Арифметикалық және геометриялық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысы тақырыбына есептер шығарту

Шығыс Қазақстан облысы. Аягөз ауданы. «К.Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі» Математика пән мұғалімі Чингоджаева Жазира Ғазизқызы

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты:Тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп,жинақтау, жүйелеу. Есептер шығарту арқылы білім, білік, дағды негіздерін қалыптастыру.

Ізденушілік, логикалық ойлау қабілеттерін, белсенділіктерін, шығармашылық  ойлау әрекеттерін, танымдылығын дамыту.

Ой еңбегіне баулу, өз бетімен жұмыс жасауға, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар бағалау парағы.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру. Сыныпты «Талапкер», «Зерделі», «Үміткер» деген үш топқа бөлу

1)      Нысана /сұрақ-жауап/

2)      Қорамсақ /формулалар/

3)      Жебе /есептер/

4)      Мерген/ деңгейлік тапсырмалар/

5)      Тапқан – тапқандікі

Көкпар- тарқандікі

6) Таразылау

1. Нысана

  1. Сан тізбегі дегеніміз не? Сан тізбегінің берілуінің қандай тәсілдерін білесіңдер?
  2. Қандай сандар тізбегін арифметикалық прогрессия деп атайды? Оның айырмасы деген не?
  1. Арифметикалық прогрессияның қасиеті, алғашқы п мүшесінің қосындысы.
  2. Геометриялық прогрессия деген қандай сандар тізбегі? Оның еселігі.

5.     Геометриялық прогрессияның қасиеті, алғашқы п мүшесінің қосындысы

2. Қорамсақ

Арифметикалық және геометриялық прогрессия формулаларын жазу.

3. Жебе.

1.Арифметикалық прогрессияның  а1=-2, d=3 болса, а6 тап.  Жауап:13

2. Арифметикалық прогрессияның  а1=-3, а2=-6 болса, а25 тап. Жауап: -75

3. Геометриялық прогрессияның  в1=-12, в2=24 болса, q тап.  Жауап :-2

4. Арифметикалық прогрессияның  а1=5, а6=15 болса, S6 тап. Жауап:60

5. Геометриялық прогрессияның в1=1, в2=6 болса, S3 тап. Жауап: 43

6. Геометриялық прогрессияның в1=5, q=2 болса, b5 тап. Жауап: 80

7. Геометриялық прогрессияның в1 =9, в4=72 болса, S4 тап.  Жауап: 135

8. Арифметикалық прогрессияның  а6=23, а11=48 болса, а1 тап.  Жауап: -2

4.  Мерген.

1. Геометриялық прогрессияның b1=-17, b2=51 болса  q тап.

2. Арифметикалық прогрессияның   a1=-3,  a2=-5 болса a25 тап.

3. Өспейтін кемімейтін тізбекке мысал келтір.

4.  Арифметикалық прогрессияның   a5=33,  a7=49 болса a6 тап.

5. Сандар тізбегінің аналитикалық тәсілмен берілуі  деп нені айтамыз?

6. Екі таңбалы натурал сандардың қосындысы неге тең?

7. Геометриялық прогрессиялар туралы аңыз ойын?

8.  -18, -14, -10 арифметикалық прогрессия берілген. Бірніші оң таңбалы мүшесінің нөмірін айтыңыз

5. Тапқан – тапқандікі, Көкпар –  тартқандікі.

  1. Прогрессия сөзі қай тілден енген, қандай мағынаны береді?
  2. Геометриялық прогрессияға мысал бола алатын ойын, ол кай  елде болған?
  3. “Бала кезінде 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын бірден тапқан неміс  математигі? Ол қосынды неге тең?
  4. Таразылау
    1.Уйге тапсырма:№229;
  5. №230
  6. Бағалар:
    «5» –
    «4»  –
    «3»  –

Автор жасаған қызықты презентацияларды көшіріп алыңыз:

1. Бәрі сандар туралы (көшіру).

2. Қызықты математика (көшіру).

Check Also

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.