Microsoft Word 2007 – мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері.

Талдықорған экономикалық-технологиялық колледжі, информатика пәнінің оқытушысы: Нұрбекова А.Қ

«Информатика» пәнінен ашық сабақтың әдістемелік нұсқауы

Кіріспе

MS WORD – текстік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша бағдарламасы. Ол — текстік және графиктік мәліметтерді өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған текст редакторларының бірі.

Мәтіндік редакторда көптеген графикалық ақпараттармен, обьектілермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Графикалық обьектілерге иллюстрациялар деп аталатын обьектілер тобы жатады. Иллюстрациялармен жұмыс жасауға MS Word мәтіндік редакторы көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Сонымен қатар, кез келген графикалық обьектілермен жұмыс жасау үшін жеке қосымша мәзір ашылады.
Қазіргі таңда көптеген мекемелер, жұмыс орындары, фирмалар, компаниялар, оқу орындары осы редактормен жұмыс істеп жатыр. Жоғарыда айтып өткен мол мүмкіндігі бар болғандықтан, жұмыс істеу ыңғайлы, оңай болғандықтан тез таралып, қолданыс тапты.

Осы пән бойынша терең теориялық білім алу, оны тәжірибеде пайдалану іскерлігі графикалық ақпараттармен, графикалық обьектілермен жұмыс істеу дағдысын игеру қарастырылады.

Студентке пәннің барлық салаларымен тығыз байланыста екенін бағдарламамен жұмыс жасау барысында түсіндіру. Іс  -тәжірибелік құралдарын қолдану, оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы баланың пәнге деген қызығушылығы мен белсенділіктерін арттыру. Студенттердің әр пәннен алған білімін іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Топтық, ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)№___13_____
Пән атауы:  Информатика
Уақыты: 2 сағат       Топ: 131      Күні: 16.10.12
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:  Түсіндіру, баяндау, талдау, интерактивті әдіс
Сабақтың мақсаттары:
1.Оқулық: Мәтіндік процессордың графикалық мүмкіндіктері  туралы жалпы түсінік беру. Microsoft Word процессорымен жұмыс жасауға машықтандыру. Word –  тың   графикалық    мүмкіндіктерін пайдалана  білуге  үйрету
2 .Дамытушылық: Студенттердің графикалық  ақпаратты өңдеу туралы  ой – өрісін, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту
3.Тәрбиелік:  Студенттерді уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс: Компьютерлік графика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті
Пәнішілік байланыс : Microsoft Word 2007 – мәтіндік процессоры

Сабақтың жабдықталуы:

А. Көрнекі құралдар: Дербес компьютер, интерактивті тақта, слайд, MS Word мәтіндік процессорының терезесі
Б. Үлестірмелі материал: үлестірмелі тапсырмалар
В. Оқытудың техникалық құралдары:  Дербес компьютер
Г. Сабақ өтетін орын: № 70 аудитория
Д. Негізгі әдебиет: Д.Ғабдуллаев “ДКБЖ” 68-71 беттер
Е. Қосымша әдебиет: Балапанов Е.Қ. «Информатикадан:30 сабақ» 242 – 264 беттер

Сабақтың мазмұны:

І. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі:   3 – мин
А) Студенттермен сәлемдесу
Ә) Дәрісхананың сабаққа дайындығын тексеру
Б) Ақпар бойынша тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:    15 – мин

«Алтын тасты сұрақтар» арқылы үй тапсырмасын тексеру (интерактивті тақтада нөмірленген тастар берілген, осы тастарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру)
Сұрақтары:

  1. CTRL + O – пернелер комбинциясының қызметі?
  2. CTRL + N – пернелер комбинациясы қызметі?
  3. MS Word  дегеніміз?
  4. Microsoft сөзі нені білдіреді?
  5. CTRL + V – пернелер комбинациясы?
  6. Негізгі меню қызметі қандай?
  7. Құжатты сақтау үшін қандай пернелер комбинациясы қолданылады?
  8. ALT + F4  – пернелер комбинациясының қызметі?

ІІІ. Студенттерге білім қажеттілігін уағыздау:         2 – мин

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму үрдісі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осындай өңдеу қызметтерін мәтіндік редакторлар жүзеге асырады. Бұл құжаттарды енгізу, өңдеу, форматтау және сан түрлі қызметтерді орындау болып табылады. Тек мәтіндік құжаттар емес, графикалық ақпараттармен жұмыс жасау, енгізуге және оны өңдеуге мол мүмкіндік бар. Мұның барын MS Word мәтіндік редакторы жүзеге асырып жатыр.

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру:     25 – мин

 Интерактивті тақта арқылы көрсетілетін мәліметтерді көрсете отырып түсіндіру:

  1. Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері
  2. Графиктік редактор аспаптары

V. Студенттердің танымдық шығармашылығын белсендіру:        5 – мин
«Артық термин» әдісі арқылы студенттерді белсендіру
Берілген тапсырмадағы артық терминді табу.

 VІ. Теориялық білімдерін тексеру:                  10 – мин
Студенттердің теориялық білімдерін сұрақ – жауап арқылы тексеру.

Сабақтың толық нұсқасық өрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.