И-10. Презентация жасау

asemsultan00Атырау облысы, Индер ауданы, «Көктем» қазақ орта мектебінің Информатика пәнінің мұғалімі Сұлтанова Әсемгүл Қойшанқызы

Білімділік мақсаты: Презентацияны жасаудың жаңа мүмкіндіктерімен  таныстыра отырып, қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың компьютермен жұмыс істеудегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін пайдалана білулеріне ықпал ету;
Тәрбиелік мақсаты: Белгілі бір адамгершілік қасиеттерді, рухани байлықты,эстетикалық, еңбексүйгіш дағдыларды қалыптастыру. Пәнге деген көзқарасты, білімге деген құштарлықты тәрбиелеу.
Сабақтың типі:  Білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: түсіндіру, сөздік, көрнекі , практикалық
Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сандарды сөйлет. «Терезе элементтерін ата».
  2. Сұраққа жауап. «Жалғастыра жарысу».
  3. Мәтінді сақтау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1.  Шығармашылық тапсырма. «Білген сайын келеді, біле бергім»
2. Өзін-өзі тексеру. Электрондық оқулықпен жұмыс.
3. Сергіту сәті. Ребус шешу.

V.Қорытынды.
1. Топтастыру стратегиясы.
2. Түртіп алу стратегиясы.

VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру.      .

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.  Оқушыларды 2 топқа бөлу:

 І топ: «Графика», ІІ топ «Анимамация»
ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру. І топ: «Графика»

1.     Сандарды сөйлет. Терезе элементтерін ата.

3
1
2
5
6
9
8
7
4

 2. Сұраққа жауап. «Жалғастыра жарысу». ІІ топ «Анимамация»
1. Microsoft Power Point бағдарламасы қалай іске қосылады? (Пуск – Программы – MS Power Point)
2. Презентация дегеніміз не? (Өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, енгізу нәтижесін бақылауды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. Қорытып айтқанда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну – бұл әрдайым презентация)
3. Презентация ұғымы қандай мағына береді? (Латынша  praesento тапсырамын, ағылшынша ұсыну)
4. Слайд деген не? (Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді)
5. Слайдта орналасатын объектілерге…. (Фон, мітін, гиперсілтемелер, колонтитулдар, кестелер, графикалық бейнелер, жазулар, диаграммалар, фильм, дыбыс, бағдарша (ярлык) жатады)
6. Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар? (Microsoft Power Point бағдарламасында бейнелеу режимдерінің  төрт түрі қарастырылған: әдеттегі, құрылымдық, слайдтар, слайдтарды сорттаушы. Слайдтарды көрсету деп аталатын бесінші режимде, слайд кескіні толық экранда орналасады)
7. Слайдтарды баспаға қалай береміз? (Презентацияның кез-келген компонентін баспаға шығару үшін, оны ашып, Файл – Печать командасын беріп, басылатын объектіні: слайдтар, берілулер, мақала беттерін немесе құрылымын көрсету қажет)

3.Мәтінді сақтау. 
              І топ: «Графика»                          ІІ топ «Анимамация»

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.