ТС. Зиянды заттардың зардаптары.

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы, Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәнінің мұғалімі Абажаппарқызы Мира

Мұғалім: Саламатсыздарма, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030»стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсетіп, салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесін басты мақсат етіп қойған.

Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін «Зиянды заттардың зардаптары» атты кешімізде ой бөліспекшіміз.

Көрініс

Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар сендердің қолдарыңда. Сондақтан сендердің таңдауларың- салауатты өмір салтын сақтау, зиянды заттардан аулақ болу. Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Зиянды заттардың зардаптары» деп аталады.

Кешіміздің мақсаты– «Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден  ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.

Бүгінгі кешімізге зиянды заттардың адам өміріне қаншалықты қауіпті екендігін дәлелдеп, сайысқа түсу үшін 7- сынып оқушыларынан құралған ІІ топ келіп отыр. Олар: Болашақ тобы ман Денсаулық тобы.

 

Кешіміздің барысымен таныстырып өтейін

  1. Таныстыру.(әр топ өздерін таныстырады).
  2. «Бірінші байлық-денсаулық». (зиянды әдеттер тақырыбында мақал- мәтелдер айту).
  3. «Тәні саудың жаны сау» (зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру).
  4. Ситуациялық сұрақтардан  шығу.
  5. Үй тапсырмасы. Уланбасың өмірің.(Зиянды заттардың зардаптарын түсіндіру).
  6. Шығармашылық жұмыс

Енді кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Мұғалім: Денсаулық- ел дамуының басты арқауы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды. Дегенменде, біздің замандастарымыз соны ескерместен әр түрлі зиянды заттарға ұрынып жатады. Енді, осы заттардың қаншалықты адам өміріне зиян екендігін, бүгінгі кешімізде қатысушы оқушыларымыз айтып берсін.

 

Енді шартымыздың бірінші бөліміне көшейік.

Мұғалім: Көк түтінге жас өкпеңді ыстама,

Ащы суға өзіңді -өзің қысстама.

Ер  жетудің белгісі деп бұл да бір

Әуес көріп ұстамасты ұстама! –                 деп жас жеткіншектерді салауаттылыққа үндейтін « Болашақ» тобына сөз кезегін берейік. Топ басшысы:

Ескендірова Айерім

Тобымыздың аты – « Болашақ»,

Келгеніміз жоқ жай бірақ.

Денсаулығымызды қорғауға

Шықтық біз де топ құрап.

Кілең сайдың тасындай

Үш ұланнан тұрамыз.

Сөз сөйлейміз жасындай,

Осындай топ боламыз.

Мұғалім:Иманыңды, дидарыңды

Тазалап ал, қазағым,

Ұрпақтарың, ұл-қыздарың

Түзу бассын қадамын!-                деп келешекке келелі азамат ретінде баруды көздеген « Денсаулық» тобын ортаға шақырайық, Топ басшы:  Мұратайқызы Арайлым

Салем бердік қауымға,

Үлкен- кіші ауылға.

«Денсаулық» тобы боламыз

Таныстырдық баршаға.

Зиянды әдеттерден озбайтын,

Жамандыққа бармайтын,

Салауатты өмір ұстанып,

Биіктерге самғайтын.

 

Мұғалім:  жігерің бар, талабың бар, қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын, –             дей отырып, жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды әдеттерге байланысты мақал – мәтелдер мен ұлағатты сөз жарыстыруғы кезек берейік.

Мақал-мәтелдер.

  1. Шарап ішпеңіз, жүректі темекімен жүдетпеңіз.
  2. Ішімдікке салынған адамның қайыры жоқ.
  3. Шылымқор өзін ғана емес, өзгелерді де улайды.
  4. Темекінің көк түтіні

Екі өкпеңді ыстайды.

  1. Ұзартқың келсе ғұмырды,

Таста арақ пен шылымды.

  1. Ішпеген, шылым тартпаған-

Денсаулығын сақтаған.

  1. Денсаулық- зор байлық.
  2. Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.
  3. Жан ауырса, тән азады.
  4. Тәні саудың жаны сау.
  5. Тәуіптің жақсысы- ауруға ауру қоспағаны.
  6. Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті.
  7. Жасында темекісін будақтатқан-

Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан.

Толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.