И-9. Программа және оның құрылымы.

ШҚО, Аягөз қаласы «№5 жылпы білім беретін орта мектеп» КММ Информатика пәні мұғалімі Раисов Бекжан.

Сабақтың мақсаты:
¨     Білімділік: Оқушыларға паскаль программалау құрылымымен таныстырып  программа құра отырып, есептер шығарту
¨     Дамытушылық:  Оқушыларды есеп шығару барысында паскаль тілінің командаларымен, операторларымен таныстырып, компьютерде паскаль тілінің шығарылу жолы өзгеше екенін түсіндіре отырып, бар қабілеттерін   дамыту.
¨     Тәрбиелік: Оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, мақсаттылыққа, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке, есеп шығаруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Баяндау, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайд, кестелер

Сабақтың барысы:
¨            Ұйымдастыру кезеңі
¨            Үй тапсырмасын тексеру
¨            Жаңа сабақ түсіндіру
¨            Үйге тапсырма беру
¨            Оқушыларды бағалау

¨     Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, түгендеп, жоқ балаларды журналға түсіремін. Оқушылардлың сабаққа даярлығын тексеріп, тақтаны дайындап,  слайдты ашып, оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

¨     Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын тексеріп, өткен тақырыпты пысықтау ретінде сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. 1.     Паскаль қандай программалау тілі?

(Жоғары деңгейлi программалау тiлдерiнiң бiрi – Паскаль тiлi. Оқып-үйренуге жеңiл, түрлi салалық информациямен жұмыс iстеуде нәтижелi болғандықтан,  дүние жүзiнде  көп тараған тiлдердiң бiрi.)

Program <программаның аты>
             Сипаттау бөлімі
begin
           Операторлар бөлімі
end.
  1. 2.     Сипаттау бөлімі неше  бөліктен тұрады?

(Сипаттау бөлiмi программада кездесетiн барлық шамаларды және олардың сипатын шамалардың атын, олардың типiн, ықтимал мәндерiн көрсетуге бағытталған

USES- кітапханалық модульдерді сипаттау бөлімі
LABEL – таңбалар бөлiмi
CONST – тұрақтылар бөлiмi
TYPE – типтер бөлiмi
VAR – айнымалылар бөлiмi
PROCEDURE – процедуралар бөлімі
FUNCTION – функцияларды бөлімі)

  1. 3.     Операторлар бөлiмiнде қандай әрекеттер  тiзбегi жазылады?

(деректер , дерек енгізу, операциялар немесе амалдар , нәтиже алу (шығару), шартты атқарылу, цикл, қосымша программа , түсніктеме )

  1. 4.     Паскаль тілінің программа құрылымы қандай?

(Паскаль тiлiнде программа тақырып жолынан, сипаттау бөлiмiнен, операторлар бөлiмiнен тұрады)

¨     Жаңа сабақ түсіндіру

Сызықты бағдарлама жазу үшін Паскаль тілінің қарапайым операторлары қолданылады:

  • «:=» Меншiктеу операторы      
  • Write  немесе writeln    –       Шығару операторы
  •  Read немесе  readln –       Еңгізу операторы

І,ІІ,ІІІ қатарларға оқулықтан жауап  іздеу тапсырмалары беріледі  

Меншiктеу операторы

Шығару операторы

Мәліметтерді еңгізу операторы

Меншiктеу операторы

Меншiктеу операторының көмегiмен айнымалыға немесе функцияға есептелiп отырған өрнектiң мәнi меншiктеледi. Ол үшiн “:=” белгiсi қолданылады. Бұл белгiнiң сол жағында айнымалының немесе функцияның аты, ал оң жағында олардың қабылдайтын мәндерi немесе сол мәндердi есептейтiн өрнек жазылады

:=     меншіктеу операторы;

Шығару операторы.

Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE (жазу) операторы (процедурасы деп айтылады) қолданылады:    WRITE (a1, a2, …, an); мұндағы жақша ішінде жай айнымалылар немесе апострофтармен қоршалған символдар тобы болуы мүмкін. Мысалы, егер B =17.15 болып, мына команда орындалғанда:   WRITE (‘B мәні = ’, B);экранда    В мәні = 1.715E+01деген сөз тіркесі көрінеді.  write (writeln)-нәтижені шығару.

Паскаль тілінде параметрсіз шығару операторы WRITELN жаңа жолға өту үшін қолданылады.    Егер WRITELN(a1, a2, …, an); операторы қолданылса, онда a1, a2, …, an  мәндерін экранға шығарған соң курсор келесі жолға көшеді.    WRITE операторын түсініктеме беруге қолдануға болады. Мысалы:    WRITE(‘A,B,C мәндерін енгізіңдер:’);

Мәліметтерді еңгізу операторы

    READ операторы орындалғанда параметрлер өздеріне сәйкес мәндерді қабылдайды. Паскаль тілінде мәлімет енгізетін READ (READ – ағылшынша оқу) операторының жалпы түрі (пішімі) төмендегідей:

READ(a1, 2, …, an);
READLN(a1, a2, …, an);
READLN;

Сабақтың толық нұсқасын көренкілктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.