Математикадан кластан тыс жұмыс: Тақырыбы: Әл-Фараби – екінші ұстаз

Шығыс Қазақстан облысы. Аягөз ауданы. «К.Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі» Математика пән мұғалімі Чингоджаева Жазира Ғазизқызы

Мақсаты:

Білімділік мақсаты: Әл-Фарабидің өмірімен, еңбектерімен таныстыру,  математиканың маңыздылығын көрсету арқылы оқушы бойындағы білуге деген талпыныс пен құмарлықты ояту, балалық қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түсу.

Дамытушылық мақсаты: Математикалық қабілетін, шығармашылық қасиеттерін, қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ұлы тұлғалар өмірін оқыта отырып,  халқының мәдениетін қадірлеуге үйрету.

Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, карта,  әр түрлі баспа материалдары, «Шығыс жұлдыздары»-ның портреттері, өмірі мен еңбектері жазылған газеттер, музыкалық шығармалар.

І-бастаушы:  «Әл-Фараби – екінші ұстаз» атты математикалық  кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер

І-Бастаушы:             Вавилонда, Египетте,

«Ата мұра» кешегі.

Жеткен екен бүгінгіге

«Теңдеу шешу» есебі

Әл-Хорезми-Хорезмде

Ғылымға еңбек етіпті.

«Әл-Жебр»- «Алгебра»,

Деп аталып кетіпті.

ІІ-Бастаушы:                       Ғалым болған ұл-қыздары,

Шығыстың бас жұлдыздары.

Ұлықбекті отқа жақты

Сол заманның құзғындары

«Екінші ұстаз» – деп атады,

Фарабиді жұрт түгел.

Атамыздың трактатын

Бағалы әрі, мықты дер.

І-Бастаушы:             Тоғызыншы-он бесінші

Ғасырлардың алыбы.

Нұрын шашқан бар әлемге,

Бұлар – Азия ғалымдары

2-Бастаушы: Әбу Насыр Әл-Фараби және оның әлем ғылымына қосқан үлесі

1-Оқушы:   /Әл-Фараби/

Әбу Насыр ибн Мұхамед Тархан ибн Ұзлаг Әл-Фараби 870 жылы  Сыр бойындағы  Арыс өзені Сырға құятын өңірдегі Отырар қаласында қыпшақтың әскери қолбасшысының жаұясында туылған. Әл-Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан Фарабтан шыққан деп атаған. Бұл қаланың орны қазіргі Шымкент облысының Қызықұм /Шәуілдір/ ауданы территориясында. Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, алғашқы білімді жергілікті медреседе алады. Зерек, құйма құлақ бала бір-екі жылда-ақ сауатын ашып, өз бетімен кітаптар оқи бастайды. Оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді.  Отырардағы кітапхана, ел аңызына қарағанда кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орында болған.

Тарихи мәліметтерге қарасақ Отырар қаласы ІХ ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Түйелерінің табандарына құрым байлап жатқан жат жердің керуендері де Әбунасыр үшін қызықты. Кем мен Қашқардан, Үндістан мен Ираннан, Мысыр мен Йеменнен, Шам  мен Ирактан, Кавказ бен Еділ бойынан құлақ естімеген көз көрмеген жерлерден келген   керуендерді жағалап жүріп, елдердің жайын сұрайды, көрмеген халықтардың салт дәстүрлері де қызықтырған.  Керуеншілерге ілесіп жүрген саяхатшыларды, ғалымдарды, музыканттарды көріп тыңдаған .

Білімге, ізденуге деген құштарлығы,  дүниедегі құбылыс біткеннің бәрін білсем деген құштарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдығы көп ұзамай оның абырой – беделіп көтере бастады.

Әбунасыр кітаптан басқа тағы үш нәрсеге көңіл бөледі. Бірі- ат спорты, екіншісі- батырлар мен шешендердің сөздерін тыңдау, үшіншісі- ән шырқап, күй тарту.  Сол заманда көкпар тартысып, ат үстінде аударысып, жамбы атып, садақ тартып, найза лақтырып үйренген. Бұларға ебі жоқ жастар «қортық» болып есептелген.

