Пішін. И-10 сынып жаратылыстану-математикалық бағыт.

Раушан Тохтиева.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ: Visual Basic бағдарламасының жүйесі,  оқулық, жұмыс дәптері
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушыларды Visual Basic-тің негізгі обьектісі – пішінмен таныстыру. Пішіннің қасиеттерімен, сипаттамасымен таныстыру. Өмірде қолдана білуге дағдыландыру.  Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
САБАҚТЫҢ ТИПІ: практикум элементтері бар, түсіндірмелі көрнекілікті.
БІЛІМ МЕН БІЛІКТІЛІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Оқушы білуі тиіс:
–  Visual Basic бағдарламасының жүйесін
–  Пішін обьектісін
–  Пішіннің қасиеттерін, сипаттамасын

Оқушылар үйренуі тиіс:
–  Visual Basic бағдарламасының жүйесінде жұмыс істеуді
–  Пішін обьектісінің терезесін қолдануды
– Пішіннің қасиеттерін, сипаттамасын

САБАҚ БАРЫСЫ

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Оқушыларды тексеру, журналмен жұмыс
  3. Үй жұмысын тексеру:
  1. Қасиет дегеніміз не?
  2. Оқиға дегеніміз не?
  3. Обьект дегеніміз не?
  4. Әдісті қолдану синтаксисі?
  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Пішін дегеніміз- әр түрлі басқару элементтері орналасатын қолданбаның болашақ терезесі. Жобада бір, бірнеше  пішін болуы мүмкін. Жаңа пішін жобаға Progect-Add Form  командасын таңдау арқылы қосылады. Сонда  New /жаңа/ және  Existin  /бұрыннан бар/ екі бетбелгісі ашылады. Біріншісінде бір түрдегі пішін құруға ұсынылады. Тұрақты жұмыс істейтін стандарттық пішін – бұл Fopm. Екінші бетбелгіде пішін сақталған файлды таңдауға болады. Файлды таңдаған соң Открыть батырмасын басу керек. Жобаға жаңа пішін қосылады.

Пішіннің қасиеттері:

  1. Name- пайдаланушы пішін атын қайтарады не орнатады
  2.  Caption- пішін тақырыбы жолында бейнеленетін мәтінді қайтарады не орнатады.
  3.  Appearance- кодты орындау кезеңінде пішін түрін қайтарады не орнатады
  4. Border Style- шекара түрін қайтарады не орнатады
  5.  Max Button, Min Button- оқуға ғана мүмкіндік беретін қасиеттер
  6.  Control Box – оқуға ғана мүмкіндік беретін логикалық  қасиет
  7.  Back Color, Fore Color- фон түсі мен пішін мәтінін қайтарады және орнатады
  8.  Icon – пішін терезесін барынша кішірейту кезінде бейнеленетін таңбашаны қайтарады не орнатады.
  9. Moveable- пайдаланушы пішінді жылжыта ала ма- соны анықтайтын логикалық қасиет
  10.  Window State- кодтың орындалуы кезінде пішін түрін қайтарады
  11.  Fill Color, Fill Styie – кескіннің толтыру түрін қайтарады не орнатады
  12.  Draw Width – сызық қалыңдығын қайтарады
  13. Drawstyle- сызық түрін қайтарады
  14.  Draw Mode- бір шаблонды басқасының үстінен жылжыту кезінде болғандарды береді.
  1. Жаңа тақырыпты бекіту
  1. Пішін дегеніміз не?

2. Пішіннің қасиеттерін ата?

  1. Дәптермен жұмыс: ережелерді жазу
  2. Практикалық жұмыс
  3. Оқушыларды тексеру, бағалау
  4. Үй жұмысы: берілген тақырыпты оқып келу

Check Also

Информатика 8. сыныптарға арналған Паскаль программалау тілі бойынша тест тапсырмалары

Татбенова Алтын Избановна Информатика пәні мұғалімі Атырау облыстық  Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған интернаттық  мекемесі …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.