еліміздегі ең басты байлықтың бірі –«Пайдалы қазбалар». Бұл тақырыпты меңгеру үшін алдымызға мынадай міндеттер қоюымыз  керек:  іздеймін және табамын;  ойланамын және біліп аламын.

Бүгінгі тақырыпты оқулық, энциклопедия  және қосымша мәліметтер, карталар көмегімен өзіміз іздеп, тауып, ойланып, біліп алуымыз керек.

2)  Тапсырмалар беру. Ой бөлісу
«Экологтарға»:

Сабақтың толықт нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

2 комментария

  1. Жанерке

    өте қызықты сабақ, рахмет.

  2. Жанерке

    өте қызықты сабақ, рахмет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.