7-сыныптар. Информатика жұлдыздары (СТС).

Имандосова Айнура Ақтөбе облысы, Ембі қаласы, №7 орта  мектеп

СЫНЫПТАН  ТЫС  САБАҚ
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру барысында, сабақтан тыс атқарылатын іс-шаралардың маңызы зор. Ол оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруда, ізденуге, қосымша әдебиетпен жұмыс істеуге зор мүмкіндік туғызады.
            Құрметті көрермендер!
            Сіздер бүгін копьютер жайлаған сарайға  келіп отырсыздар. Бұл сарайда  микросхемамен жұмыс жасайтын адамдар тұрады екен (сол кезде сахнада қала тұрғандары көріне бастайды), олар шығып жатқанда:
                        Әлемнің түпкір жерінде
                        Асқар тау, бұйрат белінде
                        Кибернетика елі тұрыпты
                        Жамандықты білмепті
                        Білімге қолын сермепті
                        Еңбекшіл халық, ер халық
                        Көз тастап міне қаралық
                        Электронды сарайда
                        Өзіне тән жаңалық

            Бірақ, байқайсыңдар ма, балалар, қала бір түрлі қараңғы, көмескі қалыпта.
            -Кәне, оның себебін түсінуге тырысайықшы?
            -Біздің электронды сарайымызға «Вирус» атты қатыгез жау еніп алып, барлық құрылғыларымызды, программаларымызды істен шығаруда. Бізге көмектесер кімдер бар екен?

            Мұғалім: – Балалар, сарайды  Вирустан құтқару үшін 7-сыныптардан құралған  командалар келіп отыр, олар өз білімдерін ортаға салып, Вирусты жойып жіберуге келіпті.

            Компьютер бұл техниканың төресі
            Оза алмайды жарыста тар өрісі
            Алға озар ең мықтысы осы жолы
            Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
            Сұраймыз жұрт алдында шығуларын
            Болсын дейміз жарысымыз жемісті
            Озып шықсын кім білімді, кім мықты
            Әділ қазы алқасына жүгінсек
            Берер дейміз әділдікпен жеңісті

            Жарыс барысы:
strong>Мұғалім:
            Вирус электронды сарайдың ішіне орналасып алыпты. Ал сарайға жету үшін алдымен «Адасқан әріптер» атты кедергіден  өтуі керек. Ал жолдағы кедергілерде мынадай тапсырмалар бар.
            Әріптердің орнын ауыстырып, информатикаға байланысты сөз табу керек.

7А 7Б

Пьюромтек-Компьютер

Нимотор-Монитор

Акитамрофни-Информатика

Деммо-Модем

Граммпора-Программа

Лайботик-Килобайт

Лайф-Файл

Енрепатқат-Пернетақта

            Мұғалім:

            Командалар кедергіден  өтіп, «Логика» атты құпия жолға түсті. Бұл жолда логикалық есептер жасырылған. Командалар құпия жолмен жүріп өту үшін осы есептерді шешуі қажет.       

  1. Есеп. Өзеннің жағасында қайығы бар шаруа, ал оның жанында қасқыр, ешкі және қырыққабат тұр. Шаруа өзі екінші жағалауға жүзіп өтуі және қасқырды, ешкі қырыққабатты сонда алып өтуі қажет. Алайда қайыққа, шаруадан басқа, не тек қана қасқыр, не тек қана ешкі, не тек қана қырыққабат сияды. Қасқырды ешкімен немесе ешкіні қырыққабатпен қараусыз қалдыруға болмайды,  өйткені қасқыр ешкіні, ал ешкі қырыққабатты жеп қоюы мүмкін. Мұндай жағжайда шаруа не істеу керек. 
  2. Тортилла тасбақасы Пілге алтын кілтті берді. Ол бірақ жай берген жоқ, оған үш қорап берді: қызыл, сары және жасыл.Және ол қорапқа жазып қойған. Қызыл қораптың сыртына «Бұл жерде алтын кілт бар» деп, ал сары қорапқа «Жасыл қорап бос», жасыл қорапқа «Бұл жерде жылан» бар деп жазып қойған. Бұл жазбалардың бәріде дұрыс емес. Сонда алтын кілт қай жерде?

Мұғалім:

Командалар құпия жолмен жүріп өтіп, «Ребус» тауларына келіп тоқтады. Таулардан өту үшін командалар ондағы           ребустарды шешуі керек.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен (сж+прз+флч) бірге көшіріп алыңыз.—>  Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен (сж+прз+флч) бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.