Д/Ш. 11 сынып. Гимнастика

Шығыс Қазақстан облысы. Аякөз қалалық № 4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Дене шынықтыру пәні мұғалімі Игисинов Ержан Танирбергенович

Сабақтың мақсаты:

  1. Акробатикалық жаттығуларды жетілдіру.
  2. Асылу – тірелу жаттығуларын қайталау
  3. Тіреліп секіруді үйрету.

Өтетін орны: № 4 орта мектеп спортзалы

Қажетті құралдар: гимнастикалық төсеніштер, секіртпе, ағаш ат, қос – сырық, керме темір

Р/с

Мазмұны

Мөлшері

Әдістемелік құралдар

І Дайындық бөліміСапқа тұру, рапорт беру, сәлемдесу, сабақты хабарлау. Саптағы жаттығулар орнында, қозғалыста. Жүру жаттығулары: аяқтың ұшымен, өкшемен, ішкі –сыртқы қырымен, жартылай отырып, толығымен отырып. Жүгіру жаттығулары: оң – сол жақ жанымен, теріс қарап, тізені жоғары көтере, аяқты артқа, жанына, лақтыра, оң – сол аяқпен секіре тағы басқалар.

Жалпы дамыту жаттығулары жұптасып

І. Бастапқы қалып: қол ұстасып бір – біріне қарама – қарсы түрады.
1. Қолды екі жаны арқылы жоғары кқтеру, сол аяқты артқа ұстау
2. Бастапқы қалыпқа келу. Екінші аяқпенен де осылай жасау

ІІ. Бастапқы қалып. Қолдарын төмен ұстап, бір – біріне арқаларын беріп тұрады.
1. Сол аяғын ұшымен жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп солға еңкейеді.
2. бастапқы қалыпқа келу. Екінші жаққа да осылай жасау.

ІІІ. Бастапқы қалып. Бір – бірінің иықтарын ұстап, алға еңкейіп тұрады.
1. Алға қарай серіппелі түрде еңкею
2. Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасай, осылай істеу

IV.  Бастапқы қалып қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір – біріне арқаларын беріп тұрады.
1-2. Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю

  1. Бастапқы қалыпқа келу

4-5. Екінші аяқпен де осылай істеу

V. Бастапқы қалып қолдарын шынтақтан іліп алып, бір – біріне арқаларын тигізу
1. Жартылай отыру
2. бастапқы қалыпқа келу

VI. Бастапқы қалып. Серіктерінің иығына қолды салып, бір – біріне қарама – қарсы жандарында тұрады.
1-2.  Сол аяқты алдыға – артқа қарай сілтеу
3-4. Кері айналып тұрып оң аяқпен алдыға – артқа қарай сілтеу.
VII. Бастапқы қалып. Табандарын тіреп, аяқтарын алшақ қойып, бір біріне қарама қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады.
1. Біреуі алдыға еңкейсе, екіншісі шалқаяды.
2. Бастапқы қалыпқа келу
3. Екінші жаққа еңкейіп шалқаю
4. Бұл да сондай, сол қолмен ұстайды.

VIII. Бастапқы қалып. Табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарын ұстасып еденде қарама – қарсы отырады.
1. Сол аяқты жоғары көтеріп созып ұстайды.
2. Бастапқы қалыпқа келу
3 – 4 оң аяқпен де осылай жасау

ІХ. Бастапқы қалып. Аяқты алшақ ұстап, тіреліп жату. «Б» «А» – ның аяғынан өзінің белі деңгейінде ұстайды.
1-2.  «А» қолын бүгеді, «Б» жартылай отырады.
3-4. «А» мен «Б» ауысады.

Х. Бастапқы қалып. «А» тізерлеп отырып, сол қолын алда, оң қолын жоғары  ұстайды. «Б» оған қарама – қарсы оң аяғын алға салып тұрады.
1 -2 артқа қарай шалқаю
3 – 4 бастапқы қалыпқа келу

ХІ. Бастапқы қалып. Бір – біріне қарама – қарсы тұрып «Б» «А» аяғын ұстайды.
1- 3 оң аяқпен секірулер жасайды
4 – аяқтардың қалпын өзгерту. Екінші аяқпен де осылай жасау

12 минут
2 минут

 

 

2 минут

4-6 рет қайталау

5 – 7 рет

5 – 7 рет

6 -8 рет қайталау

10 – 15 рет

8 – 9 рет

5 – 6 рет

4 – 5 рет

8 – 10 рет

6 – 8 рет

 

3 – 4 рет

Саптағы тәртіп, түзулік
Қолды жоғары, иыққа, желкеге белге, тізеге қойып жүру
Еркін дем алу, нақты орындау

Осы жаттығуларды қарсылықпенен орындау

Қол бүгілмейді

Серіппелі түрде еңкею

Бір – бірірінің қолдарын ұстап

Жаттығуды толығымен отырып жасау

Аяқты сілтегенде тізе бүгілмейді

Оң және сол қолдарымен ұстасады

Аяқты жоғары созу

Бұл жаттығулар кезектесіп орындалады.

Оң қолымен сол қолын ұстайды

Аяқты белінің тұсында ұстайды

ІІ. Негізгі бөлім

1. Акробатикалық жаттығуларды жетілдіру.
Қыздарға: «колесо» жасап, жауырынға тұру,  аяқты бүгіп отырып, алға домалау, аяқтан тарта тіреліп отырып, жоғары секіріп түсу

Ұлдарға: «колесо» жасап қолдың көмегімен басқа тұрып немесе қолға тұрып, алдыға  домалап қолды жоғары көтере секіріп тұру.

2. Асылу – тірелу жаттығуларын қайталау.

Қыздар: жоғарғы сырықтан ұстап, төменгі сырықтан екі аяқпен итеріліп, жоғарғы сырықққа тіреліп тұру, алға айналып төменгі сырыққа арқамен жату, сол жағынан жамбасқа отырып, оң жаққа секіріп түсу

Ұлдар: Кермеге асылып тұрып,  серпіліп күшпен шығу, артқа айналып, доға жасап, артқа жанымен түсу.

3. Тіреліп секіруді үйрету.

Даярлық жаттығулары: әр түрлі қалыптан тереңдікке секіру, аттың шетіне тұрып, алдыға еңкейіп қолды қойып секіріп түсу.
Қыздар: қарқынмен жүгіріп келіп, көлдененң тұрған ағаш аттан көпір арқылы аяқты ашып немесе бір қолды тіреп жанымен түсу һ =110 см

Ұлдар: Биіктігі125 смағаш аттан ұзынынан жүгіріп келіп көпір арқылы секіріп, қолды аттың жоғарғы жағына қоя, аяқты алшақ ұстап біріктіре түсу

28 минут
8 минут

10 минут

10 минут

Дөңгелек жасағанда тізені бүкпей, түзу ұстау қажет

Тіреліп тұрғанда денені қиғашынан түзу ұстау, аяқтың ұшы жазыңқы болады. Түсерде аяқты сәл бүгу қажет.

Жаттығуларды нақты орындау

Көпірге қарқынмен, ептілікпен қимылдау

Көпірден секіргенде тізені  бүкпеу керек, түсерде сәл бүгеді.

ІІІ. Қорытынды бөлім
Спорттық құралдарды жинастырып, сапқа тұру, сабақты қорытындылау, журналға баға қою, үйге тапсырма беру
5 минут Саптағы тұрыс, саппенен сабақ орнынан жылжу

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.