Математика. Туындыларды қайталау

Кунапиянова С.М. – Талдықорған қаласындағы №19 кәсіптік лицейі

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:                              Оқушыларға жалпы туындыларды қайталай отырып,    есептер шығаруда  негізгі формулалар мен ережелерді                                    пайдаланудың әдіс-тәсілдерін терең меңгерту
Дамытушылық:                 Ой-өрістерін кеңейту, ойлау қабілеттерін арттыру, пән бойынша білімдерін тереңдету, дамыту
Тәрбиелік:                              Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу

Сабақтың  түрі:                      Қайталау сабағы
Сабақтың  ұйымдастыру формасы:                    Топтық, жекелей
Сабақтың өту әдісі:            Сұрақ-жауап, есептер шығару, талдау жасау, ойын элементтерін қолдану, деңгейлік әдістер
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер:    Кесте, плакат, формула, қалқан, сандық, магнит тақта, карточкалар, деңгейлік тапсырмалар
Пәнаралық байланыс:   Физика, механика бөлімі:  «Қозғалыстың лездік жылдамдығын, Туындыларды есептеу ережелері

Сабақтың өту барысы мен мазмұны
I. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу;
ә) оқушыларды түгендеу;
б) зейіндерін сабаққа аудару;
в) топты екі командаға бөлу (үшбұрыш, төртбұрыш);
г) сұрақтар қою.

II. Негізгі кезең:
Математика – ермек емес балалық,
Математика – көрегендік даналық.

Қойылатын сұрақтар:
1. Туынды  дегеніміз не?
2. Туындының геометриялық мағынасы.
3. Туындының физикалық мағынасы.
4. Дифференциалдау ережелері.
5. Тұрақты санның туындысы.

1. Деңгейдегі  тапсырма:  «Математикалық диктант»

Күміс сандық

2. Деңгейдегі тапсырма:  «Күміс сандық»
Білмегенді білгізген,
Өлшеп киім кигізген.
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген,
Есеп емей немене?

Сұрақтар: (командалардың  атына байланысты сұрақтар)

3. Деңгейдегі тапсырма:  «Алтын сандық»
Ал балалар, мұнда біраз қараңдар,
Зейін қойып, мына мені тыңдаңдар.
Математикадан беріледі бір есеп,
Көңіл қойып  бірер минут ойлаңдар.

Сұрақтар: (командалардың төсбелгілеріне байланысты сұрақтар беріледі)

ІІІ. Қорытындылау:

Математика  – бұл ғылымның  саласы,

Алтын сандық

Оны ашқан адамдардың данасы,
Ешбір ғылым қатар келмес онымен,
Ол керемет білгірліктің ғажабы – дей келе бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды.

ІV. Бағалау
V. Үй тапсырмасы: «Туындыларды  есептеу ережелеріне»  – бір есептен құрастырып келу.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекілктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.