Информатикадан ашық сабақ. Microsoft PowerPoint программасы

Айсұлу Мергенбаева

Модуль №7
Модульдің тақырыбы: Microsoft PowerPoint программасы
Кіріспе бөлімі   1-2 сабақ
I.   Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин.
II.   Модульдің мазмұнын түсіндіру – 2 мин.
III.  Сабақтың мақсатын, өту барысын айту – 2 мин.
IV.   Программа туралы жалпы түсінік беру  – 18 мин.

MS PowerPoint программасы, оны қолдану аясы туралы жалпы түсінік әр тақырыптарға арналып құрылған презентациялар арқылы түсіндіріледі. 

V.   Программада орындалатын негізгі әрекеттермен таныстыру – 25 мин.

Программаның негізгі мүмкіндіктерімен, оның ішінде слайдқа орналастырылатын объектілермен орындалатын негізгі әрекеттер туралы түсіндіріледі., оны оқушылар дәптерге жазып алады.

– Бұл программа негізінен презентация құруға арналған. Программада құрылған құжаттар ppt және pps кеңейтілуінде сақталады. Программаның мынадай негізгі мүмкіндіктері бар:

–   слайдттардан тұратын презентация құру;
–   слайдқа мәтін, сурет, бейне және дыбыстық файлдарды орналастыру;
–   слайдқа анимация, басқару батырмаларын, ашылу ретін қою.
–   Слайдтарға көшу тышқан тетігі арқылы немесе PageDown келесі слайдқа өту, PagUp алдыңғы слайдқа өту батырмалары арқылы жүзеге асырылады.

 VI.   Программаны іске қосу, терезе элементтерімен танысу 30 мин.

Оқушыларға программаны іске қосудың бірнеше әдістерін үйрету. Программаның терезе элементтерімен таныстыру. Стандартты және форматтау құралдар тақталарымен олардың атқаратын қызметтерін түсіндіру., оқушылар қысқаша мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады.

Программаны іске қосу үшін мынадай әрекеттерді орындаймыз:

  • Пуск – Все программы – MS Office – MS PowerPoint командасын орындаймыз.
  • Тышқан тетігін жұмыс үстеліндегі программаның белгішесіне апарып екі рет шерту.

1 тәсілі  2 тәсілі

Программа іске қосқаннан кейін экран бетіне программаның стандартты терезесі шығады.

Негізгі элементтері:
–   тақырыптық жол;
–   мәзір қатары;
–   стандартты және форматтау құралдар тақтасы;
–   айналдыру жолақшасы;
–   қалып күй қатары;
–   сызғыз;
–   жұмыс аймағы.

Оқушыларға берілетін тапсырмалар:

№1 Дәптермен жұмыс:
Құралдар тақтасындағы өздеріңізге таныс батырмалардың атауларын жазыңыз.
Стандартты құралдар тақтасы:

1. Жаңа құжат құру
2. Құжат ашу
3. Құжатты сақтау
4. Баспаға шығару
5. Алдын ала көріп шығу
6. Қатесін тексеру
7. Қиып алу
8. Көшірмесін алу
9. Көшірмені орналастыру т.с.с.

Форматтау құралдар тақтасы:
1. қаріптің түрі
2. қаріптің өлшемі
3. қаріптің жазылу түрі
4. мәтінді туралау
5. нөмірлер қою
6. маркер қою., т.с.с.

№2 Практикада орындау:
1. Программаны іске қосу жолдарын басшылыққа ала отырып программаны жұмысты бастау.
2. Программа мен жұмысты аяқтау.

VII.   Оқушылардың жұмысын тексеру, бағалау – 5 мин.
VIII.   Сабақты қорытындылау – 5 мин.

Сұрақ – жауап

  1. Программаға жалпы сипаттама беріңіз.
  2. Программаны қолдану аясы қандай?
  3. Прорамманы іске қосу әрекеттерін айтып беріңіз.
  4. Терезе элементтерін атаңыз.
  5. Стандартты және форматтау құралдар тақтасындағы батырмалардың орындайтын әрекеттерін айтып беріңіз.

 IX.   Үйге тапсырма – 1 мин.

Сабақ конспектісін оқып келу. Құралдар тақтасындағы батырмалардың орындайтын әрекеттерін жаттап келу.

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.