Келісім мен кешірім. Өзін – өзі тану. 4-сынып.

ШҚО Тарбағатай ауданы Тоғас батыр атындағы орта мектеп. Ғабдуллина Гүлназ Төлеуғазықызы.

Мақсаты: Кешірім мен келісім ұғымдарын қалыптастыру. Топпен жұмыс істеуге баулу. Сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі:  СТО  технологиясы.
Көрнекі  құралдар: слайд, түрлі түсті қағаздан  жасалған гүл  күлтелері, қағаздан  жасалған  бұлт.

Шаттық  шеңбері
Балалар  шаттық  шеңберін құрып  тұрады.Бір- біріне  жақсы тілектектерін   айтады.
Түсінісу
Бір үйдегі  екі адам                               Сыры  неде екі жайттың?
Ұғыспайды бір- бірін.                          Білсең айтшы, қарағым,
Кірсе, шықса, барлық істе                Жауап тапсаң  сұрағыма
Келіспеуі  тым қиын.                           Бәрекелді,  жарадың !

Екінші  үйде  адамдар көп,              Сәл  ойланып  тұрды  бала
Тату-тәтті  тұрады.                            Жауап  берді  ойланып
Бір- бірімен тайталаспай,               «Сыры мұның- түсінісу» –
Қас- қабақпен ұғады.                            Деп жауабын  берді анық.

Мәтінмен  жұмыс  Мақтаншақ  жолбарыс.(ертегі)
«Бағыттап  оқу» стратегиясы.

1 бөлім.
– Ертегі  қалай басталған?
– Жолбарыс  неліктен  жылады?

2 бөлім
– Жылап  отырғанын кім  көреді?
– Қарға бірінші оны  қайда  апарады?

3 бөлім
– Жайра не  деп  жауап  берді?
– Одан кейін  қайда  апарды?
– Аю екі  қонағын  қайда  апарды?
– Піл  бастап, барлығы  қайда  келеді?

4 бөлім
– Қолтырауын  не  деп  жауап  береді?
– Бұлбұл  не  істеді?
– Жолбарыс  бұлбұлдан  не  үшін  кешірім  сұрады?

Дәйексөз
М.Әуезов: «Қыл  өтпестей  татулықты  бір  ашуға  сатпайық»

– Адамдар  абайсызда бірін- бірі  ренжітіп  алғанда кешірім  сұрап, татуласады.Ал  татулық – адамдар, сыныптастар, достар  арасындағы қарым  қатынастағы  ең  бір  жақсы  қасиет.Өйткені  татулық  бар  жерде  сыйластық, бақыт, жақсы  өмір  бар.

Ойын  жаттығу.

Тақтаға  бұлттың  суреті ілінеді.Оқушыларға  түрлі- түсті  қағаздан  жасалған  гүл  күлтелері таратылып  беріледі.Олар  досының  көңілін  көтеру  үшін  бұлтты  алып  орнына гүлдің  күлтесіне  оның  көңілін  көтеретіндей  жазылған  сөзді  іледі.

Жағдаяттарды  талдау.Жағдаяттарды оқиды.
–         Сендер  Айбектің  орнында  болсаңдар  не  істер  едеңдер?
–         Әңгіменің  қалай  аяқталғанын  қалар  едіңдер?
–         Мәдина  мен Жанардың  достығы  қалай  жалғасуы  мүмкін?

Сергіту сәті

Екі  топқа  бөлінген  оқушылар қол  ұстасып, екі  шеңбер  құрып еденге  отырады.Мұғалімнің  «Қане, тұрайық!» деген  сөзін  естігенде бәрі  бірдей  қолдарын  жібермей бірге  тұру  керек.Тұрған  соң қол ұстасқан  күйі артқа  шалқайып, ашылып  келе  жатқан  гүл  шоғырын  бейнелейді.

Жаңа  ақпарат

«Басқа  адамның  кемшілігін, қателігін  кешіру және өз қатесін  түсініп, мойындап  кешірім  сұрау адам  бойындағы  жақсы  қасиет».

Тапсырма
«Сыныптастарыңмен  келісімге  келіп, кешіре  білген кездеріңді  еске түсіріп  айтыңдар».

Дәптермен  жұмыс
Жүрекшенің  ішіне «Мен  кешірім  сұрай  білемін…»айдарымен  берілген  жолдарға  өз  ойларыңды  жазыңдар.

Қорытындылау
–         Адамдар  арасында  келіспеушілік  болған  кезде  реніш, өкініш, ренжіту, өрескелдік  байқалып  қалады.Әдепті  адам  татулықты  жоғалтпау  үшін кінәлі  жағдайда  алдымен  кешірім  сұрай  білу  керек.Шынайы  дос  кешіре  біледі, достықты, досты  қадірлей  біледі.

Жүректен  жүрекке
Балалар  шеңберге  жиналып,дөңгелене  тұрады.А.Оразақынның «Татуласу» өлеңін  бәрі  бірге  айтады.

Татуласу
Әкел, досым, қолыңды,                          Баққа бірге кірейік,
Татуласқан   орынды.                              Қол ұстасып жүрейік.
Өкпелесіп  не  керек,                               Татулықтың белгісі,
Көрсет, қане, соныңды                           Кел,қосылып күлейік

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.