Алғырлығы арқасында Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренді, осы тілдерде ғылыми трактаттар оқыды. Кәмілеттік жасқа толған соң ол оқуын жалғастыру үшін жетекші ғылыми орталықтарға барады. Пифагор, Аристотель, Евклид, Архимед, Птолемей, тағы басқа ғалымдардың еңбектерімен танысып, сол ғалымдарға еліктеп жақын  жерлерге саяхаттар жасайды. Саяхаттаған жерде өз білімін толық жетілдіреді және көптеген көрнекті ғалымдармен танысып, олардың арасында жетекші орынға ие болады. Осы мақсатпен Сағанақ, Сауран, Хиуа, Үргеніш, Бұхара, Самарқанд, Исфаған тағы басқа Орта Азия қалаларында саяхаттары әр өлкенің әдет-ғұрыптарын түсінуге белгілі тәртіп сақтауға, сақтық пен  төзімділікке үйретеді.  Ол енді ғылымның шымырлап қайнап тұрған жері- араб елдеріне, оның ішінде Бағдатқа бармақ болады. Бағдатта «Даналық үйі» бар дегенді талай естіген. 890 жылы күзде Әбунасыр ел-жұртымен, туған-туыстарымен қоштасып тұлпарына мініп Бұхарадан шығатын керуенге қосылып Меккеге жол тартады. Жеті ай жол азабын тартып Меккеге одан Бағдаттағы «Даналық үйіне» келіп өз білімін жетілдіреді.  Осы жерде ол өз білімін толық жетілдіріп, көптеген ғалымдармен танысып, олардың арасында жетекші орынға ие болады. Бірақ бұл жағдай  діни-ғалымдардың көре алмаушылықтарын туғызып, олармен көзқарасы жараспаған Әл-Фараби Бағдатты тастап Хорасанға кетуге мәжбүр болады. Өмірінің ақырғы күндерін Аллепо және Дамаскде өткізді. 950 жылы Дамаскіде қайтыс болып, сонда Бабыс-Сағыр деген зиратта жерленген.  Туғанына 1100 жыл толуын бүкіл дүние жүзі, соның ішінде  біздің елімізде үлкен салтанатпен атап өтті. Бұл күнде Сирияның астанасы Дамаск қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаеватың  тапсырмасымен Әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталық салынған.

2- оқушы:     Әл-Фараби энциклопедисть ғалым ретінде ғылымның барлық салаларында елеулі еңбек сіңірді.  Көптомдық «Музыка туралы үлкен трактат» деген шығармасы көптеген тілдерге аударылған. Бұл еңбек қазіргі кезде де аса жоғары бағаланады. «Музыка жайлы талдау», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат», «Өлең көне шешендік туралы» т.б.  еңбектер жазған. Бұл еңбектерінде ән шығаруды, музыкалық аспаптар жасауды, әнді орындауды ғылыми жағынан жетілдіреді. Өзі бірнеше  музыкалық аспап жасап шығарады. Солардың ішінде «қыпшақ» деген аспап болған екен. Ол осы күнгі қазақ, өзбек, қырғыз сияқты халықтар арасында кең тараған домбыраға ұқсас болса керек.

3-оқушы: / Еңбек туралы  «Аплотонның намысты қоғам еңбегін қысқаша талдау», «Бақыт жолындағы ескертулер», «Жасампаз қала тұрғындарының көзқарасы» деген қолжазбалары құнды деректердің бірі.

Еңбек туралы:

Тиісінше еңбек ету денеге күш береді, ал шектен тыс артық еңбек күшті қайтарады.

…адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді… Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы аңғарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те содан рахат табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады.

