Бастауыш. 1 – Ауа. Ауа қасиеті. Ауа маңызы. 2 – Ү дыбысы мен әрпі.

БҚО Тасқала ауданы Қ.И.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі  Ахметов Асылбек бастауыш сынып мұғалімі

 1-Ауа. Ауа қасиеті. Ауа маңызы.

Сабақтың мақсаты:
1. Ауа туралы ұғым беру. Ауа қасиетін меңгерту. Ауа адам өміріндегі маңызын  түсіндіру.
2. Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
3. Тәжірбиелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп,қызығушылығын ояту. Сарамандық жұмыс жасаудың алғы шартын үйрету.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сарамандық –лабораториялық әдіс,тест,сұрақ-жауап әдісі.
Сабақтың типі:  Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Деңгейлік тапсырма, тест,гербарий,тірек схемасы
Сабақтың құрал-жабдығы: Тәжірбие жасау құралдары су, шар, доп, шыны ыдыстар,шырпы шырақтар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Өткенді қайталау.
1. Адам шөлдегенде не қажет?
а ) тамақ     ә ) су    б ) жарық

2. Дүниетану пәнін оқыту.
а ) сандар туралы  ә ) сөздер туралы   б ) табиғат туралы

3. Солтүстік пен шығыстың аралығындағы тұсты тап.
а ) солтүстік пен шығыс  ә ) батыс  б ) оңтүстік –батыс

4. Өзеннің шартты белгісін көрсет
Оқушылардың қолдарында 1,2,3 сандары жазылған номерлер берілген. Қай жауап дұрыс,соған қарай нөмерін жоғары көтерді.

2. Деңгейлік тапсырма.

Ж/д. Әңгіме бойынша баланың жүрген жолының сұлбасын сыз.Бала оқитын мектеп жолдың арғы бетінде. Бала үйінен шығып,жолмен жүріп отырды.Темір жолдан аспалы көпір арқылы өтті.Одан соң тас жолмен жүріп келіп мектепке кірді.

О/д. Үстел үстіндегі заттардың сұлбасын сыз.
Т/д. Шартты белгісін сал.  Көл. Өзен. Тас көмір.

Жаңа материал. Сарамандық жұмыс.

  1. Ауызды жауып,танауыңды қысып,ішіңнен сана.Тұншығасың.Сонда адамға демалу үшін не қажет? –Ауа..
  2. Ыстықтап терледің Салқындау үшін желпіндің.Сен ауаны сезесің.Екі қолыңды екі жаққа соз,суда жүргендей жүз,ауа мұхитында жүзіп жүрсің,ол бізді қоршап тұр.Сонда ол адам,өсімдік,жануарлар үшін қажет.Ауаны көреміз бе? –Жоқ. Неге? –Себебі ол-түссіз.
  3. Шар үрлейміз.Оның ішіне не толды?-Ауа, яғни ол орын алады. Ол шарға қайдан келді?-Ішімізден,яғни адамда ауа болады.Ол қалай келеді?Дем алу арқылы.3 қатарға 3 түрлі шар: қызыл,көк,сары.Бұл жерде ауа қандай түсте?Қызыл,сары,көк түсте сияқты.Ол шар түсіне байланысты.Ауа түссіз-себебі шардан шыққан ауа түссіз.
  4. Допты сығайық.Ауа сығылып, қайта серпіледі.
  5. Оқушының өзіне жасату арқылы ауаның бір қасиетін тапқызу.Оқушыны ғылыми жаңалық ашуға .Оқушыға су құйылған 1 стақан, 1 түйір қант беріледі.

Сергіту сәті.

Денешынықтыру сабағымен байланыс.Дем алу жаттығуын жасату. Ауызбен дем шығарып,мұрынмен дем аламыз

6.Үш шырақты жағайық.Оларды стақанмен, банкамен, төбесі ашық банкамен жабамыз. Қайсысы алдымен сөнеді?  Неге?

  1. Стақанмен жабылған сөнеді.
  2. Банкамен жабылған ұзақ жанып сөнеді,себебі ауа көптеу.
  3. Төбесі ашық шырақ жана береді,оны ауа толық қоршап тұр. Олай болса, ауа жанғыш.
  4. Екі стақанға ыстық су құйылған,беті жабылған.Бірінші үстелге ,бірі шырпының бос қуыс қорабына қойылады.Қайсысы жылуын біраз сақтайды?-Қорап үстіндегі.Неге?-Қуыстан өткен ауа жылуды нашар өткізеді.

Мысалы:терезенің 2 рамасының ортасында бос орын неге қалдырылған?
-Ауа қалады.Ол жылуды сақтау үшін.

Дәптермен жұмыс.   Екі сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.




2 – Ү дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Жаңа дыбыстың  дыбысталуын, жазылуын  үйрету, әріпке байланысты жаңа сөз ойлау. Суретке қарап,мазмұнды әңгіме құрау, Балалардың ауызша ойлау дағдыларын дамыту. Дәптерге әдемі жаза білу, әдемілікке,әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа ақпарат
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілік: Оқулық, баспа,кеспе әріптер, интерактивті  тақта, жұмбақтар.
Сабақтың барысы:       Ұйымдастыру  Сергіту сәті.
Өткен тапсырманы қайталап, еске түсіру.

құ                        ұр                   дұ                       ұ                                   дас
лақ                       ан                  рыс                    шақ        құр
бұ                        ұл                   бұ                      құ                                  бақа

Жаңа ақпарат.
Екі айыр, бір бұтақ,                          Көлде жоқ,
Жапырақсыз тұр жұтап.                         Гүлде бар.
Ойлан, қара дұрыстап,                         Нөлде жоқ,
Қайсы әріпке тұр ұқсап?  (Ү)                  Күлде бар.  (Ү)

«Ү» дыбысының дыбысталуы
Ерін түтікшеге ұқсап, алға қарай созылып,тіл ауыз қуысының түбінде жатады да ұшы сәл сүйірленіп, жоғары көтеріледі.
«Ү» дыбысының жазылуын түсіндіру.

Қосымша материалмен жұмыс.
«Г»-ден баста  мен кілең
Ажарымын өңірдің
«К»-ден баста  мен кілең
Қалдығымын көмірдің
«Т»-дан бастап  оқысаң
Аты аңыз қу аңмын.
«К» болса басқы әрпім
Езу тартып қуандық.          .    (Гүл-күл, түлкі-күлкі)

Оқулықпен жұмыс. а) Оқу
ә) тізбектеп, қатар бойынша оқыту.

Ойын:  «Ү» пойызын жалға.
Мысалы: үй, үйрек, үзеңгі, үйшік, үміт, үлкен т.б.
( бір сөзге дыбыстық талдау жасау)
Үйрек      2          5ә  5д.

Дәптермен жұмыс.
Ү   Ү     Ү          үн   үз  жүзім   үзіліс    Үміт
Сен бақытты ұлансың
Анаң күнің,жүрегің,                                        Әжең –асыл ардағың
Әкең-өмір тірегің.                                           Атаң-дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың                                   Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған құансын!                                          Бәрі саған қуансын!

Сабақты қорытындылап,бекіту.
–          Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
–          Ормандағы қай үйде тұрады?
–          «Ү» дыбысы сөздің қай буындарында кездеседі?

Үн- ұн     үк-ұқ     үр-ұр     үш-ұш    үз-ұз

Екі сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Презентация. 10 санынан азайту.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.