Модель типтері

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,  Күршім ауылы, № 5 Күршім орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Рахметолдина Жаннур Ризабековна
Модельдер тарауының толық нұсқасын және көрнекілігін көшіріп алыңыз!
Сабақтың тақырыбы: Модель типтері
Сабақтың мақсаты:
І. Білімділік: Модель типтері жайлы толық мағлұмат беру;
ІІ. Дамытушылық : Оқушылардың ой -өрісін, танымдылық дағдыларын арттыру, логикалық ойлауын дамыту;
ІІІ. Тәрбиелік : Оқушыларды жан –жақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: жұмыс дәптері, оқулық, слайд

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Кезекшінің мәліметін тыңдау.
3. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
v   Модель дегеніміз не?
v  Модельдің өмірдегі нақты объектіден немесе процесстен қандай айырмашылығы бар?
v  Модельдеу дегеніміз не?
v  Бір объектіге бірнеше модель құруға бола ма? Ол неге байланысты болады?
v  Модельдеудің прототипі не болуы мүмкін?
v  Әртүрлі объект, құбылыс, процестерді модельдеуге мысал келтіріңдер.

IIІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі:

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:

  1. Қолдану аймағы;
  2. Модельде уақыт факторын ескеру;
  3. Білім саласына қарай топтау;
  4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.

Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірибелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.

Оқу моделі – көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.

Тәжірибелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.

Ғылыми-техникалық модельдер – процесстер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш – синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады.

Ойын модельдеріне – әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға  жаттықтырады. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.

Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірибе нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады.

Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып екі топқа жіктеледі.

Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.

Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.  Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланысы болып табылады.

Ақпараттық модельге вербальдік модель жатады. Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.

Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.
Математикалық модель – объект немесе процесстің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.
Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер т.б.
Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.
Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік және компьютерлік емес болып екіге бөлінеді.
Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен іске асатын модельдерді айтады.

Техникалық және программалық жасауы компьютерлік модельдеудің құралдары болып табылады.

Мысалы, компьютер әншінің дауысын әуеннің дыбыстық моделімен сәйкестендіру, геометриялық фигураларды графикалық редакторда модельдеу.

Қазіргі кезде компьютерлік таңбалық модельдерді құруға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор, формула редакторы, электронды кесте, ДББЖ, программалау орталары т.б. бар.

IV. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

  1. Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?
  2. Оқу модельдеріне мысал келтіріңдер.
  3. Материалдық модель дегеніміз не?
  4. Ақпараттық модель дегеніміз не?
  5. Көрсету түріне қарай ақпараттық модель қалай жіктеледі?
  6. Компьютерде модельдеу не үшін қажет?
  7. Компьютерлік модельге мысал келтіріңдер.

V.Қорытындылау кезеңі
VI. Бағалау кезеңі. Оқушылардың білімін бағалау
VII. Үйге тапсырма беру кезеңі. Оқу, мазмұндау. Компьютерлік модельдерге мысал жазу.

Модельдер тарауының толық нұсқасын және көрнекілігін көшіріп алыңыз!

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.