Математикадан аукцион сабақ

ШҚО, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М.Әуезов тындағы орта мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі Аубакирова Айгүл Сайлаубекқызы

Пәні: Математика
Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару
Түрі: Аукцион сабақ
Типі : Білім,іскерлік дағдыны тексеру, бақылау.
Сыныбы: 6
Жаңа технология түрі: Есеп шығаруға негізделген технология
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, ізденіс жасау, есептеу,шығармашылық жұмыс
Аукционға түскен заттар: кітап-1, №1, №2 дәптерлер -5 , қаламсап-3,
сызғыш-3, қарындаш-3.
Көрнекілік,құрал-жабдықтар: карточкалар, оқулық
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1.Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді ықшамдауды,теңдеуді шешуді және есептің
шартына қарай бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді құра білу
2.Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
3. Есептер шығарту арқылы оқушылардың өздік ізденіс жасауын, шығармашылық
қабілеттерін дамыту.

І Ұйымдастыру
ІІ.Аукцион ойнату
1-ші Аукцион
«5»-тік баға – №1,2 дәптерлер ,қаламсап.
«4»-тік баға-сызғыш пен қарындаш
«3»-тік баға қаламсап
Үш қатардан бір оқушыдан шақырылады. Карточкада жазылған есепті үш оқушы тақтада қатар орындайды. Есепті дұрыс әрі жылдам орындаған оқушылар бағаланады және ұтысқа ие болады.
1- есеп
№ 1 карточка № 2 карточка № 3 карточка
3(2х-9) = 5(х-4) 4(х-9) = 3(х-8) 7(3-2х) = 15(1-х)

2-ші Аукцион
Аукцианға түскен кітапты сатып алу үшін, төмендегі тапсырманы орындау керек.
2-есеп / тапсырманы тез орындаған оқушы шығару жолын тақтада орындап түсіндіреді /
Алғашқыда екі кітап сөресіндегі кітаптар саны бірдей болды. 18 кітапты бірінші сөреден алып, екінші сөреге қойғанда, ондағы кітап саны бірінші сөредегі кітап санынан 3 есе артық болды. Алғашқыда кітап сөресінің әрқайсысында неше кітап болды?
3-Аукцион
Аукционға түсетін заттар: қарындаш-2, сызғыш-2, қаламсап.
3-есеп
Оқулықты пайдалану Вдеңгейіндегі №856 (1-3)

4-ші Аукцион
№1,2 дәптерлерді сатып алу үшін төменгі тапсырмаларды орындау керек
Теңдеуді шешіңдер:
1) 2х|х| = 6х 2) 3х|х|= -1,5|х| 3) х |х| = -3|х|

ІІІ .Сабақты қорытындылау: Сабаққа ынталы қатысқан оқушылардың білімдерін
бағалау

IV. Үйге тапсырма № 884 С

Check Also

mirashbostan000

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.