4-оқушы:   Әл-Фараби тамаша дәрігер ретінде де белгілі. Дәрігерлік қызметіне байланысты Фараби алхимиямен, ботаникамен, минерологиямен айналысады. Денсаулық  хақында:

Егер  тән ауырса көңілдің күрт түсуі – табиғи құбылысы. Сондықтан алдымен сазды  әуеннің әсерімен көңілді сергітеді. Осының арқасында дене біртіндеп сауыға бастайды.

5-Оқушы:  тәлім-тәрбие хақында:

Тәрбиелеу дегеніміз- халықтардың бойына білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз.

Ұстаз .. жаратылысынан алғырда аңғарымпаз ақыл иесі.., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, әділ, батыл, ержүрек болу керек .

6-оқушы:   Төмендегі өлең жолдары Әл-Фарабидің ақындық тұғырының  биік болғандығын дәлелдейді.

Тамылжып бал тыныштық айналамнан,

Тылсым түнге құшағын жайған далам.

Мен жатырмын ұйқысыз жапа-жалғыз,

Жанымды ой жарығы аймалаған.

Аққан жұлдыз құласа кейде егер,

Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.

Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,

Өміріме бір ғажап сәуле берер.

Тіршілкте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.

7-оқушы:      Фараби дің өз басының өнегесі – жастарға ғибрат. «Ақыл-ой туралы», «Жан туралы», «Қызу қандылық туралы», «Жасөспірімнің ақыл-ойы туралы кітап» т.б. көптеген еңбектерінің ғылымда алатын орыны ерекше.

Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым.

Мұхтар Шахановтың «Арманда» өлеңінен көрініс.

Автор сөзі:  Ерте, ерте, ертеде

Отырарда,

Біздің іңкәр өлкеде,

Иық бұрмай тек білімнен басқаға

Қатар өсті екі бірдей жас бала.

Қатар жүріп сан өнерге машықты,

Бірге оқыды,

Бірге ойнады асықты.

Екеуіне назар бұрды ел ерек,

Өйткені олар дарынды еді керемет.

 

Отырарда жаны жайқын дария,

Ойы безбен бар еді бір қария.

Сол қария бір күні екі шәкіртті

Құрметпенен өз үйіне шақыртты:

 

Қария:                       Балақайлар, балапандар, көк өрім,

Сендерге бір сауал қойсам деп едім,

Туған жан деп өнерімен, өртімен

Екеуіңді сөз етіп жүр ел түгел.

Мен де танып білсем деп ем,

Кімсіңдер?

Қандай арман жетегінде жүрсіңдер,

Қандай бағыт ұстайсыңдар түбінде,

Сонша неге құштарсыңдар білімге?

Кәне,  Дойыл, сен айтшы?

 

Дойыл:          Жалғыз арман бар  менде,

Шектесетін қулықпен, армен де.

Жалын шашса өнерімнің өрнегі,

Сонау Йемен, Мысыр, Бағдат елдері

Түгел танып жыр ететін таңдана

Саудагер боп шықсам деймін, жан баба.

Табу үшін жұрт таппаған айланы,

Көру үшін жұрт көрмеген пайданы,

Шығу үшін жұрт шықпаған белеске,

Жұрттан асқан білім керек емес пе?

Тілін тапсаң кім созбайды қол ұшын,

Өнер қажет, білім қажет сол үшін.

 

Қария:                       -Ұлым, желік қуыпсың!

Неге мұнша желтоқсандай суықсың?

Бағымызға туған дарын болар деп

Қуанып ем,

Сорымызға туыпсың

Сор боларсың, одан не мән табарсың,

Арманыңды, бәлкім, қайта қарарсың?

 

Дойыл:          -Арманымды өзгерте алман, жан баба!

 

Қария:           Ал сен қалай бағыттадың нұрыңды,

Жасырмай айт,

Жасқанбай айт сырыңды.

 

Әбу:   Менде де бар бір арман

Маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан.

Ұлы баба, бірақ менің арманым-

Парыз бенен махаббаттан құралған.

Шамын жақсам ғылым менен өнердің,

Елімді зор мерекеге бөлермін.

 

Кария:                       -Бәрекелде, жаз жайраң!

