8 cынып. Компьютерлік вирустар және олардан қорғану

 Батыс  Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бірлік орта жалпы білім беретін мектебі Информатика пәнінің мұғалімі Қабашева Г.Б.

Білімділік масқаты: Оқушыларды компьютерлік  вирустар  түрлерімен және олардан қорғану  әдістерімен  таныстыру
Дамытушылық  мақсаты:  Оқушыларды  компьютерлік  ақпаратты  қорғай білуге,  антивирустық  қорғауды  пайдалана  білуге  үйрету
Тәрбиелік  мақсаты: Өз білім  нәтижелерінде өздерін  бағалай  білуге, қазіргі  заман ағымына  сай  компьютерлік біліктілікке  тәрбиелеу.
Сабақ  типі:               Білім, іскерлік  дағдыны  жетілдіру
Сабақ әдісі:               Интерактивтілік, презентацияланған
Сабақ  түрі:               Іскерлік-ойын
Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: ЕТ, интерактивті тақта,  VisualBasic программасымен  құрылған   автотест бағдарламасы,  Powerpoint  программасында даярланған слайдтар,  Касперский антивирусы, Windows операциондық жүйесі
Сабақ  барысы:         1.Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлематсыздар ма  балалар? Компьютерлік  вирустық программаларға  қарсы  күресетін  Касперский  зертханасына қош келдіңіздер! Іскерлік – ойын сабағымызды  бастайық! Касперский  жебелерімен вирустарды атқылап, тапсырмаларды орындау  арқылы  вирустың  кері  әсерін жою қажет. Жұмыстың  көбеюіне байланысты    сіздер үшін зертханадағы жаңа жұмыс орындарына  іріктеу туры өтеді.  Тапсырмаларды орындап, вирустың кері әсерін жоюда  жоғары балл жинаған  үш оқушы  бас  лаборант, лаборант, оператор мамандықтары бойынша  жұмысқа  қабылданады.
2. Үй  тапсырмасын  тексеру.
І  тапсырма. Файлдар мен бумаларды іздеу.  «Ұмытшақ  досыма көмек»
Практикум.

Міне  осылай ұмытшақ  досымызға жоғалтқан құжаттарын тауып алуға көмек  бердік
2. «Өткенге  шолу»  автотест  тапсырмаларын орындау. Тест  тапсырмасын  орындаған  кезде компьютер автоматты  түрде  қанша  дұрыс  жауап  бар екенін  анықтап, бағалайды.

3. Жаңа сабақ.
Оқушылар  бүгінгі сабағымызды Касперскийдің  зертханасында өткізіп отығанымыздың мәнісін түсінген шығарсыздарІ Бүгінгі іскерлік ойын сабағымыздың тақырыбы  осы зертханамен тығыз байланысты. Сабақтың  толыққанды  тақырыбын  анықтау  үшін  өтілген тақырыптар бойынша қайталау  сұрақтарына  жауап  береміз.

  1. Компьютер жады қалай бөлінеді?
  2. Сыртқы  жадтарды ата.
  3. Ішкі  жадтарды  ата.
  4. Компакт  дискілердің  түрлерін ата
  5. Қазіргі кездегі компьютерлер түрлерін  ата
  6. Микропроцессор қандай  құрылғы?
  7. Компьютер өшкенде ақпараттары өшетін жад қалай аталады?
  8. Монитор  түрлерін  ата

