Логарифмдік функцияның туындысы

Кунапиянова С.М. – Талдықорған қаласындағы №19 кәсіптік лицейі

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:                Оқушыларға логарифмдік функцияның туындысы туралы түсінік беру, есеп шығаруды логарифмдік функцияның  туындысының  формуласын дұрыс  қолдануларын  мысалдар келтіре отырып  түсіндіру
Дамытушылық:   Ой-өрістерін  кеңейту,  ойлау қабілеттерін арттыру,  пән бойынша білімдерін  тереңдету, дамыту
Тәрбиелік:                Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Сабақтың  түрі:                                                            Жаңа сабақ
Сабақтың өту формасы:                                      Жалпы топтық оқыту
Сабақтың өту әдісі:                                                  Түсіндіру, сұрақ-жауап, есеп шығару, талдау жасау,  ұлттық ойын  элеметтерін қолдау
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Сызба-график, кесте, плакат, формулалар, қалқан, қоржын, асық
Пәнаралық байланыс:                                           Физика. Механика бөлімі  Қозғалыстың лездік жылдамдығы
Пәнішілік байланыс:                                            Туындыларды есептеу ережелері. Алғашқы  функция, Ньютон-Лейбниц формуласы
Қолданылатын  әдебиеттер:                         
1. А.Н. Колмогоров «Алгебра және анализ бастамалары» n 42, 266-269 б.б.
2.  П.Т. Апанасов «Сборник задач» 123, 124 беттегі есептер

Сабақтың өту барысы мен мазмұны

I. Сабақтың ұйымдастырушылық  кезеңі:
а) оқушылармен амандасу;
ә) оқушыларды түгендеу;
б) зейіндерін сабаққа  аудару;

II. Негізгі кезең: 
1. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
2. Оқушыларға сұрақ қою:
а)  Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
б)  Асықтың  қанша  жағы  бар?
3. Қоржындағы асықтан есептің нөмірін анықтап  есептер шығару (ол үшін тақтаға шыққан оқушы қоржыннан асық алып оны иіріп, қай жағымен түскенін айту және сол түскен жағындағы нөмірлі есепті шығару)
4. Есептерге талдау жасау

III.  Бекіту:                                  «Миға жаттығу» есептері
IV.  Қортындылау:                     «Логарифмдік функцияның туындысының байланысы» – плакат
V.  Оқушылардың білімдерін бағалау

VI. Үй тапсырмасы:                   п 42, 269 бет № 555 есеп

Қоржын

Check Also

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.