Көл болмаса тоят табар қаз қайдан?!

Біреуіңнің арманыңнан шошып ем,

Бірің, міне еттің лезде мәз-мейрам.

Бірің үшін күрсінумен өтермін,

Бірің үшін сүйсінумен өтермін,

Сөйте-сөйте мен де өмірден кетермін.

Беттеріңнен жарылқасын, тәңірім,

Ал жарайды, батам осы, барыңдар,

Отырарда туған ұлы дарындар!

 

Автор:                       Әжуасын әжіміне жасырып,

Жылдар ақты,

Жылдар ақты асығып,

Жалын еді-ау арманы айқын, ер көңіл,

Екі досты екі арнаға бөлді өмір.

Дойыл сола өзгертпеді шешімін,

Дәулет оған жылдам ашты есігін.

Саудагерді өзге түгіл өзінің

Ұрпақтары кетті ұмытып аз жылда.

Ал Әбу ше?

Кеңге жайды қанатын,

Әбуіміз-әрі ғалым, әрі ақын,

Әбуіміз-біздің ұлы бабамыз

Әбу-Насыр әл-Фараби болатын.

 

Әбу:               Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда.

Үлкен арман керек екен адамға.

 

ІІ көрініс.

Автор: Мекке. Мадина. Айнала  тұрып намаз оқып тұрған көпшілік. Шариғат бойынша намаз оқып тұрғанда тамақ, киім, ақша, мүлік, дүние қамы туралы ойлауға болмайды, тиісті намазға жығылып-тұрудан басқа қозғалыс жасау күнә болады. Жұрт осылай мүлгіп тұрғанда Мадинаның қара таяқ тонаушылары намазда тұрғандардың қалталарын «тазалайды» екен, қойын-қоныштарын  ақтарып, ақшалары мен алтындарын сыпырып алады екен. Тоналып жатқан сорлылар «намаз бұзылады» деп тыпыр ете алмайды екен.

Бір жалаң аяқ саптың аяқ жағында намазда тұрған Әбунасырға да келеді. Оның белдігіндегі сары мойын пышақ ұнап кетсе керек. Келе бір қолды қалтаға, бір қолды белбеуге салды. Бірақ алып үлгермеді. Қайратты жас жігіт жалаң аяқтыны көтеріп алып лақтырып жібергенде ол надай жерге омақата құлады.  Құлаған бәдәуи  тұра алмай қиналып жатыр.

Әбунасар: Біз пайғамбарға келгеміз, арабтың  қарақшы бәдәуилеріне тонаттыруға  келгеміз жоқ!-деп айқай салады.

Айқай-шу шығады. Жалаң аяқтының жанына он шақты сыбайластары жиналады. Саптың алдында тұрған имам намазды үзіп  Әбунасырға келеді. Қазандай шалмасын маңдайына қарай көтеріңкіреп, шеттен келген жас жігітке тесіле қарайды. Намаз тоқтап қалды, жұрт имам мен «бала хажының» ауыздарына қарасты

Имам: -Әй, құдайдың құлы, күнәһар болдың, намазыңды бұздың!

Әбунасыр: -Тақсыр, менің күнәм бір-ақ адамның намазы, қарақшы сіздің қалтаңызға түскен жоқ еді, сіз сонда да намазыңызды бұздыңыз, әдейі іздеп мағырып пен машырықтан келіп тұрған мына бес жүз мұсылманның намазын аяқтатпай тоқтатып тастап, обалдарына қалдыңыз, зор күнәға өзіңіз баттыңыз.

Имам: -Бір кездікке бола  құран сөзін есіңнен шығарып жібердің.

Әбунасыр:-Құранда: «Ата мұрасы балаларына мирас болады» деген, тақсыр. Тархан атамнан қалған алтын сапты пышық маған тиісті, қаңғып, пайғамбардың зиратының жанында бұзақылық істеп жүрген жалаң аяқ бәдәуиге тиісті емес.

