Химия. «1001 мақал, 101 жұмбақ» (стс).

anargulbat000Ақтөбе облысы. Темір ауданы. Шұбарқұдық кәсіпшілігі. №2 қазақ – орыс орта мектебі.
СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА.
ӨТКІЗГЕН: Қайболдина Анаргүл Мусабекқызы. биология – химия пәні мұғалімі, II категориялы.
2010-2011 оқу жылы.

Ұстаздың басқа да жұмыстары:

1. ХИМИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА “АЛТЫН    САҚА” (прз).

2. Хмимя-10. “Темір және оның  қосылыстары” сабағына арналған презентация.


Мақсаты:
оқушылардың ой-өрісін дамыту,жауапкершілікке,шапшаңдыққа баулу, халықтық педагогика негіздерін насихаттай отырып,оқушылардың пәнге, сыныптан тыс шараларға қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: төс белгі, суреттер, жалауша
Өтілу барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Негізгі бөлім.
3. Қорытынды бөлім.(мараппаттау)

Өтілу жоспары:

1. Мақалшылар ойыны. а)алғашқы ойын.
ә) келесі кезек.
б) көрермен көрімдігі.

2. Жұмбақшылар ойыны. а)алғашқы ойын.
ә) келесі кезек.
б) көрермен көрімдігі.

3. Мақалшы мен жұмбақшы сайысы:
а) ақырғы ойын.
ә) жеңімпазға тапсырма

Шарты:

1) мақалдың жалғасын табу
2) нақты жауабын айту
3) уақытты тиімді пайдалану
4) тәртіп сақтау

1. Мақалшылар ойыны.  а)алғашқы ойын (жалғасын табу)

1) Баба бүркіт барлап ұшады,балапан бүркіт шарлап ұшады.
2) Көкқұрақ-көлдің сәулеті, аң мен құс-елдің дәулеті.
3) Отыз тістен шыққан сөз,отыз рулы елге тарайды.
4) Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.
5) Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде.
6) Жер көңді жақсы көреді,ат жемді жақсы көреді.
7) Бабалар еккен шынарды,балалар саялайды.
8) Екі аяқтың қадірін ақсағанда білерсің.
9) Балалы үйрек көлден кетпес.
10) Мәуелі ағаш- майысқақ.
11) Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас.
12) Бұлбұл үнді, жылан тілді.

ә) ұпайы аз ойыншы ойыннан шығып кетеді де, қалған 2 ойыншы тоқтап қалғанша мақал айтысады,1-ойыншы мақал айтып, сол мақалдың 1сөзіне 2-ойыншы мақал құрайды.

(МАҚАЛШЫЛАР ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛАДЫ)

б) көрермен көрімдігі.
(ат, егін, тал, қарға, көз сөздеріне байланысты мақал айту)

2.Жұмбақшылар ойыны. а)алғашқы ойын.(жауабын айту)
1) Ти десем тимейді, тиме десем тиеді. (ерін)
2) Текшелеп тебен арттым томашаға, томашам жүгіреді оңашада.(кірпі)
3 )Әр желінің асты толған көк қоян, жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.(қияр)
4)Денесіне қапталған, сырты түбіт тоны бар,дыбыссыз кіріп шығады,бүкірейген жоны бар. (мысық)
5) Аласы бар,жасылы бар, көгі бар, ішін ашсаң қара мөлдір дәні бар.(қарбыз)
6) Ортасында ақ көлдің,қара көлге тап болдым. (көздің ағы мен қарасы)
7) Құстың атын алған, аңның затын алған.(түйеқұс)
8) Дөңгеленіп өседі, желмен бірге көшеді. (қаңбақ)
9) Бір топ жыңғыл ішінде, бір жапырақ қызыл гүл. (қырғауыл)
10) Жас кезінде қара орман, жыл озған сайын ағарған. (шаш)
11) Құрлықта жүре білмейді, суда жүзе біледі, сауыт қылып үстіне күмісті тізе біледі. (балық)
12)Егіздер кезікпейді бір-бірімен,арасы екі елі бір-бірінен. (көз)

ә) ұпайы аз ойыншы ойыннан шығып кетеді де, қалған 2 ойыншы тоқтап қалғанша бір-біріне жұмбақ жасырады.
(ЖҰМБАҚШЫЛАР ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛАДЫ)
б)көрермен көрімдігі.

1.Иір-иім денесі, сахараның кемесі,ащы шөптер тамағы,шөлге шыдап бағады.(түйе)
2.Жолбарысқа ұқсайды, тышқанды ғана ұстайды. (мысық)
3.Әр бұтақтан оншақты, көрдім қызыл моншақты. (шие)
4. Су бетін сызып, ақ құман жүр ж.зіп. (аққу)
5. Бойын жерге жасырған, бұрымы бар жасылдан. (сәбіз)
3. Мақалшы мен жұмбақшы сайысы: а)ақырғы ойын.

(жұмбақшыға жұмбақ жасырылады, оның айтқан жауабына мақалшы мақал құрайды)

1) Ата отыр тон киіп. (аю)
Аюға намаз үйреткен таяқ.

2) Тіл ұшында уы бар, ол не екен біліп ал. (жылан)
Жыланды 7 кессең де, кесірткедей қауқары бар.

3) Жезге ұқсас сабағы, дәні халық тамағы. (бидай)
Арпа-бидай ас екен,алтын-күміс тас екен.

4) Халық сенген, жылға енген, бойы аласа, өнімі тамаша, сүтін ішіп, етін жейсің, айтшы қане қай түлік дейсің? ( қой)
Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір.

5) Өзіңмен бірге өседі, өзіңмен бірге төсегі. (шаш)
Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа.

6) Екі көрші өзгелерді көрсе де, бірін-бірі уөрмейді. (көз)
(ЖЕҢІМПАЗ ОЙЫНШЫ АНЫҚТАЛАДЫ)

б) жеңімпазға тапсырма
«Қараменде шешен не деген?»

Ақын әрі шешен Жидебай қартайған шағында құрдасы Қарамендеге арнайы кісі жіберіп:

-Бел неге жетім?
-Көл неге жетім?
-Ел неге жетім?
-Ер неге жетім?
-Қарт неге жетім?

-Сөз неге жетім?- деп сұратқан екен, сонда Қараменде шешеннің айтқаны:
-Елі көшсе, бел-жетім,
Үйрек-қаз кетсе, көл-жетім,
Ері жоқ ел-жетім,
Елі жоқ ер-жетім,
Жасы жеткен қарт-жетім,
Парықсыз болса сөз-жетім.

Check Also

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

Один комментарий

  1. Рахмет, нағыз керек еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.