Кембридж тәсілдерін сабақ барысына енгізу

Баймурзина Гулден Кадирбаевна Ақтөбе обл, Шалқар қаласы № 5орта мектептің  география пәні мұғалімі.

Ғылым мен еңбек, қиял мен творчества тоғысқанда таланттың дамуына мүмкіндік өлшеусіз мол болады”        А.Петровский

     Бағдарламаның негізгі міндеті – мұғалімдерге педагогикалық тәжірбиесін жетілдіру мен бағалауға бағыттау.Cондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесінде қарастырылуы тиіс.

Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да,мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да,мұғалім оқушының өз белсенділігін  туғыза алмаса, берген білім,күткен нәтиже бермейді.Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып,оның еркіндігін,белсенділігін қалыптастыру,өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Міне, сондықтан  Кембридж тәсілдерін сабақта қолданудың  маңызы зор.Ол өзіндік жеті модульден тұрды:

1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
2) Сыни тұрғыдан ойлау;
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;
4) Білім берудегі АКТ пайдалану;
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық

Ұйымдастыруда алғашқы қадам  оқушыларды топқа бейімдей отырып, сыныпта психологиялық атмосфераны қалыптастыру бағытында болуы керек. Сондықтаноқушыларды топқа бейімдеу үшін түрлі психологиялық тренингтер өткізіп,  сабаққа қатысты топтастыру жүргізуге болады.

Екінші қадамым бағдарламаның жетекші жеті модулін сабақтар топтамасына енгізу бағытында орын алды.Бар модулді бір сабаққа кірістіру мүмкін емес,сондықтан бір сабақта кемінде үш-төртеуін кірістіруге тырысамын.

Білім  беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер Бұл балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. .Біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқытуды» басты назарға аламыз.Оның негізінде оқушылар мен мұғалім арасында өзіндік ой-пікірді жүйелеу амалы қарастырылады.

 Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану оқытудың әртүрлі формаларын қолдана отырып,оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге,өз ойларын анық жеткізуге,өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді,ізденіске баулып,естіп,көріп,білгенін түйіндеп,пайдалана білуге үйретуді көздейді.

Әруақытта сабақта оқушылардың сыни ойлауын дамыту мен сындарлы көзқарасын қалыптастыруды басшылыққа аламын. Сыни ойлауды дамыту  технологиясының  дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы– білімнің дайын күйінде берілмеуі.Нақты жағдайда «мынаны былай жасау керек» деп көрсетпей,оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету,жауапкершілігін арттыру. Осы тұрғыда оқушылардың арасынан дарынды оқушылар анықтала бастады.Дарынды оқушылар топта өзіндік пікірлерімен ғана емес,көшбасшылық қасиетімен таныла бастады.Олар топтық жұмыста белсенділік танытып,қасындағы серіктесіне бағыт беріп,кей жағдайда «үнсіз оқушылардың» ашылуына да көп көмегін тигізді.

  Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау –білім сапасының нәтижесі, яғни көрсеткіші.

Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін,мақсатқа жету өлшемдерін  түсіну не үшін керек екенін білу маңызды.Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін де қарастырады.  Мен өз тәжірибемде қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрін қолданамын.Әрине қалыптастырушы бағалаудың нақты түрлері жоқ,сондықтан қалай түрлендіремін десе де, ол – мұғалімнің өз шеберлігі.Алғашқы сабақтар топтамасынан-ақ мен оқушыларды бір-бірін  «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалауын ұсындым..Бұл бағалауды қолданғандағы менің ең негізгі мақсатым-өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау.Бұл-оқушылардың алға жылжуы үшін жасалатын алғашқы қадам.Сабақ барысында оқушылардың айтқан пікірі мен үшін құнды.Ал оның сондай құнды екендігін ұғындыру және қолдау көрсету мақсатында мен үш шапалақ тәсілін де тиімді қолдандым.Бұл – оқушыларды ынталандыратын бірден-бір тәсіл екендігіне көз жеткіздім.Оқушының жетістігін қолдау оның өзіңе деген сенімділігін арттыра түседі.Кері байланыс жасау – оқушының оқуын жақсарту үшін қажет нәрсе.Сондықтан әр сабағымда өтілген сабақ бойынша   оқушылардың не үйренгенін, оған қалай қол жеткізгенін,нені дамыту қажет екендігін,қандай сұрағы бар екенін стикерге  жазуын дағдыға айналдыруға тырыстым. ББҮ сызбасын оқушылардың толтыруын ұсындым.Осы арқылы олардың автор жөнінде не білетіндерін анықтай келе, білгісі келген нәрсесін бүгінгі сабақтан ала алды ма секілді нәрселерге баса назар аудардым.

Оқытуда АҚТ-ны пайдалану.Ол арқылы сабақты тиімді өткізуге болады.АҚТ туралы білім,оларды ақпаратты алу,бағалау,сақтау,өндіру,ұсыну,алмасу үшін қолдану және интернет желісінде бірлескен жұмысқа пайдалануға тиімді.

Талантты және дарынды балаларды оқыту    қазіргі білім талабына сай ерекше мәнмен қаралады.Олардың өздері де сабаққа ынталы келеді.Оқушылардың әрқайсысының өзіндік ерекше қасиеттері арқылы дараланып отырады.Біреулері ойын ашық  түрде жеткізе алса,екіншілері өлең арқылы ,суреттеу арқылы білдіріп отырады.

    Білім беру мен басқару және көшбасшылық  Бұл мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқытуды көбіне деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асырып отырамын. Бұл әдістің ерекшелігі-мұғалім бағыт беруші,ол оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеруіне жағдай жасайды.Ал оқушылар ізденуші,зерттеуші  ретінде  ақпарат мағынасын өз бетінше жете түсіне алады, өткен тақырыппен салыстыра  отырып, қорытынды жасай алады. Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни  тұрғыдан  қарап,өзіндік пікір айтуға,саналы шешім қабылдауға  бағытталады.

Жалпы қорыта айтқанда,аталған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз баланың танымдық белсенділігін арттыруға,өз бетінше білім алуға,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді,оқушылар оқудың қызықты  жеңіл өтетіндігін,ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін,білімнің тереңдігі,әрі  тиянақтылығы артатындығын баяндайды.Яғни,оқушы өз ой – пікірін ашық еркін айтады, ,бір-бірін тыңдауға үйренеді.  Сондықтан олар басқа пәндердің  де осындай оқыту формасымен оқытылса,тиімді болатындығын айтуға болады.

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.