Кейбір оқушылар өздері  оқулықтан тыс компьютерлік вирустар, антивирустар, компьютерлік вирустардың зардабы тақырыптарына даярланып келіпті. Жаңа  сабақты  жүргізу  құқығын осы  оқушыларға тапсырамын./Жаңа  сабақты  оқушылар  өздері  түсіндіреді/
1. Вирус ұғымы туралы 1 оқушы мағлұмат береді
«Вирус»  сөзін  естісек, биологиядан таныс  ауру  тудыратын  микрооргганизмдер  еске  түседі. Осыдан  23 жыл бұрын, 1986  жылы  Пакистанда  жасалған Brain  вирусы шығып, алғашқы компьютерлік вирус эпедемиясы желімен  таратылды. Компьютерлік  вирус-көбейтілуге және басқа программаларға жұғуға  қабілетті, өлшемі  шағын /200-5000 байтқа дейін/ компьютерлік программа. Врустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй  мамандар басқа  бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқұмарлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады. 1970  жылдарда  компьютерлік  желілердің  дамуы  және  дербес  компьютерлердің  пайда  болуы – компьютерлік  вирустардың  дамуына  үлкен  қозғау  салды. Ең алғашқы  вирустық  программаны  құрған  адам  ретінде  Калифорния  университетінің  аспиранты Фрэд Коэн саналады. Ол 1983  жылдың  қараша  айында  компьютерлік  ақпараттың  қауіпсіздігі  туралы  ғылыми  еңбегін жазу  кезінде алғашқы  вирустық  программаны  құрады. Ғылыми  тілде   вирустық  программаларды – Rick ware  деп  атайды.
2.Жаңа  вирустық программалардың саны   үнемі  көбейіп өзгеруде, сондықтан  врустар табиғатын, вирустардың жұғу  әдістерін және олардан қорғануды білу керек.
Вирустардың  негізгі  түрлері. Слайд
Вирустың таралу жолдары Слайд
Компьютердің  вируспен  зақымданғанын дер кезінде  анықтау  үшін  вирустардың пйда болларының негізгі белгілерін білу қажет:

  1. Программалардың оқыстан жұмысын тоқтатуы немесе жұмыс істемеуі
  2. Компьютердің  баяу  жұмыс істеуі
  3. Фаилдардың  жоғалуы немесе ішіндегілердің  өзгеруі
  4. Дискі  жадының және жедел жадының  көлемінің кенеттен  азаюы
  5. Компьютердің жиі қатып тұрып қалуы, жаңылысуы

4.Сергіту  сәті. «Сен білесіңбе?» айдары.
Компьютерлік  вирустардың  келтірген  ең  ауыр  зардаптары

5.Вирустарды табуға және  жоюға  мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады.

Вирустың программасын жазатын программистер  немесе хакерлер жаңа вирустық программаларын жазып отырады, сондықтан  компьютеріміздегі антивирустық  программаларымыздың базаларын жаңартып отыруымыз керек. Вирустық программаларды жазып, тарату барлық  мемлекеттерде  заңмен  қудаланады.
Бекіту  тапсырмалары.

  1.  Бекіту  сұрақтары. Слайд
  2.  «Мои  документы»  қапшығын Касперский антивирустық программасының көмегімен вирусқа  тексеру.

Үйге  тапсырма. 5.5. тақырып  оқуға. Тақырыпқа байланыстырып сөзжұмбақтар құрып келу
Бағалау. Оқушылардың баллдарын есептеп, бас лаборант, лаборант, оператор мамандықтарына оқушыларды тағайындау. Сертификатын табыс ету.
Қорытынды  сөз. Балалар біз бүгінгі  сабағымызда  вирус  түрлері, оларды зияндар және  вирустардың қайдан пайда болатыны  туралы  ақпарат  алдық.Компьютеріміздегі  ақпараттарды  қорғау  үшін  компьютемізге  антивирустық программаларды орнатып, олардың базасын интернеттің көмегімен жаңалап отыруымыз және компьютерге қандай да болмасын сыртқы ақпарат тауыштар қоссақ, міндетті түрде вирусқа тексеру жұмысын жүргізуіміз  керек. Сонымен вирусты  машина  тілімен  жазылған  команда  деп  айтуға  болады  екен.. Оны  орындайтын  компьютерді әртүрлі  жұмыстар атқаратын қазіргі кездегі робот деуге болады. Робот қозғалыс арқылы жұмысты орындаса, компьютер логикалық командаларды орындайды екен. Болашақта қандай мамандық иелері болсаңыздар да, адамзатқа пайдалы   іспен айналыссаңыздар екен .

 сабақ презентациясын + тест көшіріп алыңыз 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.