ТС. «Өнегелі отбасы – егеменді елдің ертеңі.»

Шығыс Қазақстан облысы. Аягөз ауданы. «К.Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі» Георгафия пән мұғалімі Оралгазина Рыскамал Сулейменханқызы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды саяси саналыққа тәрбиелеу. Елін, жерін, тілін, әдет- ғұрпын құрметтейтін, жана таза, адамгершілігі мол, өз Отаның сүйетін азаматты қалыптастыру, патриотттық сезімге балу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер
1.  Ұл  тәрбиелеп отырып
Жер иесін тәрбиелейміз.
Қыз тәрбиелей отырып,
Ұлтты  тәрбиелейміз.

Платон.
2.Отан от басыннан басталады.
  Сабақтың түрі :Сайыс
 Сабақтың жоспары:
1. «Кім жылдам»
2. «Жігітке жеті өнер де аз»
3.  «Әрі дәмді,әрі жылдам»
4.   «Әкем,шешем және мен»
5. «Жалғасын тап.»

1.Жүргізуші;   Қайырлы күн құрметті қауым және қадірменді қонақтар!
1.Жүргізуші: Армысыздар , құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Айбынды елім, тұғырлы елім қазағым,
Толғандырды мені бүгін ғажап үн.
Ол бостандық тұлпарыңның дүбірі,
Бұзып шыққан бодандықтың азабын.
Енді міне айта аларсың менмін деп,
Қазақ деген Егеменді елмін деп!

2 Жүргізуші: Қандай ел болмасын ол елдің өзінің азаттығы, бостандығы әрдайым қымбат та қасиетті. Сол сияқты біздің арғы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап келген тәуелсіздігімізге биыл  20 жыл. Елбасы «Бостандықпен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет» – дейді сол бостандықты қорғап оны одан ары нығайту үшін болашақ ұрпақ сол тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін біліп бойына сіңіріп, өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізуі керек. Міне осы мақсатта бүгін біз осынау қасиетті шаңыраққа жиналып отырмыз.

1 Жүргізуші:Тәуелсіз ел болғаннан кейін әр елдің өзіне ғана тән елдік нышандары болады. Ол: елтаңбасы, байрағы, ата заңы және әнұраны. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымызды әнұранмен ашқанды жөн  көріп тұрмыз.
( ҚР ән ұраны орындалады)

2 Жүргізуші :
Отан дейміз- от жаққан жерімізді,
Отан дейміз – өсірген елімізді.
Отан дейміз- туған жер, атамекен
Биік тау, орман- тоғай, көлімізді.
Отан дейміз- кен байтақ Астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол жас қаланы,
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

1 Жүргізуші:
Ақ қазы мүшелері,армысыздар!
Қош кепсіз,есен сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан жанұялар,
Әділдік пен төрелік айтыңыздар- дей келе бүгінгі сайысымыздың  әділ бағасын беріп, төрелік айтатын қазылар алқасымен таныстырып өтсек.

1. Шегиров Елжас
2.Сүйіндікова Жания
3.Манханова Ғалия

1 Жүргізуші:Бүгінгі сайыс сабағымыз күндегіден ерекше .Себебі үш топқа                    бөлінген оқушылар арасында біздің ата-аналарымызда қатысып отыр.
2 Жүргізуші: Олай болса , сайысымыздың өтілу  барысымен танысайық.
1. Жүргізуші: Бірінші сайысымыз «Кім жылдам» деп аталады . Қойылған сұраққа неғұрлым жылдам жауап беру керек.

  1. Қазақстан Республикасы қашан егеменді ,тәуелсіз мемлекет болды?(1991 жылы 16 желтоқсан)
  2. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жыл 30 тамыз)
  3. Мемлекеттік Әнұранның авторлары кімдер?( Н.Назарбаев, Ж.Нәжмеденов)
  4. ҚР  Мемлекеттік  Туының авторы?
  5. ҚР Мемлекеттік  Елтаңбасының авторлары?
  6. «Отан үшін отқа түс – күймейсің» сөзінің авторы?( Б.Момышұлы)
  7. ҚР қашан БҰҰ-на және ЮНЕСКО-ға мүше болды? (1992 жылы 2 наурызда БҰҰ- ға, 22 мамырда ЮНЕСКО- ға мүше болды.)
  8. Ата Заң қанша  баптан, қанша тараудан тұрады?
  9. Ұлттық валютамыз теңге қай жылы айналымға шықты?
  10. Қазақстан халқының саны?  (16 млн.462 мың адам)?
  11. Қазақстан шектесетін Мемлекеттер? (Қытай, Ресей, Қырғызстан,Өзбекстан,Түркіменстан)
  12. Қазақстанда қанша ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады? (130)
  13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі,қандай? (ҚР мемлекеттік тілі  қазақ тілі, ресми тіл ретінде  орыс тілі қолданылады)
  14. Тіл туралы Заң қашан қабылданды?(
  15. Қазақстан Респуликасының астанасы қай қала, ол қашан өзгертілді? (Алматыдан Ақмолаға көшірілді,1998 жылы , 6 мамыр Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді)

