Ж. Жабаевтың «Өтеген батыр» дастанының тәрбиелік мәні

Атырау облысы Индер ауданы Есбол селосы Кулагино орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ІІ санатты мұғалімі Жалмұқашева Гаухар Жеңісқызы

Мақсаты:

А)  білімділік: Ж.Жабаевтың шығармашылығынан алған  білімдерін жинақтау, «Өтеген батыр» дастанындағы Өтеген бейнесін талдау, шығарманың тәрбиелік мәнін ашу.

В) дамытушылық: оқушылардың  ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу; өзіндік ізденіске дағдыландыру

С) тәрбиелік:  отансүйгіштікке, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу, өз ойын еркін еркін айта білуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға баулу

Сабақтың түрі:   дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың әдістері: талдау, болжау, ой-шақыру, топтастыру, баяндау, тест

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1/ сыныпты түгелдеу;

2/ оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1.Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру.

2. «Өтеген батыр» дастанының мазмұнын айту.

3. «Еркін жауап» әдісі бойынша оқушылар ізденісі.

/батырлық, отансүйгіштік туралы мақал- мәтелдер жазып келу, Өтеген туралы қосымша мәлімет жинау/

ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.

–         Батырдың арманы не еді?

–         Батыр неге ренжіді, неге қапаланды?

–         Халық мал жайылымына неге ерекше мән берген?

IV. Бекіту сабағына көшу.

Оқушыларға болжау картасын таратамын.

1-    карта

Тау етегінде, қақаған боранды күні мен туыппын. Маған сол көне таудың есімі қойылыпты. Бұл 1846 жылдың ақпан айы екен. Менің әкем – Жапа, шешем Ұлпан көшпелі кедей болған. Туған жеріміз құлазыған кең жазықты дала еді. Сондықтан мен балалық шағымда егісті де, бақты да арықты да көрмедім. Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Менің ағам / әкемнің інісі/ белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тартуға әуес болдым, он екі жасымда одан домбыра үйрендім. Домбыра қолыма тигенде, бүкіл жан-жүйем елжірегендей болатын. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салған мені қатты қызықтырды.

Оқып, тірек сөздерді жаз.

Боранды күні  туылған, 1846 жылы, ақпан айы, әкесі Жапа, шешесі Ұлдан, домбыра тартып, ән салған.

2-карта

Жастайынан өлеңді қолма –қол жанынан суырып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйсінген атақты Сүйінбай оған ақ батасын берген. «Өлең сөздің даңғылы» атанған ол ақындар айтысында бірде-бір жеңіліп көрмеген, дара жүйрік болған. Қазақ жерін, қазақ елін жырға қосқан. Оның өлең- жырлары кең тараған.

Оқып, тірек сөздерді жаз.

Өлеңді суырып айтқан, Сүйінбай ақын бата берген, айтыста жеңіліп көрмеген.

3-карта.

Ғасырға жуық ұзақ ғұмырында екі дәуірді көптеген әлеуметттік дүмпулердің куәсі болды. Ол өмірді ауыртпалығымен мен тіршілік қуаныштарын бір кісідей бастан кешірді. Кедеймін деп мойыған жоқ, болдым-толдым деп тасыған жоқ. Жағымпаздық пен өтіріктің құнын білген ақын ешқашан байлыққа басын иіп көрген емес. Басқаның қасіретін терең қабылдап, зұлымдықпен аяусыз күресті. Ақындар айтысында оған ешкім тең келе алған жоқ. Ақынның домбырасы – Жетісудың жан- жүрегі мен айдай ақиқаты. Ол өзінің достары мен туыстарының қазасын көрді, соғыс қасіреті жүрегін тілгіледі. Тек алмастай айбарлы сөз ғана онымен өмір көшінің соңына дейін бірге болды.

Оқып, тірек сөздерді жаз.

Кедеймін деп мойыған жоқ, байлыққа бас имеген, соғыс қасіреті жүрегін тілгіледі.

Ой шақыру

Бұл кім деп ойлайсыңдар?

Шығарманың жоспарын құру.

1.Еліне жайлы қоныс іздеп сапарға шыққан Өтеген батыр.

2. Өтеген батыр Жиделібайсын жерінде.

3.Еліне оралған батыр.

4.Елін Жиделібайсын жеріне көшуге үгіттеген Өтеген.

5.Халықтың қарсылығы.

6. Өтегеннің реніші.

Жиделібайсын жері туралы мағлұмат беру.

Ақмешіт қаласының іргетасы Сырдың жағасындағы «Қамысты қаладан» басталған. Ықылым замандарға көз жіберсек, Жиделібайсын жері – осы жер.

«Бес  жолды өлең» әдісін пайдалана отырып, батыр бейнесін ашу.

  1. Батыр.
  2. Айлалы, қайратты.
  3. Қорғайды, жеңеді, аттанады.
  4. Біз батырларды құрметтеуіміз керек.
  5. Ер.

«Топтастыру» стратегиясын пайдалана отырып, Өтегенге мінездеме беру.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.