И-10. «PowerPoint – та презентация жасау, слайдтарды демонстрациялау»

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласы №2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі Информатика пән мұғалімі Жаксыбекова Лаура

Мақсаты: Power Point – та слайдтарды безендіру, дыбыстар қою, анимация қою арқылы  презентация жасай білу.

Білімділік: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, информатика пәніне қызығушылығын арттыру, мамандыққа бағыт бағдар беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ізеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Топтық жарыс
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, пікірлесу
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта,слайд

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты 2 топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын қорғау

ІІІ. Кім жылдам? Сұрақ жауап

ІV. Оқушылар шығармашылығы.

V. Өзін-өзі тексеру.

VІ. Қорытынды. . «Компьютердің  қажеттілігі қанша?» пікір сайыс.

VІІ. Оқушыларды бағалау.
VІІІ.   Үйге тапсырма беру.

 

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің сабағымыз Power Point – та слайдтарды безендіру, дыбыстар қою, анимация қою арқылы   презентация жасай білу.
Олай болса сыныбымызды 2 топқа бөлдік, ортамызда отырған « Интернет» , «Болашақ»тобы.

Ең алдымен  бағалау парағымен таныстырайық Интернет тобы жасыл түсті, ал Болашақ тобы қызыл түсті карточкалармен бағаланады.

1-кезең. Үй тасырмасы:

Әр топ басшылары өздерінің дайындап келген слайдтарын демонстрациялап қорғайды.

Болашақ тобы: Нашақорлық, алкогольдің адам өміріне зияны?

Интернет тобы: Интернет арқылы балаға қандай қауіп төнеді?

2-кезең. Сұрақ жауап«Кім жылдам» «ПРЕЗЕНТАЦИЯ»
Топ  оқушылары әріп таңдайды, сұраққа жауап береді.

3-кезең. Оқушылар шығармашылығы. Мұнда оқушылар 6 үлгіде берілген тапсырмаларды слайд түрінде орындайды. Слайдқа қажетті құжат папкалар компьютердің жұмыс столында берілген. Тақырыпты таңдай отырып, тақырыпқа байланысты папканы ашып қажет суреттерді таңдап алады.

1-тапсырма:Мерекелік құттықтау қағазын жасау.

2-тапсырма: Кітап мұқабасын жасау

3-тапсырма: Мерекелік концертке шақыру

4-тапсырма: Оңтүстік цирк шақырады. Жарнама жасау

5-тапсырма: Автомашиналар сату  салоны туралы слайд жасау.

6-тапсырма: Слайдқа кесте құру арқылы «Ас мәзірін дайындау»

4-кезең. Өзін-өзі тексеру. Тест жұмысы.

5-кезең.  Қорытынды «Компьютердің  қажеттілігі қанша?» пікір сайыс

6-кезең. Оқушыларды бағалау :

7 кезең. Үйге тапсырма беру.

  • Менің елім – Қазақстан.
  • Мен табиғатты сүйемін.
  • Менің отбасым.

– тақырыптарында слайд жасау,оны безендіру, анимация қою, дыбыспен көркемдеу.

Сабақтың толық нұсқасын көренкіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

2 комментария

  1. сабақ маған ұнады, бірақ жеңіл-желпі жасалған сабақ деп айтар едім. ренжімеңіз. тек слайды болса жақсы болар еді

  2. сабақ маған ұнады, бірақ жеңіл-желпі жасалған сабақ деп айтар едім. ренжімеңіз. тек слайды болса жақсы болар еді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.