И-8. §5. Логиканың негізгі түсініктері

Абишева Камшат

Сабақтың тақырыбы Логикалық функциялар және оларды түрлендіру
Мақсаты Математикалық  заңдылықтарға бағынатын логиканың негізгі  түсініктерін  ауқымды түрде игеру.
Міндеті –          Пікір немесе логиканың мәнін түсіндіріп, бұл   ғылымдардың  байланыстылығын математикалық қатынас түрінде өрнектей алуға үйрету;

–          Логиканың түрлерімен, пікірлер алгебрасы түсінігімен  таныстыру;

–          Формалды және табиғи тілде берілетін пікірлер туралы мәліметтерге сипаттама бере отырып, ақиқат немесе жалған пікір екенін дәлелдеуге үйрету;

 Күтілетін нәтиже –  Логика түрлерін және оның математикалық қатынастар арқылы өрнектелуі

мүмкін екені туралы мәлімет алады;

– Логиканың түрлерін және пікірлер алгебрасы ұғымының нені зерттейтінін түсінеді;

– Табиғи  түрдегі пікірлерді формалды түрге өрнектей алады және  пікірлерге дұрыс сипаттама бере алады;

– Ойлау немесе пайымдау арқылы өз пікірін қалыптастырып дәлелдей

алады ;

– Логиканың негіздерін  өз тәжірибелерінде қолданып, іске асыра алады;

 Сабақ барысы  1. Ұйымдастыру.   

  • Ұйымдастыру жұмыстары;
  • Түстерді таңдау арқылы  3 топ құру;
  • Сыныпта жағымды ахуал туындату :

Ол үшін «ауа-райы» деп аталатын тренинг өткізу.

Оқушылар ортаға дөңгелене тұра қалады:

–           Балалар бүгінгі ауа райы бізде желді болып тур –деген кезде қолымызды көтеріп екі жаққа толқындата қозғаламыз, жаңбыр жауды дегенде көршіміздің  арқасына саусақтарымызбен жаңбыр тамшыларының тырсылын бейнелейтіндей қимыл жасаймыз, ал жел басылды дегенде доғарамыз.

  • Бағалау парағын тарату/ топ басшысы бағалайды

2. Қызығушылықты ояту.   

  • Әртүрлі ситуациялар арқылы пікірді, логиканың түрлерін бейнелейтін слайдтар  көрсету  арқылы  оқушыға ой тастап, сабаққа қызығушылығын ояту./2 беттік слайд/ Слайдтағы мәліметтер:

– Балалар тыңдаңыздар!

– Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне көшіру  мүмкін емес.

– Өзіңіздің санау жүйеңізді жасауға бола ма?

– Мен оқушымын

– 5+5=10

А={Абай-қазақ халқының  ұлы ақыны}

B={А.С. Пушкин-ұлы математик}

А=1,  B=0   немесе A=0,  B=1   қалай ойлайсыздар?

Құрманғазы оркестрінің орындауындағы ән деп таныстырамын…

Балалар тыңдаңыздар! – деген мәлімет алады

Сөз тіркестері  не жайлы ойландырады?

Мен оқушымын, – деген мәлімет естиді

Қызығушылығын ояту мақсатында көрсетілген слайдтағы  текстік және дыбыстық файлдан алған мәліметтермен келісетінін немесе ол мәліметтермен келісе алмайтындықтарын дәлелдеп  оқушылар  қызықты ойларды ортаға сала бастайды.

Қызығушылығын арттыру мақсатында қойылған  сұрақтарға  алынған алуан түрлі жауаптар, оқушы мен оқушы арасындағы диалогқа/ әңгіме -дебат,  топтық әңгіме, зерттеушілік әңгімеге/ ұласады, барысында оқушылар мол ақпараттанып, мағынаны тану сатысына  жоғары белсенділікпен кіріседі.

3. Мағынаны тану:                    Топқа бөлінген оқушылар слайдтардан, интернеттен, кітаптан алған мәліметтерін пайдалана отырып  кластер әдісі бойынша  зерттеу  жасайды. Зерттеу барысында  жеке жұмыс, жұптық жұмыс және топтық жұмыс жасай алады. Өзара оқыту әдісі қолданылады.

