Информатикадан мемлекеттік білім стандарттары

Толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Алғысөз
1 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 12-жылдық білім беру проблемалары Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ӘЗІРЛЕГЕН және ҰСЫНҒАН
2 ________________
_________________________________________________________________
БЕКІТІЛГЕН және ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
3 _______________________________________ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ
4 МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ 2.003.-2007 НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР. 2007ж. талаптары ескеріле отырып ӘЗІРЛЕНДІ
5 Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен КЕЛІСІЛГЕН_____________________________
ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША
МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
Орта білім
ҚР МЖБС 2.003.1 – 2007
Ресми басылым
АСТАНА – 2007
4.2 Информатика
4.2.1 Жалпы ереже

«Информатика» пәні бойынша стандарт «ҚР Білім туралы Заңы» және ҚР жалпы орта білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша жасалды. Ол 12 жылдық оқу үлгісіне көшуге байланысты информатика бойынша білім саласында біріккен мемлекеттік саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.
Информатика құрылымды оқытады және информацияның жалпы қасиеттері шынайы әлемнің маңызды құрамы сияқты болып табылады. Сонымен қатар информатика – бұл, компьютерлік желілердің көмегімен ерекшеленіп, информацияларды жіберу, сақтау, өзгерту және қолданумен байланысты қызметтің дамыған, ғылымиланған саласы.
Информатика қоршаған ортаны тануда жүйелік-информациялық амалды жүзеге асыратын ғылыми мағлұматтың табиғат пен қоғамдағы информациялық процестер жөніндегі маңызды саласының бірі бола бастады.

«Информатика» пәні оқушыда әлемнің информациялық бейнесі, сонымен қатар қызметтің өзекті тәсілдері жинақталған ғылыми мағлұматтар жүйесінің құрылымдалуына мүмкіндік бере отырып, жалпы білім беру қызметін орындайды. Білім саласының тәрбиелік қызметі оқушыда информациялық қоғам жағдайында сәйкес қызметтер мен тәртіптер тәсілдерін құруда, адамгершілік, гуманистік принциптерге негізделген этикалық түсініктердің, көзқарастар мен сенімдердің жасалуынан тұрады.
Информатика орасан даму күшіне ие. Ол оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ойлаудың операциялық-алгоритмдік және мазмұндық –логикалық түрлерінің құрылуына мүмкіндік беретін, негізгі пәндердің бірі болып табылады.
«Информатика» оқушыда білім, икемділік және дағды жиынтығын қалыптастыра отырып, компьютерді оқу құралы ретінде кеңінен пайдалануды қамтамасыз ететін қызмет ету функциясын атқарады.
Информациялық құрауыштар болашақта қызметтің қай саласында жұмыс істеу керек болса да басты технологиялық дайындық ретінде санала бастады. Бұл информатиканы өмір мен қоғам сұраныстарына жақындататын қазіргі заманғы мектеп жасайтын, мектеп дайындығының аздаған инновациялық және қажетті пәндерінің бірі етеді. Бұдан басқа, информатика пәні информатика сабақтарында пәндер мағлұматтарын өңдеу негізінде әр түрлі мектеп пәндерін біріктіруші басты тәжірибенің шынайы зертханасы, оқытуды ұйымдастыру түрлері мен тәсілдерінің жаңашылдығы болып табылады.

«Информатика» пәнін оқыту мақсаттары

• оқушыға информациялық процестер туралы мағлұматтар негізі және олардың әлемнің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін құрылымдаудағы рөлінің түсінікті және берік меңгерілуін қамтамасыз ету;
• қазіргі заманғы қоғам дамуындағы информациялық технологиялар және компьютерлік техникалардың маңызы және рөлі жөніндегі түсініктерді құрау;
• оқушыға компьютерді өзінің оқуында, содан кейін кәсіптік қызметінде саналы және ұтымды пайдалануға дағдыландыру.
Оқушының психололгиялық-жас шамасы ерекшеліктерінен шыға отырып, «Информатиканың» пәндік саладағы міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін, Мемлекеттік стандарт информатиканы оқытудың бірнеше кезеңдерін ерекшелеп көрсетеді: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінде жүзеге асырылатын бастапқы (пропедевтикалық), базалық және бағыттық (кәсіпалды).

Бастапқы кезеңнің мақсаты – төменгі сынып оқушыларының ойлау мен көңіл бөлудің неғұрлым маңызды құрамдарын дамыту, оқу іс-әрекетінде информатиканы оқу мен жаңа информациялық технологияларды қолдануға дайындау.
• жаңа информациялық технологияларды қолдануда психологиялық (тұлғалық-уәждік, зияткерлік, операциялық) дайындықтарды қалыптастыру;
• жинақтау мүмкіндігі, түйсіну, икемділік, беріктік және дербестік сияқты ойлаудың неғұрлым маңызды құрамдарына жағдай жасау;
• алғашқы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
• іс-әрекет құрылымдарын құрастыра білуді және бұл үшін мағлұматтар жасауды қалыптастыру;
• қабылдау, еске сақтау, шығармашылық елестердің дамуына жағдай жасау;
• информатикамен тығыз байланысты білім саласында оқушының ой-өрісін кеңейту;
• компьютермен жұмыс істеу элементтерін үйрету, балада компьютердің мүмкіндіктерін игеруде сенімділік сезімінің дамуына жағдай туғызу;
• компьютерге және информациялық жүйелерге адамгершілік-жауапкершілік қарым-қатынас жасауға тәрбиелу.
жағдай жасау.

4.2.2 «Информатика» пәні бойынша жоспарланған оқыту нәтижелері

Толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.