Имам: -Пайғамбарымыздың айтуынша, ұрыларды да құдай жаратқан. Ұры сенің денеңе дақ салған жоқ, сен оны мүшкіл халға түсірдің.

Әбунасыр:Ұрыларға, ғайбат айтушыларға, таразыдан жеушілерге тыйым салу, жазалау керек деп пайғамбардың айтқанын құраннан оқығанбыз. Тек, жазалағанда, қан  шығармау керек деген. Мен қан шығарған жоқпын, жай лақтырып жібердім. Оның жазасы – сол. Бұзақыларды, ұры-қарыларды, арамтамақтарды қорғайтын имамдарға қандай жаза лайықты болатынын мына хажыларға айтып жібермес пе екенсіз?

Имам жауап қайырмады. Бір сұрланып, бір қарайып, жебелері жыбыр-жыбыр етіп, біреу қылқындырып жатқандай алқынып тұрды. Ақыры, бір ауыз сөз айтпастан, «құдай үйіне» кіріп кетті. Шулаған жұрт Әбунасырды қоршап алды. Тоналған жұрт  алғыс айтып жатыр. Керуеншілердің біреуімен ілескен жалаң аяқтардың бірі келді.

Әбунасыр:-Ия, қал жағдайыңды айта бер.

Керуенші:Бұл жалаң аяқ Шаштан келген қоңырат болып шықты. Үш жыл бұрын қажыға келген екен, тонауға түсіп, жат жерде қаражатсыз  қаңғып қалған екен. Күнін көру үшін жалаң аяқтарға қосылыпты. Еліне қайта алмай . сандалып жүрген адам екен. Үйінде кәрі шешесі, әйелі, төрт баласы бар. Сізден ақыл жәрдем сұрайды.

Әбунасыр: Қашан, қандай керуенмен, қандай адамдармен және қай жолмен келдің?

Жалаң аяқ: Тұраннан боламын, саудагерлердің керуенімен Бұхара, Мерві, Тус, Нишапур, Исфаған, Басыраны басып өтіп, жеті айлық жол жүріп келгенбіз.  Керуен басы Мәди шах болатын.

Әбунасыр: -Уа, халайық мына мүсәпір бейшараға садақа берген жөн. Мен астымдағы өз атымды беремін, сіздер киім-кешек алатын ақша беріңіздер сорлы елге жетіп алсын.

Керуенші: Өзін қайтпеңшісің?

Әбунасыр:- Мен осында қалып, Мадинадан Бағдатқа жетуім керек. Онда «Даналық үйіне»   баруым керек.

1-Бастаушы:            Әбу Насыр Әл-Фараби – жан-жақты дамыған музыкант  әрі компазитор, мәнерлеп орындаушы әрі теоретик, тарихшы, музыкалық аспаптарды жасаушы шебер болды.

ІІІ көрініс

Автор: Дамаскі қаласы. Әм ірші Сайф тың ғалымдар мәслихат құратын залы. Әл-Фараби кіргенде әмірші залдан орын алуын сұрайды.

Әл-Фараби: Қалай отырайын сіздің қалауыңыз бойынша ма, менің қалауымша ма?

Әмірші: Сенің қалауыңша

Автор: Әл-Фараби тақтың қасынан орын алады.

Сонда  әмірші өзге тілде:  Түркінің мына кісісі  елді таңдандыратын ғажап адам, не  бір ақымақ.  Ақымақ болса әдеп атаулыдан атап кетті мәслихат біткен соң көргенсіздігі үшін сазайын тарттырыңдар.

Әл-Фараби: Мен ешқандай әдепсіздік жасағам жоқ, сонда не үшін жазаланбақпын?

Таң қалған Әмірші: Бұл халықтың арасында осы тілді білетін ешкім жоқ, оны сен қайда, кімнен үйреніп жүрсің?

Әл-Фараби: Мен  көптеген тілдерді зерттегенмін, 70-тен аса тілді білемін.

Әмірші: Бірнеше сұрақтар қояйын, қандай адам екеніңді білгім келеді?

