Математика. Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу. Паскальдің графикалық режимі.

ШҚО, Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Математика пәні мұғалімі Фаткулина Г.М.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі   тақырыбы  бойынша алған білімдерін жинақтау, есептер шығару.
Тәрбиелік:      экономикалық сауаттылыққа, үнемшілдікке, жинақылыққа, жаңа қоғамға сәйкес тәрбиелеу.
Дамытушылық:  Шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға, өз жетістігін бағалай білуге дағдыландыру, ойлау, танымдық қабілеттерін, логикалық   сауаттылығын , өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі:  Сұрақ – жауап,жұптық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар : сызықтық функциясының, кері пропорционал функциясының, шеңбер теңдеуі, у = ах2 + bх +с функциясының графиктері, үлестірмелі карточкалар

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Қайталау сұрақтарын қою
  3.   Есептер шығару
  4. Жұптық тапсырма
  5. Үйге тапсырма беру
  6. Сабақты қорытындылау

Қайталау сұрақтарын қою. Сұрақтар слайдтардан көресіледі :

1.Теңдеулер жүйесін графиктік
тәсілмен шешу алгоритмі

1).Теңдеулер жүйесіндегі айнымалылардың бірін      аргумент, ал екіншісін функция ретінде қарастырамыз;
2). Теңдеулер жүйесінің әрбір тендеуінің графигін тікбұрышты координаталар жүйесінде саламыз;
3). Теңдеулер графиктерінің қилысу нүктелерінің координаталарын анықтаймыз;
4). Жүйенің жауабын айнымалының сандық мәндерінің жұбы түрінде жазамыз.

Көрнекті сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Паскалдан жиі қолданыстағы тақырыптық есептер (40 есеп+шешуі).

Раушан Сыздықова. Паскалдан жиі қолданыстағы тақырыптық есептер. Барлғы 40 есеп және барлық есептің паскаль тіліндегі …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.