Дөңгелек үстел. «Діні қуатты елдің – іргесі берік».

Атырау облысы Индер ауданы Есбол селосы Кулагино орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ІІ санатты мұғалімі Жалмұқашева Гаухар Жеңісқызы

Мақсаты:  имандылық тәрбиесін беру  арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу; оқушылардың діни сауатын ашу;

Көрнекілігі:  слайдтар,  «Діннен адастырар теріс ағымдар» фильмі т.б.

Барысы:

Кіріспе сөзі:

Бала өмірге келген соң, періште, пәк жасына дейін ата-анасының мейіріміне бөленіп өседі. Қыздың бой жетуіне, ұлдың азамат болуына көңіл бөлінеді. Табиғаттарына тән кәсіпті, мамандықты үйренуіне, игеруіне көмектеседі, өмірдің қиындығын білуге баулиды. Қыздың жанұя құруына, ұлдың ата-анасына, іні-қарындасына, туыстарына, еліне, халқына қамқоршы болуға баулып, тәрбиелейді. Халық «Баланы бастан» деп бекер айтпаған, түрлі отырыстарда, бас қосуларда сіңірген еңбегін, мінез-құлқын өнеге етіп отырған. Әңгіме, сөздерінің арасында жаманнан жирендіріп, жақсыға жақындатып отырған.

Дін – аса нәзік. Сондықтан оған барынша байыппен қарап, салмақты да, салауатты, бір-бірінен алыстататын емес, керісінше жақындататын өзара түсіністік пен құрмет тұту сезімінде болуға үндейді. Барлық уақытта баршамыздан осыны талап етеді.

Халық діни нанымдарына қарай да жіктеледі, бұл халықтың діни құрамы деп аталады. Оны анықтауда Жер шары халқының барлығы бірдей қамтылмайды, өйткені адамзаттың, шамамен 25-30 пайызының діни ұстанымы жоқ. Дүние жүзіндегі діндердің таралуы жайлы мәліметтерге сүйенсек, христиан дінінен соң келе жатқан ислам діні екенін көреміз. Яғни, бүгінгі әңгімеміздің негізгі тақырыбы осы ислам дінінің төңірегінде болмақ.

Міне, осындай мақсат бойынша 8-11-сынып оқушылары мен ата-аналар арасында өткізілгелі отырған дөңгелек үстелге қатынасып отырған қонағымызбен таныстырып өтелік:

  1. Ауыл имамы – Жалмуханов Марат Әбутайырұлы
  2. Мектеп директоры – Канатов Руслан Бағытұлы
  3. Тарих пәнінің мұғалімі – Балықбаева Алма Наурызқызы
  4. Дінтану пәнінің мұғалімі – Боранғалиева Айсәуле Салыққыз
  5. Мектеп психологі – Досқалиева Гүлден Бекбергенқызы
  6. Әкелер қоғамдық кеңесінің төрағасы- Досжан Тұрлан Ахметұ

Ислам салыстырмалы түрде жаңа дін болса да, барлық дерлік дүние бөлігіне таралған:д.ж. 120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар. Енді осы дін жайына тоқталайық.

1. «Ислам » сөзі араб тілінде «бейбітшілік», «тыныштық» сөзімен түбірлес.

2. Аллаһ бұл дінді адамдарға ақиқат, тыныштық, игілік, жарылқану жолын көрсету үшін жіберген.

3. Ислам – бейбітшілік пен береке-бірлік діні.

4. Аллаһ қасиетті Құранда мұсылмандарға адамдарға жақсылық жасауға, әділ болуға әмір етеді.

«Діннен адастырар теріс ағымдар» фильмі жіберіледі. / Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы, «Тарлан – Атырау» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалы/

Мұсылман болу – ұлы игілік. Біз Аллаға осы игілігі үшін ризамыз. Алланың алдында бес парызымызды өтеуге тиіспіз.

– Ал сендер осы бес парыз туралы айтып өту үшін сөз кезегін ауылымыздың имамына сөз кезегі беріледі.

Мұсылманның бес парызы

Иман айту, Намаз, Зекет, Ораза, Қажылық

– Осылардыңәрқайсысынажеке-жеке тоқталып, таратып айтсаңыз.

Бүгінгі күні «Діни сенім бостандығы туралы» Заң өз күшінде. Сонымен қатар, жас қыздарымыздың хиджаб киюі туралы, дін жолында жүргендердің киім кию үлгісі жайлы пікір айту үшін сөз кезегі мектеп психологі Гүлден Бекбергенқызына беріледі.

Ғылым мен технология даудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптары бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.