3 топқа да бірдей тапсырмалар нұсқау хат арқылы беріледі:

Нұсқаулық :
–          Логика, пікір дегеніміз не? Пікірлерді неге ақиқат немесе жалған дейміз?
–          Логиканың түрлері қандай?
–          Пікірлер алгебрасы нені зерттейді?

Зерттеу жұмысын топ мүшелері қорғайды.

  1. 4.      Сергіту сәтіне  логикалық жұмбақ жасыру : «бала, қасқыр, ешкі, капуста» / 3 мин.
  2. Практикалық жұмыс. / Дәптерлеріне орындайды.

1-топ:
1 тапсырма және дәлелдеу  /оқулық, 19 бет-1 тапсырма

2-топ
2-тапсырма және дәлелдеу/оқулық, 20 бет-2 тапсырма

3-топ
3 тапсырма  және дәлелдеу / оқулық, 3-тапсырма

Тәжірибе жасау. / үш топ түгел  бұл тәжірибені жасауы тиіс
1.Іші көрінбейтін қорапта  8- қызыл шар, 8- көк шар бар. Шарды таңдағанда қайсы түс көп таңдалады?
2.100 теңгелікті лақтырғанда тиынның сан жағы  көп түсе ме әлде елтаңба жағы көп түсе ме?

Тәжірибеден алған мәліметтерімен ой бөліседі және бұл тәжірибе  қандай логикаға сәйкес келетінін және неліктен ондай  шешімге келгендіктерін  дәлелдейді.

Тәжірибе неғұрлым көп рет  жасалса, соғұрлым нәтижелі болады.

  • Ой толғаныс.    

Өмірмен байланыстыра отырып, сұрақтар қойып, шешімін табу. Топтарға сұрақтар бөлініп беріледі.

Кластер әдісімен өздерінің сабақ барысындағы алған білімдерін толықтыра отырып зерттеу жұмыстарына толықтырулар жасайды.

Үй тапсырмасы Логика тақырыбына эссе жазу
Бағалау Жиынтық бағалау/ топ басшысы бағалайды .

Кері байланыс парағымен жұмыс

 Бағалау парағы

Пән аты  ______________________                                                     Күні, айы_______________

Сыныптасыңыздың  аты-жөні____________________        Сыныбы _______________                                           

Сіздің сыныптасыңыз топта орындалған тапсырмаларға қаншалықты қатысты? Сыныптасыңыздың тапсырмаларды орындаудағы белсенділік деңгейін көрсететін сөзді белгілеп отырыңыз.

1. Ол сұрақ-жауап жұмысына қатысты.

  • Ешқашан(қатыспады)
  • Кейде
  • Жиі
  • Үнемі

2. Ол алынған тақырыпқа байланысты өз ойын жеткізе алды.

  • Ешқашан (ойын жеткізе алмады)
  • Кейде
  • Жиі
  • Үнемі

3. Ол топтық тәжірибе жұмысына қатыса алды ?

  •  Ешқашан (әңгімеге тарта алмады)
  • Кейде
  • Жиі
  •  Үнемі

4. Ол сыныптастарының ойын / пікірін тыңдады.

  • Ешқашан (ойын / пікірін тыңдамады)
  • Кейде
  • Жиі
  • Үнемі

5. Ол практикумға арналған тапсырма жұмыстарына қатысты.

  • Ешқашан (қатыспады)
  • Кейде
  • Жиі
  • Үнемі
Ешқашан Кейде Жиі Үнемі
Сұрақ-жауап жұмысы

2

3

4

5

Ойын жеткізе алу
Сыныптастарының ой-пікірін тыңдау
Практикум жұмыстарына арналған тапсырма жұмыстарына қатысты /тәжірибелік жұмыс
Сыныптастарды әңгімеге тарта алу
Барлығы
    • «=  21-ден 25-ке шейін
    • «4» = 16-дан 20-ға шейін
    • «3» =7-ден 15-ке шейін
    • «2» = 0-ден 6-ға шейін

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.