Технология: Құрақ құрау технологиясы

Шығыс Қазақстан облысы. Аягөз ауданы. «К.Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі» Технология  пән мұғалімі Мукатаева Света Байтұрсынқызы

Сабақтың мақсаты: Құрақтардың түрлерімен таныстыру, кездесетін аудандары, қарындашпен эскизін жолдау, құрақтың тарихына кеңінен тоқталу, құрақ құрауға керекті құрал-жабдықтарды атауыд үйрету.

Білімділік мақсаты: Құрақтың тұрмысымыздағы алатн орыны жайлы білім беру, жалпы көрпе-жастықтың қажеттілігіне тоқталу.

Дамушылық мақсаты: Оқушылардың ұлттық бұйымдарға қызығушылығын арттыру, жаңа сабақ барысында сұрақ қою арқылы қарандашпен эскиз сыздыру, матаның түрлерімен таныстыру арқылы олардың ой-өрісін дамыту, репродукциялық материалдармен жұмыс жасату.

Тәрбиелік мақсаты: Ұмытылып бара жатқан ұлттық мұраларды еске түсіру, жалқаулықтан аулақ болып, ерінбеуге, шебер болуға баулу. Құрақ құрай білу өнері арқылы өмірге қабілеттілікті тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі: Плакат /1,2,3/, құрақ жайлы альбом, түрлі-түсті маталар (драп, сукно, барқыт, мақта, маталар), жіңішке ине, матанының түріне сай жіп түрлері (мақта, жібек, синтетикалық жіптер), ұшы сүйір қайшы, басы дөңгелек, жіңішке түйреуіштер, қалам, бор, сабын, үлгілер, шаблондар (ұшбұрышты, төртбұрышты, әртүрлі өлшемдер), үлгілерді қатты картоннан жасауғада болады.

Сабақтың типі: Аралас, сарамандық және теориялық.

Пәнаралық байланыс: Сызу, тарих, геометрия пәндері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Құрақ

 

Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымдарының бірі.

Құрақты қазақ халқы тек төсеніш ретінде ғана емес, сонымен бірге сәндік үшін жастық бетіне де салған. Құрақ Қазақстанның барлық облыстарына тән өнердің бірі. Геометриялық білімді арнайы оқу орнынан алмасада шеберлер түрлі сәнді құрақтарды соншалықты дәлдікпен құрай білген. Сәндікпен қоса үнемділікткде ұмытпаған.

Үй жиһаздарының бірі – құрақ көрпе, көрпеше ата-бабаларымыздың дәстүрлі төсеніші болған. Қол дорба, керме, аяққап, сандық жапқыш көрпеге құрақ құрап салған. Шеберлердің ой-қиялынан түрлі құрақ түрлері шыққан: үшбұрышты, ромбик, жапырақша, жұлдызша т.б.

Технология

Құрақтың тарихына кеңінен тоқталу.

Құрақтың тұрмыста алатын орнымен оның түрлері.

Сарамандық жұмысты ұйымдастыру:

а) оқушыларға жалпы тапсырма беру;

ә)  оқушылармен жеке – жеке жұмыс жасау;

Талдау жұмысы:

Жаңа сабақ сабақ бойынша жалпы сұрақтар қою.

Құрақ дегеніміз не?

Құрақ –мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымдарының бірі.

Құрақтың тұрмыстағы алатын орны, құрақ қандай бұйымдарға салынады?

Тұрмыстық бұйымдарға – көрпе, жастық, дорба, жапқыштардың бетіне сән беру үшін әртүрлі құрақ салған.

Құрақтың түрлерін атаңдар?

Маталардың түрін таңдап, қиюластырып, үшбұрышты, төртбұрышты, ат құрақ, айқыш құрақ, тырна құрақ үйрету.

Сабақтың қортындысы: Құрақ адамды үнемділікке үйретеді, кішкентай мата қиындысынан сәнді зат жасау өмірге қабілеттілікке тәрбиелейді. Кез-келген жағдайдан шығуда құрақ өнерін жақсы меңгеруден ұшталады десек қателеспейміз. Өз қолдарымен жасаған әрқашанда ыстық болады. Сондықтан уақыт тауып жиі-жиі тігінмен, құрақ құраумен айналысындар.

Үйге тапсырма: Құраққа керекті құрал – жабдықтарды, мата қиындыларын келесі сабаққа ұмытпай әкелулерін тапсыру. Әдебиеттерден құрақ туралы білімдерін жетілдіру.

 

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.