2 Жүргізуші:Келесі сайысымыз « Жігітке жеті өнерде аз» деп аталады.Бұл сайыста әкелеріміз өз өнерлерін көрсетеді.( Гирь көтеру, қол күрестіру, берілген күйдің авторын табу)

1.Жүргізуші:Келесі сайысымыз: «Әкем,шешем және мен» деп аталады.Бұл сайыста  отбасындағы дәстүрді ,береке- бірлікті көрсететін  бөлім.

2 Жүргізуші:Келесі сайысымыз «Әрі дәмді, әрі жылдам» деп аталады.Бұл сайысқа қатысатын аналарымызды ортаға шақырайық.

5. «Жалғасын тап» сайысы. (Әрбір топқа 12 мақалдан беріледі, бастапқы бөлігі айтылады , ары қарай мақалды жалғастыру керек)

1 топқа

  1. Ағадан – ақыл, ………….Атадан – нақыл.
  2. Ер бала ата-анаға таяу,…………….Қыз бала үйге жаққан бояу.
  3. Апам үйі – ………………ақ жайлау.
  4. .Інісі бардың тынысы бар……………Ағасы бардың жағасы бар.
  5. Өз үйім – ……………………….өлең төсегім.
  6. Жалғыз ағаш үй болмас,……………………..Жалғыз жігіт би болмас.
  7. Балапан ұяда не көрсе,…………………….Ұшқанда соны іледі.
  8. Атасыз үй – батасыз,………………..Анасыз үй – панасыз.
  9. Жақсы ата – орман,…………………Жақсы бала қорған.
  10. Өсер жастың алдын кеспе,…………..Өсер ағаштың басын кеспе.
  11. Өзінің шарқын білген,………………..Өзгенің нарқын біледі.
  12. Ананың ізін қыз басар,………………….Атаның ізін ұл басар.

2 топқа

  1. Аға әдепті болса, іні әдепті,…………………Апа әдепті болса, сіңілі әдепті.
  2. Ағадан – ақыл,………………..Ініден – ізет.
  3. Әдепсіз бала, Ауыздықсыз атпен тең……….Ақылды қария Жазып қойған хатпен тең.
  4. Бала тәрбиесі…………………….. – бесіктен.
  5. Әжемді тыңдағаным –……………….Өзімді танығаным.
  6. Ана алдында – құрмет………………..Ата алдында – қызмет.
  7. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,……………..Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
  8. Анаңа ауыр сөз айтпа,………………Атаңа ауыр жүк артпа.
  9. Атаңа не қылсаң,…………….Алдыңа сол келер.
  10. Ата – бәйтерек, …………………бала – жапырақ.
  11. Ата тілін алмаған ұлдан без,………………….Ана тілін алмаған қыздан без.
  12. Әкең өлсе де,………………….. әкеңді көрген өлмесін.

3 топқа

  1. Ананың көңілі балада,………………… баланың көңілі далада.
  2. Ата көрген оқ жонар,……………………. ана көрген тон пішер.
  3. Әкенің қадірін…………………… балалы болғанда білерсің.
  4. Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,……….Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
  5. Атадан жақсы ұл туса,Елінің қамын жейді…………………Атадан жаман ұл туса,Елінің малын жейді.
  6. Адам болатын ……………………бала алысқа қарайды.
  7. Әдепті бала арлы бала, ……………………әдепсіз бала сорлы бала.
  8. Бала – көңілдің гүлі,………………… көздің нұры.
  9. Жақсы бала – еліне бас болады,………….Жаман бала – еліне қас болады.
  10. Балам – балым,…………….. баламның баласы – жаным.
  11. Қарға баласын аппағым дер,………………..Кірпі баласын жұмсағым дер.
  12. Сенің табаныңа кірген тікен ……………………..менің маңдайыма кірсін.

 

1.Жүргізуші:
Әділ қазы алқасы бүгінгі сайысымыздың қорытындысын  шығарғанша  Тұрсынова Диананың  орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар.

1 Жүргізуші:
Отан- сенің ата-анаң
Отан досың-бауырың
Отан –өлкең, астанаң
Отан аудан, ауылың

2 Жүргізуші: Отан тарих,Отан –тіл
Жасаған елің, өз халқың.
Отан-өлең, Отан-жыр
Көтерген көкке ел даңқын-  дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз, келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.