1 қыркүйек –«Бiлiм күніне» арналған «Алғашқы қоңырау»салтанатты жиынның сценарийi

Атырау облысы Индер ауданы Есбол селосы Кулагино орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ІІ санатты мұғалімі Жалмұқашева Гаухар Жеңісқызы

Жүргiзушi: Қайырлы күн, құрметтi ұстаздар мен ата-аналар және  мектеп оқушылары!

Білім әлеміндегі  дәстүрлі мереке бастауы, баршамыздың асыға күтер салтанатымыз – 1 қыркүйек – «Білім күніне»  арналған Кулагино орта мектебінің «Алғашқы қоңырау» салтанатына қош келдіңіздер!

Бүгінгі мерекенің басты қонақтары енді ғана мектеп табалдырығын аттағалы тұрған кішкентай бүлдіршіндер.

Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген  алғашқы
Жас досым саған мың сәлем!
Балдырғандар келіңдер,
Білім үйін көріңдер.
Әріптерді таныңдар,
Бәрін жаттап алыңдар.

2012-2013 оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы тұрған —– бүлдiршiндерін және «Әрбір елдің келешегі- мектебіне байланысты»-деп ағартушы Мағжан Жұмабаев  айтқандай,  еліміздің болашағы мектебіміздің 11-сынып оқушыларын  ортаға шақырамыз.

1 “А” сыныбының бүлдiршiндерiн ортаға сынып жетекшiсi ———————– бастап келедi.
1 “Ә” сыныбының бүлдiршiндерін сынып жетекшiсi ———————– бастап келедi

Жиынға қатынасушылар! Түзеліп тік тұрыңдар! Егеменді Қазақ елінің Туына сап түзеңдер!

“Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк  Туы жиынға  енгiзiлсiн!”

ҚР мемлекеттік Туын енгізу рәсімі мектебіміздің

үздік оқушыларына тапсырылсын.

(Бұйрық берiлгеннен соң сапты қадаммен аяқ басқан ту ұстаушы топ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын енгiзедi.

Ту ұстаушы топ оқушылар қатары алдынан өткеннен кейiн, мектеп сап түзеуiнiң төрiне орналасады.)

/ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы енгiзiлгеннен кейiн iс-шараға қатысушылардың барлығы  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Гимнін орындайды./

Шарықтасын шат көңілдің алабы,
Шат жүрекке ақ тілектер қонады.
Дархандай кең біз қонақжай халықпыз
Әрқашанда төрде отырар қонағы

Бүгінгі салтанатты жиынымызға арнайы шақырылған қонақтармен таныстырып өтсек:
“ Алғашқы қоңырау” салтанатты жиынын  ашу үшін алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директорының міндетін атқарушы     ——————- берiледi.

Білім бәсекелестігінде  өз біліктілігімен танылған биылғы жылы біздің  мектебімізден ұстаздық жолын бастағалы тұрған жас мамандарды құрметпен қарсы алалық:
1.
2.
3.
(Ән және жас мамандарға гүл шоқтарын тапсыру)

Биыл 2012 жылдың 30 тамыз айында біздің Егеменді Қазақстан Республикамыздың «Ата-заңы Конституциясына» 17 жыл толды. Туған еліміздің тарихының ажырамас бөлігі, қазақтың кең байтақ еліне береке берген еліміздің асыл қазынасы болған заң Конституция екендігі екені сөзсіз. Сонымен қатар биылғы жыл – Қазақстан Республикасы мемлекеттік Рәміздерінің 20 жылдығымен ерекшеленеді.Конституция қабылдағалы біздің республикамыз өзін егеменді, зайрылы, құқықтық мемлекет ретінде жариялады. Оның айқын айғағы- спортшыларымыздың зор табысы.  Жазғы 31 Лондон олимпиадасында  ұл-қыздарымыз ұлт мақтанышына айналды. Үздік жиырмалықтың қатарына еніп, он екінші орынға қол жеткіздік. Бұрын-соңды қол жетпеген жетістік! Қоржында жеті алтын, бір күміс, бес қола бар қазақ елі төрткүл дүниені дүр сілкіндірді.  .

Жүргiзушi:
Келесіқұттықтау сөз кезегі ______________________________________________________
Келесі құттықтау сөз кезегі ______________________________________________________
Келесі құттықтау сөз кезегі ______________________________________________________
Келесі құттықтау сөз кезегі ______________________________________________________
Келесі құттықтау сөз кезегі ______________________________________________________

Балаларының жеке тұлға  ретінде қалыптасуына үнемі назар аударып, мектеппен байланыстарын үзбейтін, отбасы тәрбиесінде өзіндік тәжірибелері бар ата-аналар қауымы да ортамызда.

Келесі құттықтау сөз кезегі ______________________________________________________

Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жая төл мерекең қарсы алды.
Қуанышпен жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.

Келесі кезекті 1-сынып бүлдіршіндерінің лебізіне берелік.

Өрендер кетер, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.

Келесі құттықтау сөз кезегі 11-сынып оқушысы      ______________________________________________________________________________

/ән/
Мектебiмiздiң 11-сынып оқушыларының  1-сынып бүлдiршiндерiне “Әлiппе” оқулығын тапсыру рәсiмiне кезек бiр сәт берелiк.

Қоңырау, сыңғырла асыға,
Үн қосқан қиядан асуға,
Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,
Өрле сен, биік шың басына.

Алғашқы қоңырау соғу рәсімін тапсырамыз.

Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма.
Күлкідей әсем сылдырап,
Бөбекті жиды маңыма.
Білімнің гүлін ашылған,
Терумен оқып жүр екем.
Бақытқа бізді шақырған
Қоңырау дауысы жыр екен!

“Жиынға қатынасушылар! Түзеліп тік тұрыңдар! “Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк  Туы жиыннан шығарылсын!”

(-Бұйрық берiлгеннен соң сапты қадаммен аяқ басқан ту ұстаушы топ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын шығару рәсiмiн орындалады.)

Осымен жаңа  2012 -2013 оқу жылындағы “Алғашқы қоңырау” салтанаты аяқталды.Қоңырау сыңғырымен кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа оқу жылы басталды. Олай болса,егемен еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

«Білім күніне»  арналған алғашқы сабақтар әр сыныпта ел Рәміздерінің 20 жылдығына арналып өткізіледі.
2012-2013 оқу жылы сәтті болсын!

 

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.