Тарих. Ұлы Отан соғысының басталуы (АС).

Атырау облысы Индер ауданы Есбол селосы Кулагино ұлттық гимназиясы Шмиров Бейбіт

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысының шығу себептерін түсіндіре отырып, шайқастағы Қазақстандықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері туралы мағлумат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге «ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, топпен, жеке оқушымен үлестірмелі перфокарталар пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі: Интернеттен алынған материалдар, Activote-тест құрылғылары, интерактивті тақтада көрсетілген слайдтар.
Пән аралық байланыс: тарих, география, әдебиет, математика, биология

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Оқушы білімін тексеру

Аламан бәйге:
«Соғыс» деген сөзді қалай түсінеміз?
Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды?
Ұлы Отан соғысы қай мемлекеттер арасында болды?
Ұлы Отан соғысы қай елдің жеңісімен аяқталды?
Ұлы Отан соғысының аяқталуына биыл неше жыл толады?
Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды білеміз?
Өз ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер деп кімдерді атар едік?

Жаңа сабақ.
Сабақтың жоспары:
1. Фашистік Германияның Кеңес еліне қарсы соғыс жоспары
2.  ҰОС-ы жылдарындағы тылдағы азаматтардың еңбегі
3. Сандар сыр шертеді.
4. ҰОС-ы  бастапқы жылдарында халқымызға рух берген ақын-жазушылар.

Тарих:
– 1930 жылдары халықаралық жағдайдың шиеленісуі ІІ дүние жүзілік соғысты жақындата түсті. Екінші дүние жүзілік соғысты бастаған Фашистік Германия болды. Германия өзін 1914-1918 жылдары аралығында 38 мемлекеттің қатысуымен болған І дүние жүзілік соғыста жеңілген, отарларды бөлісу кезінде өзін құр қалған мемлекет деп есептеді. Сонымен қатар өздерін «таза қанды ариилердің» ұрпағымыз деп дүние жүзіне өз биліктерін жүргізуді армандады. Осы армандарын жүзеге асыруға 1933 жылы Германияда Фашистік партияның сайлауында жеңіске жеткен Адольф Гитлер қол жеткізбек болды. Гитлерлік Германия өзінің агрессиялық соғысын 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жерін басып алудан бастады. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстың бастамасы еді. Германия кішігірім әлсіз мемлекеттерді басып ала отырып ең соңында ірі алып мемлекет Кеңес Одағын басып алуды жоспарлады. Бұл соғысқа 61 мемлекет қатысты. КСРО туралы мәлімет беру. Картадан көрсету 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында фашистік Германия әскері КСРО –ның батыс аймағынан Ленинградты қоршады. Кинохроника Германияның КСРО –ны басып алу жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол бойынша КСРО-ны алты, сегіз аптада жаулау алу жоспарланды. Бұл соғыс Германия тарапынан әділетсіз, агрессиялық соғыс болды. Кеңес елінің тарихында «Ұлы Отан» соғысы деп аталды. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстың аяғы болды.

Фашизм- дүние жүзіне үстемдік орнатуға тырысқан кертартпа топ, бірлестік.
Агрессия – мемлекеттің тәуелсіздігімен аумақтық біртұтастығын, егемендігін әскери күшпен бұзды.

-Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды. ( арсенал-күш-қуат, қару-жарақ қоймасы). Қарағанды шахтерлері 4 жыл ішінде 34 миллион көмір шығарды. Орал, Ембі мұнайлы аудандары май шығаруды 39 пайызға арттырды. Қазақстан жеріне Украина, Беларуссия, Ресей-дің 220 -зауыт, фабрикалары көшірілді. Қазақстан қорғасын өндіруден КСРО бойынша бірінші орынға шықты. Майданда атылған әрбір үшінші оқтың біреуі Қазақстанда шығарылды. Қазақстанның ауыл еңбеккерлері жауды жеңу үшін өздерінің отансүйгіштік парызын жан қиярлықпен атқарды. Ы.Жақаев күріштен, Ш.Берсиев тары өсіруден рекорд жасады. Ж.Қуанышбаев төл алудан жоғары көрсеткішке жетті. 1941-1945 жылдары майданға 5829 тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық-түлік жіберілді. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы азаматтардың еңбегі туралы кинохроникаға көз жүгіртейік.

– Қазақстаннан әр ұлт өкілдері Ұлы Отан соғысына қатысты. Ұлттар пайыз есебімен
Қазақ 50%
Орыс 37%
Басқа ұлт өкілдері 13%
Қазақ жерінен 1200000 адам соғысқа аттанды.
Ұлы Отан соғысында құрбан болған адам саны.
Жалпы әлем бойынша – 70000000
Фашистік Германия бойынша -10000000
Кеңестер одағы бойынша -270000000
Қазақстан бойынша –  400000
Тарихта 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы болып өтті.
КСРО бойынша Кеңес Одағының батыры-11600 адам
Соның ішінде Қазақстандықтар – 497 адам
қазақтар- 97 адам
Ең жас батыр Жәнібек Елеусізов 18 жаста болды.

Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады… біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік.
Б.Момышұлы
Ж.Жабаевтың “Ленинградтық өрендерім” өлеңін оқу.

Сабақты бекіту.
Ойлан тап.
1. Екінші дүние жүзілік соғыс қай жылы басталды?
2. Фашистік Германияның КСРО-ға соғыс жоспары қалай аталды?
3. Германияға Фашистік тәртіп орнатқан жетекші.
4. «Барбаросса» жоспары бойынша Кеңес Одағын неше уақытта басып алу жоспарланды Тапсырма: Бабалар ерлігі – ұрпаққа мұра

(Ұлы Отан соғысына қатысқан өз туысың, жерлесің не көршің туралы әңгіме жаз)

Ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарымыз туралы еске алу
( 1 минуттық үнсіздік) слайд
Тест
1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
А) 1939 ж. В) 1941 ж. С) 1938 ж. Д) 1940

2. КСРО-ның батыс өлкесінен Қазақстанға қанша зауыт, фабрика көшірілді?
А) 110 ; В) 250; С) 220; Д) 280.

3. Ұлы Отан соғысы жылдарында күріш өсіруден рекорд жасаған тыл еңбеккерін ата.
А) Ш.Берсиев; В) Ж.Қуанышбаев; С) Р.Елеубаев; Д) Ы.Жақаев

4. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстаннан неше адам армия қатарына алынды.
А) 1 млн 200 мың; В) 1млн 300 мың; С) 2 млн 200мың; Д) 1 млн 500 мың

5. Ұлы Отан соғысы жылдарында төл алудан жоғары көрсеткіш көрсеткен өз жерлесіміз кім?
А) Ш.Берсиев; В) Ж. Қуанышбаев; С) Р.Елеубаев; Д) Ы.Жақаев

6. Ұлы Отан соғысының батыры, әрі жазушы кім еді?
А) Б.Бұлқышев; В) Б.Момышұлы; С) Ж.Жабаев; Д) Т.Тоқтаров.

7. Ж. Жабаевтың өлеңін ата
А) Туған жер; В) Отан үшін шайқас; С) Бауырлар; Д) Ленинградтық өренім.

8. Қанша қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды?
А) 86 ; В) 97; С) 79; Д) 102.

Қорытынды: · Үйге тапсырма беру, бағалау. · Өз ата-әжеңнен Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің жағдайы туралы сұрап, әңгіме құрастыр.

Методикалық жұмыс: Тарих пәнін оқытьуда ақпараттық технологияны пайдалану (прз. көшіріп алыңыз). 

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.