Әл-Фараби:  Менің сөздерім қара халықтың бақытты етуге жараса, мен өз өмірімді  сол сұрақтарға жауап берумен өткізер едім.

Әмірші: Білімді болу дегеніміз не?

Әл-Фараби: Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым. Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті ойламауы қажет.

Философ: Тәрбиелеу дегеніміз не?

Әл-Фараби:  Тәрбиелеу дегеніміз- халықтардың бойына білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз.

Халық емшісі: Ауру адамды қалай емдеуге болады?

Әл-Фараби: Егер тән ауырса, көңілдің күрт түсуі- табиғи құбылыс. Сондықтан алдымен сазды әуеннің әсерімен көңілін сергіту керек. Осыдан кейін ем қолданса, осының арқасында дене біртіндеп сауыға бастайды.

Уәзір: Адамның еңбегін қалай түсіндіресің?

Әл-Фараби: …адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді… Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы аңғарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те содан рахат табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады.

Автор:  әмірші мен Әл-Фараби бірнеше сағат бойы таласқа түседі. Таласта әмірші жеңіліс табады.

Әмірші: Сен нағыз данышпан екенсің, танымай жасаған қателігімді кешіргейсің! Не қалайсың, сұрағаныңды үлкен ризалықпен берем.

Әл-Фараби: Маған ештеме керек емес!

Әмірші: Уәзір! Құрметті қонақ етіп, әлемдегі ең мықты деген музыканттарды жинап, оларға қонақтың құрметіне музыка  ойнатыңдар!

Автор: Музыка ойналады. Әл-Фараби оларды  тоқтатып, аспаптарының құлақ күйін  басқаша келтіріп береді. Содан музыканы қайта ойнап шығуды сұрайды. Бұл жағдай жиі қайталанады.

Әмірші: Тоқтат! Әкетіңдер! Сен менің музыканттарымды жақтырмадың, енді өзіңнің олардан артық екеніңді дәлелде.

Әл-Фараби қалтасынан кішкентай үш шек алады да оны керіп, шат-шадыман мелодия  ойнайды. залдағылар ары-бері еріксіз күле бастайды. Тыңдау жалғаса береді. Кенет мұңлы әуен орындайды. Залдағылар шетінен тәтті ұйқыға кетеді.  Әл-Фараби бөлмеден жәйлап шығып кетеді.

2-Бастаушы: «…Бұл кісіден бұрын да, кейінде даналар болды. Бірақ олардың ішінде … дәл Фарабидей геометрия, музыка, астрономия сияқты үш ғылым саласына бірдей ұлы үлес қосқан … аса ірі жаңалық ашқан ғалымдарды табу қиын…

 

ІҮ көрініс

М.Шаханов «Құрметсіз, шыншыл тұлғалар» өлеңінен.

Арабтың бір патшасы:

-Санасынан шашыраған ізгілік,

Ойы зымыран, дана дейді Сізді жұрт.

Ал мен тынбай ел басқарып келемін

Көңіліме шаттық, сенім қайығын тең жүздіріп.

Еститінім кіл мақтау сөз.

Адам бірақ тағдырына шарасыз ба,

Құны қанша, мәні қанша мендегі асқақ сенімнің,

Болашағы қалай болмақ ертең мына елімнің?

-Жаңылысса, әдітлетсіз тіл мен көмей жаңылсын, оны болжау қиын емес, әміршім. Ордаңызға маңызды, қадірлі адамдарды шақыртыңыз.  Оларды мақсат-мүделеріне қарай орналастырыңыз. Содан кейін болжамымды өзіңе айтам оңаша.

Автор. Ет пісірім уақытта Ордаға жұрт  лық толды. Саудагерлер бірінші қатардан, содан кейін туыс-туған, шаьарман, сот-қазылар орналасты.  Ал орын жетпей қалған бес-алты адам ақын, ғалымдар болатын.

