Қазақ тілі 5 сынып. Мақал-мәтелдер.

Актобе облысы Шалкар ауданы Монке би ауылы М.Тәжин атындағы орта мектебі Адетова.Б. Д.

Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі:мақал-мәтелдер жөнінде ұғым беру,мақал мен мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.
ә)дамытушылығы:мақал-мәтелдерді орынды қолдана білуге түрлі тапсырмалар арқылы шыңдау және дамыту.
б)тәрбиелілігі:мақал-мәтелдер адамды жамандықтан сақтайтын,тәрбиелейтін,ақыл-өсиет беретін халық даналығы екендігін оқушыларға ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ .
Сабақтың типі:   Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі:Оқыту,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі:Кітаптар,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. (Оқушылардың ынтасын,көңілін сабаққа аудару)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.Тұрақты тіркес. «Менің досым»тақырыбына мінездеме жазу.Мәтінде тұрақты тіркестер болуы керек.
1.Тұрақты тіркес дегеніміз не?
2.Еркін тіркес дегеніміз не?
3.Тұрақты тіркестің ерекшелігі неде?

ІІІ.Жаңа сабақ. «Мақал-мәтел»

Мақал –мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты,әр сөзінің орны тұрақты,өзгертуге келмейді.Мақал-мәтелді халық ежелден бағалай білген. «Мақал-сөздің мәйегі»деп қадір тұтқан.

Мәтел астарлы түрде келеді.Ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді.

«Керек сөздерді тап» ойыны.
1. Білгенге …       , білмеске … .
2. Өтірік  …     өрге баспас.
3. Сөз …      өтеді, таяқ  …     өтеді.
4. Ел үмітін …  ақтар.
5. Денсаулық – зор …   .
6. Жігітті …   қарап таны.
7. Тоқсан …   сөздің тобықтай түйіні.

Мына мақалдардың жалғасын тап.
1.Тіл тас жарады, …  …  … .
2.Кісі елінде сұлтан болғанша, …  …  … .
3.Өнер алды – … … … .
4.Талапты ерге …  … … .
5.Бірлік болмай, …  … … .

Сергіту сәті.  Мына суреттерге қарап қандай мақал-мәтел айтуға болады?

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.