Тәрбие басы – отбасы.

БҚО Тасқала ауданы Қ.И.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі  Ахметов Асылбек бастауыш сынып мұғалімі

Отбасы-адамзат қоғамының ең шағын бейнесі.Қоғамда отбасы екі түрлі қызмет атқарады.Біріншісі дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі дүниеге келген сәбиді қатарынан қалдырмай ,заман талабына сай жетілдіріп,қалыптастыру.Отбасы – ең алғашқы жеке тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта.Сондықтан отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар бар.Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейлері баланың әлеуметтік құндылықтарды игеруге игі әсерін тигізеді.

Отбасында балалардың мүмкіндіктерін барынша дамытып, оны өмірде қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай түрін болса да,атқаруға  психологиялық  тұрғыдан даяр болуға, шығармашылық әрекетке дайын болуға,өзінің білімін үнемі жетілдіріп отыруға тәрбиелеу керек.Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты.

–          ынтымақтастық қарым-қатынас,яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым қатынасы,түсіністік пен көмекке бағытталуы

–          ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым –қатынас

–          жақсы  қарым –қатынасты сақтай отырып,өзара жетістікке жетуді көздеген  қарым -қатынас

–          бәсекелестік,барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым – қатынас.

Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады.Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жібереді, мұндай жағдайда ешқандай   қарым –қатынас болмайды.Ал кейбір отбасында бедел орын алған .Оның да өзіндік ерекшеліктері бар,онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы,бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді.Қазіргі  кезде заман ағымына қарай,отбасында еркіндік қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар,яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді.

Түйіндей келе ,отбасында орныққан  қарым-қатынас түрі  мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан  да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді,ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды.Бала үшін ата-ана игілік жасаушы ,айтушы болып табылады.Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған,болашағына ,арманына балаған. «Балалы үй –базар,баласыз үй -мазар», «Босағасын алтыннан соқсаң да перзент сүймей, адамның мейірі қанбас» -деп барлық асыл сөздерін арнаған.Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген.Қазақ отбасы ата-ана,әке-шеше,балалар үш құрамнан тұрған.Ата-ана мен әке-шешенің қарым-қатынасы жас баланың адамгершілік жағынан толысып жетілуіне үлкен үлес қосады және әзгілікті іске баулиды.               

Дереккөз: Бастауыш мектеп 050010 Алматы қаласы,Жамбыл көшесі 25 үй ,тел: 8727 2916912

 

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.