Оңашада Әбу сөзін бастады:

-Ей , әміршім, еліңіздің аласа екен аспаны.  Сіз елдегі басты орынды саудагерге беріпсіз,  ұлтыңыздың болашағына қалай сенімдісіз. Егер халқыңыздың рухани байлығы    ақын, ғалымдарды  шетке қағып тастасаңыз. Мазмұнынан айырылған, Рух қанаты қайырылған елден сорлы ел бар ма екен жалғанда?!- деп Әл-Фараби қоштаспастан шығып кетіпті.

1-бастаушы: Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық  ойшыл азаматы Әл-Фараби шығармаларын көпке ортақ  тілде жазып кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Ұлы ғалымдар Ибн Рушид, Ибн Сина, Омар Һайям,  Беруни, Божани т.б.  көптеген ғұламалардың көзқарастары қалыптасып, олар өздерін Әл-Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген.

 

Ү Көрініс.

Автор: Мәслихат залы.

Әмірші: Кім көп біледі – сен бе , әлде Аристотель ме?

Әл-Фараби: Егер мен  сол заманла өмір сүрсем және онымен кездесіп, дәрісін тыңдасам, онда таңдаулы шәкірті бола алар едім.

Әмірші: Тегінде, әлем құпиясының білгірлері арасында Аристотельден кейін «екінші» деп атайтын адам сен болдың ғой?

Әл-Фараби: Саулығыңызды тілеймін.

Әл-Фараби ойлы қалыппен:

Тамылжып бал тыныштық айналамнан,

Тылсым түнге құшағын жайған далам.

Мен жатырмын ұйқысыз жапа-жалғыз,

Жанымды ой жарығы аймалаған.

 

Қашықтасың туған жер- қалың елім,

Небір жүйрік болдырып жарау деген.

Шаршадым мен.

Қанатым талды менің,

Шаңғыт жолға сарылып қарауменен.

Қайтейін мен көкжиек кеңдігімді

Келер күнге үмітпен жол ашамын.

Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,

Соны медет етер болашағым.

 

Аққан жұлдыз құласа кейде егер,

Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.

Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,

Өміріме бір ғажап сәуле берер.

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.

 

1-оқушы: Қазақ даласынан шығып, әлемге әйгілі ойшыл ретінде танылған Әл-Фараби мұралары  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын таппақ.

ІҮ көрініс

М.Шаханов «Құрметсіз, шыншыл тұлғалар» өлеңінен.

Арабтың бір патшасы:

-Санасынан шашыраған ізгілік,

Ойы зымыран, дана дейді Сізді жұрт.

Ал мен тынбай ел басқарып келемін

Көңіліме шаттық, сенім қайығын тең жүздіріп.

Еститінім кіл мақтау сөз.

Адам бірақ тағдырына шарасыз ба,

Құны қанша, мәні қанша мендегі асқақ сенімнің,

Болашағы қалай болмақ ертең мына елімнің?

-Жаңылысса, әдітлетсіз тіл мен көмей жаңылсын, оны болжау қиын емес, әміршім. Ордаңызға маңызды, қадірлі адамдарды шақыртыңыз.  Оларды мақсат-мүделеріне қарай орналастырыңыз. Содан кейін болжамымды өзіңе айтам оңаша.

Автор. Ет пісірім уақытта Ордаға жұрт  лық толды. Саудагерлер бірінші қатардан, содан кейін туыс-туған, шаьарман, сот-қазылар орналасты.  Ал орын жетпей қалған бес-алты адам ақын, ғалымдар болатын.

Оңашада Әбу сөзін бастады:

-Ей , әміршім, еліңіздің аласа екен аспаны.  Сіз елдегі басты орынды саудагерге беріпсіз,  ұлтыңыздың болашағына қалай сенімдісіз. Егер халқыңыздың рухани байлығы    ақын, ғалымдарды  шетке қағып тастасаңыз. Мазмұнынан айырылған, Рух қанаты қайырылған елден сорлы ел бар ма екен жалғанда?!- деп Әл-Фараби қоштаспастан шығып кетіпті.

Check Also

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.