И-7. Ақпаратты енгізу манипуляторы. Маус және пернетақтаның қызметтері.

Алмати  облысы, Райымбек  ауданы «Сарыжаз орта  мектебі  мектепке дейінгі шағын  орталығымен» мемлекеттік  мекемесі Информатика  пәнінің мұғалімі Дүйсембаева  Лаура

Сабақтың тақырыбы: 
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ақпаратты енгізу манипуляторымен маус пен пернетақтаның  жұмысының ерекшеліктерімен таныстыру;
Дамытушылық: пернетақтада  жұмыс  жасау  арқылы пернелер  қызметімен танысуды дамыту.  Оқушылардың компьютерлік білімдерін көтеру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулық,карточкалар,плакат, интерактивті тақта

Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Білімді тексеру кезеңі
  4. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  5. Практикалық кезең
  6. Жаңа сабақтын түсінігін текскру кезеңі
  7. Сабақты бекіту
  8. Үйге тапсырма

Үй  тапсырмасын  тексеру  сұрақтары .

  1. Компьютер дегеніміз не?
  2. Информатика дегеніміз не?
  3. Алғашқы есептеуіш машинасын құрастырған кім?
  4. Жүйелік блок дегеніміз не?
  5. Кодтау деген не?
  6. Процесор дегеніміз не?
  7. Компьютердің негезгі құрылғыларына нелер жатады?
  8. Монитор дегенимиз не?
  9. Жедел жад дегеніміз не?

Жаңа сабақ:

АҚПАРАТ ЕНГІЗУ МАНИПУЛЯТОРЛАРЫ.
МАУСПЕН ПЕРНЕТАҚТАНЫҢ ҚЫЗЫМЕТІ.

Қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу қүрылғысы — “Маус” манипуляторымен жабдықталған.

Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі олі — сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы жөне кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы. Қазіргі кезде екі батырмалы маус жиі пайдаланылады, себебі ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.

Маус қорабының ішінде ауыр резеңкемен қапталған металдан жасалған ауыр шар орналасқан. Ол қораптың сыртына аз ғана шығып, кілемше бетіне тиіп түрады. Маусты арнайы кілемше бетінде (үстел бетінде) жылжытқанда, шар айналады. Оның айналуы өзара перпендикуляр айналатын екі білікті айналдырады да, ол компьютерге “оңға-солға” және “жоғары-төмен” жылжыту сигналдарын береді. Алынған сигналдарды компьютер өңдейді, нәтижесінде маус нұсқағышының экрандағы орны өзгереді, яғни маус нұсқағышы экранда жылжиды.

Егер маус жылжитын бет өте тайғанақ болса, онда шар дөңгелемей сырғиды, сондықтан арнайы резеңке кілемше пайд ал анылады.

Маус – бул манипуляторлык, типті енгізу құрылғысы, оның тегіс кілемше бетінде жылжуы экранда бейнеленеді. Меңзерді экранда жылжытуга (қозгалтуға) және обьектілерді басқаруға арналған. Трекбол — бул маустың функцияларын орындайтын және портативті компьютерлерде қолданшатын құрылғы. Джойстик(терте) – кішкене рычагты манипуяятор, oл экрандагы жылжитын объектілерді басқару үшін

Қолданылатын енгізу құрылғысы.

Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез-келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің 101-105 перне болады.

Пернетақтаның негізгі блоктары:

  1. Функционалдық пернелер (F1-F12) – күрделі операцияларды орындауға арналған, символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F(F1,F2…..F12) әрпімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атұарады. Мысалы: Бейсик тілінде F1…. F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады.
  2. Цифрлық пернелер –цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады. «NumLock» пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режімін ауыстырып қосады.
  3. Символдық пернелер-алфавиттi   цифрлық  ақпаратты  енгiзуге  арналған.  Символ  пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернетақтаның   көмегімен кез-келген алфавитті, цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.
  4. Орнату пернелері меңзерді экран бойы жылжытуға арналған. Меңзер дегеніміз – экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол  симводық перне басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелка) салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Сымсыз пернетақта                         60-жылдардағы пернетақта

Қытыйдың пернетақтасы                      біз пайдаланатын пернетақта

Жақын күнде жарыққа шығатын пернетақта

Осы бөліктерден басқа пернетақтада  тағы бірнеше арнайы пернелер бар. Олардың негізгілеріне тоқталсақ:

  1. Enter немесе енгізу пернесі – мәтінмен жұмыс істеу кезінде жолды енгізуді аяқтауға арналған, нысандармен жұмыс істеу кезінде тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шерткенмен бірдей қызмет атқарады.
  2. Бос орын (пробел) – пернесі, ол пернетақтаның төмен жағындағы еш жазуы жоқ бұл перне сөздер арасында бос орын қалдыру үшін қолданылады.
  3.              Немесе «Backpase» пернесі. Бұл перне алдыңғы символды өшіреді.
  4. «Delete» пернесі. Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. (символ машина жадынан өшіреді)
  5. «CapsLosk» пернесі. Бұл пернені бір рет басса, бас (үлкен) әріптер енгізіледі, тағы бір рет басса,қайта кіші әріптер енгізіледі.
  6. «Shift» пернесі. Бұл кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады.

Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады.  Ол үшін екі: Ctrl, Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орын алфавитіне ауыстыру үшін, Alt+Shift пернелерін қатар басады,яғни алдымен Alt пернесін басып тұрып, содан кейін  Shift пернесін басады да, олардың екеуін де босатады.

Практикалық бөлім:
Оқушыларды 2 топқа бөліп.
1-топ қыздар тобы «Маус» тобы
2-топ ұлдар тобы «Пернетақта» тобы

1.Қарлы- кесек ойынының бір элементін пайдаланайық: 2 топ бір-біріне жаңа сабақ бойынша сұрақ қою. Төрт сұрақтан.
2.Комьютерге 2 топ оқушыларын отырғызып карточка арқылы жұмыс істеу:

А) Paint стандартты бағдарламасында қүз мезгілінің суретін салу
Б) MS.Word  бағдарламасында білім туралы мақал-мәтел жазу:

1. Білім- арзан, білу –қымбат. (Т.Ізтілеуов)
2. Білімнен қымбат нәрсе жоқ,
Көңілден жатса баспай тот  (Н.Байғанин)
3. Оқу-қазына,еңбек-оның кілті  (П.Буаст)

3.Калькулятормен есеп шығару:
1)175+2750-390=                2)550*20-1000=                      3)300/5+240=

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Қандай ақпаратты енгізу манипляторлары бар? Олардың айырмашылығы қандай?
  • Маустың  қандай түрлері бар?
  • Олардың айырмашылықтары қандай?
  • Пернетақта қанша бөліктен тұрады?
  • Олардың түрлерін ата бер.

Сабақты қорытындылау
1.«Сөзжұмбақ» шешу

А
Қ
П
А
Р
А
Т

1.Ақпараттық процессті  зерттейтін ғылым
2. Ақпарат түрі
3.Комьютер экранына  ақпарат шығарады
4. Енгізу құрылғысы
5.Комьютердің миы
6. Қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығару құрылғысы
7. Әріп, цифр пернелерден тұрады

2. «Ребус» шешу
1.                                  ,,,,                     ,,,,                      ,,,,
                                  ,, 
(МАУС)

2.   ,,                     ,,              ,,

,,,                    ,,,,                 ,,,

(ПЕРНЕТАҚТА)

Қай топ жеңгенін анықтап мадақтау

Оқушыларды бағалау
 ҮЙ  ТАПСЫРМА: оқулықтағы 2.2. тақырыпты оқу, сөзжұмбақ  дайындау.

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.