Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді оқу және жазу.

Батыс Қазақстан Облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылы Алғабас ОЖББ мектебінің математика пәні мұғалімі Нағима Серікқалиқызы Утекова

Сабақтың алға қойған мақсаты:  кейбір бөлімі 10, 100, 1000 … т. с. с. болатын жай бөлшектердің бөлімсіз жазылуы. Ондық бөлшек деп аталатын сандармен танысу. Оларды оқу және жазуды үйрену. Бірліктен де кіші разрядтар, олардың атаулары, ондық бөлшектерді оқу және жазудағы маңыздылығын меңгерту.
Техникалық құрал- жабдықтар:  бейнепроектор, компьютер.
Барысы:

Жоспары:

  1. Іріктеу.
  2. Жаттығу.
  3. Сөре.
  4. Өрлеу.
  5. Нысана.
  6. Мәре
  7. Марапаттау рәсімі.

«Іріктеу».   Қайталау сұрақтары:
1. Қандай сан жай бөлшек деп аталады?  Мысал келтір.
2. Аралас сан дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Жай бөлшектің қасиеттері?
4. Толықтыру дегеніміз не?

Мына сандарды оқы, бүтін және бөлшек бөліктерін ажырат:
«Жаттығу»
Ондық бөлшектерді жазу

Жай бөлшектерді бөлімсіз жазу
2,3                0,51               5,03                0,219   Бұл сандар ондық бөлшектер.

Үтір арқылы жазылған бөлшек сандар ондық бөлшектер деп аталады.

Ондық бөлшектердің жазылуында үтірдің сол жағында– ондық бөлшектің бүтін бөлігі жазылады, ал оң жағында ондық бөлшектің бөлшек бөлігі жазылады.

Мысалы:
1)  2,3 санында  2- бүтін бөлігі,   3- бөлшек бөлігі
2) 5,03 санында  5- бүтін бөлігі,   03- бөлшек бөлігі
3) 0,51 санында  0- бүтін бөлігі,   51- бөлшек бөлігі
4) 0,219 санында 0- бүтін бөлігі,   219- бөлшек бөлігі

Бөлімдері 10; 100; 1000 т.с.с болатын жай бөлшектің бөлімінде қанша нөл бар болса, ондық бөлшек түрінде жазғанда үтірден кейін сонша таңба болуы тиіс.

Қажет жағдайда бөлшек бөлігіне үтірден соң керегінше нөл тіркейміз

Мысалы:
5,7                               3,19                            0,007

Тең ондық бөлшектерді жазу

Ондық бөлшектердің жазылуында бөлшек бөлігінің соңына нөлді немесе бірнеше нөлді тіркеп жазсақ, немесе соңғы нөлдерді алып тастасақ ондық бөлшек өзгермейді.

Мысалы:
1)   5,7= 5,70= 5,70000
2) 0,09 =0,090= 0,09000
3) 1,090000 =1,0900= 1,09

Ондық бөлшектердің разрядтары

Ондық бөлшектер де натурал сандар секілді разрядтарға бөлінеді. Ондық бөлшектердің бірліктен кіші разрядтары болады. Ол мына кестеде көрсетілген:

Ондық бөлшектер разрядтары

……… Мыңдық Жүздік Ондық Бірлік Ондық үлес Жүздік үлес Мыңдық үлес Он мыңдық үлес Жүз мыңдық үлес ……..

Ондық бөлшектерді оқу

Ондық бөлшектерді оқығанда алдымен бүтін бөлігі оқылады, содан кейін бөлімі ретінде ең кіші разряды шығыс септігінде оқылады.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.