Информатика 3 класс Paint графикалық редакторы

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі А.Б.Жалғасбаева

Сабақатың тақырыбы: Paint графикалық редакторы нысанды көшіру және қою

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Paint графикалық редакторындағы салу құралдары жөнінде алған білімдерін жинақтау.

Дамытушылық: Оқушыларды осы редакторды толық меңгеруіне көмек бере отырып, сабақ үстінде жылдам, әрі тиянақты жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтай отырып, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

ІІ.Өткен сабаққа шолу.

1. Қауіпсіздік ережесін сұрау.

2. Paint графикалық редакторы деген не?

3. Paint графикалық редакторын іске қосу әрекетінің тізбегін ата.

4. Paint графикалық редакторының элементтерін көрсет.

ІІІ. Практикалық тапсырмалар.

  1. Paint редакторын аш.
  2. Бір балапанның суретін сал. Балапан жалғыз қалмас үшін оның қасына бірнеше балапандарды қою қажет Біз олардың суретін салмаймыз, соның өзін көшіріп аламыз.
  3. ВЫДЕЛЕНИЕ құралын шерт. Осы ВЫДЕЛЕНИЕ құралынынң ішінен ВЫДЕЛЕНИЕ БЕЗ ФОНА құралын таңда.
  4. Правка менюіндегі КОПИРОВАТЬ командасын таңдап, тышқанды шерт.
  5. Правка менюіндегі ВСТАВИТЬ командасын таңдап, тышқанды батырмасын шерт.
  6. Бірнеше балапан жаса.

ІҮ. Демалыс сәті: Көзге арналған жаттығулар.

Ү. Ребус шешу.

Монитор, компьютер, интернет

ҮІ. Бекіту.

Ой шақыру:

ҮІІ: Қорытындылап, бағалау.

Paint графикалық редакторы презентация

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.