Информатика 4 класс. Тізбектер

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі А.Б.Жалғасбаева 

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:           Оқушыларға тiзбектер түсiнiгiн беру.  Оқушыларға берілген әрекеттер тiзбегін өз реттілігімен бұлжытпай  орындау дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, ой-өрісін дамыту
Тәрбиелік:           Ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі:             Саяхат сабақ
Пәнаралық байланыс:  математика, қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта, диск

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 арал «Есте сақтау»
Қауіпсіздік техникасының ережелерін есімізге түсірейік.

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.
         2 арал «Кітаппен жұмыс»
Тапсырма
1. Әрiптердi өз орнына қой.
Жауабы:  ТIЗБЕКТЕР.

2.  Тiзбектiң реттiлiгiн анықта.
Жауабы:

  1. Таңертең                1. Ертеңгi ас
  2. Түс                     2. Түскi ас
  3. Кеш                     3. Кешкi ас

3.  Әлімге бiр ғана әрiптi өзгерту арқылы “СЕРТ” сөзін “ҚАЛА” сөзіне, “САН” сөзін “ТӨЛ” сөзіне ауыстыруға көмектес.
Жауабы:
СЕРТ/САРТ/ҚАРТ/ҚАРА/ҚАЛА                 САН/САЛ/ТАЛ/ТӨЛ

4.Амалдардың  орындалу тәртiбiн көрсет.
70-(14+36):5 =  60
Жауабы:

  1.    1.        Жақшаның iшiндегiнi орындау.
  2.    2.        Бөлу амалы.
  3.    3.        Азайту амалы.

3 арал «Өткенді қайталау аралы»
1. Компьютерді қосу, өшіру, компюьтер құрамына байланысты тапсырмалар. (диск).
2. Күн тәртібін рет-ретімен қой.

Кітаппен жұмыс.
6.Әрекеттерді орында.
Жауабы: Үш таңбалы сан жаз:       321        214
Оны керi жаз.                              123        412
Үлкенiнен кiшiнi ал.                   198       198
Ортаңғы цифрды жаз.                  9             9
Екi шеткi цифрдың қосындысын жаз.        9           9

ІІІ. Бекіту
1. Не өттік?
2. Не үйрендік?

ІҮ. Қорытындылап, бағалау.
Ү. Үйге тапсырма
5. Әрекеттердi рет-ретiмен қой.
7. Тiзбектiң ретiн  дұрыс көрсет.

Тізбектер сабағының презентациясы. 4-кл.ppt

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.