География-8. Биік таулар.

Шығыс Қазақстан облысы. Аягөз ауданы. «К.Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі» Георгафия пән мұғалімі Оралгазина Рыскамал Сулейменханқызы

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қазақстанның таулы өлкелері мен ең биік таулар туралы оқушылардың білімін толықтыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың баяндай білу,есте сақтау,ойлау, картамен жұмыс істеу,шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: өз елін,жерін сүюге,оны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы,атлас,кескін карта, суреттер,  слайдтар.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру
II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
III.Жаңа сабақ түсіндіру.

u Сауыр- Тарбағатай
u Тянь-Шань тауы
u Алтай тауы
u Жоңғар Алатау

Алтай тауыСібірдің оңтүстігіндегі  ең биік таулы өлке.Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр.Оны Оңтүстік Алтай,Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады

 Оңтүстік Алтай-Солтүстігінде Бұқтырма өзені,оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр.Ресеймен мемлекеттік шекарада Алтайдың ең биік Қатын жотасы орналасқан. Оның ең биік шыңы Мұзтау (4506 м) .Шығыстағы биік бөлігінің төбелерін қара мен мұздықтар басқан үшкір шыңды болып келеді.

Батыс және Кенді Алтай-Қазақстан жеріне Алтайдың батыс сілемдері кіреді.Олардың бастылары:Листвяга, Холзун,Көксу және олардың тармақталған Үбі, Иванов,Үлбі жоталары. Батыс Алтайдан көптеген пайдалы қазбалар табылған.Сондықтан да Батыс Алтайды Кенді Алтай деп атайды.

Қалба жотасы-Алтай тауларының Ертіс өзенінің батысқа қарай 400-км созылған жалғасы болып есептеледі.Ең биік жері Сарышоқы шыңы(1606 м ).Батысында жота бірте—бірте аласарып,Сарыарқаға ұласып кетті.

Сауыр-Тарбағатай-Ол Сарыарқаның шығыстағы жалғасы болып саналады.Сауыр-Тарбағатайдың солт. Зайсан қазаншұңқыры,ал оңт. Алакөл қазаншұңқыры жатыр.Сауыр жотасының ең биік жері Мұзтау шыңы 3816м.Тарбағатай жотасының биік нүктесі Тастау 2992м.

Қытай мен Қазақстан шекарасында, Жоңғар Алатауы мен Барлық жотасының аралығында Жоңғар қақпасы деп аталатын тау аралық ойыс бар.Ең биік жері Бесбақан (4622 м ) орналасу биігіне қарай бірнеше сатылы болып келеді.

Тянь-Шань өлкесіҚазақстанның оңтүстігімен солтүстігін алып жатыр. Ең биік нүктесі Хаңтәңірі (6995 м ).Орталақ Тянь-Шань Солтүстік Тянь-Шаньға Кетпен жотасы, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Шу-Іле таулары, Қырғыз Алатауы жатады.

Қытай, Қазақстан, Қырғызстан  шекараларының түйіскен жерінен басталады

IV.Слайд арқылы деңгей тапсырма

V.Кескін картамен жұмыс

1.Таулардың географиялық орнын түсіру.

2.Ішкі суларын көрсет.

VI.Үйге тапсырма

VII.Бағалау

Сабақтың толық нұсқасын көренкілктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

merekemyrza000

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.