Информатикадан оқу бағдарламасы. 10-11 сыныптар жаратылыстану-математикалық бағыт Аcтана 2010. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген.

Асылан Аменов жіберген.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ
ИНФОРМАТИКА
жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Бағдарлама авторлары: Бидайбеков Е.Ы., Нұрбекова Ж.Қ., Мұхамбетжанова С.Т., Сағымбаева А.Е., Ермеков Н.Т., Стифутина Н.Ф.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Информатика» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 13 б.
ҚР БжҒМ, 2010 Ы.Алтынсарин атындағы. Ұлттық білім беру академиясы, 2010

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

«Информатика» пәні қоршаған ортаны талдауға жүйелі-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді, сонымен қатар ақпаратты түрлендіру, тасымалдау, сақтау, қолдану әдістерін зерттейтін ақпараттық технологияларды қолданумен байланысты адамның практикалық іс-әрекетінің дамып және кеңейіп келе жатқан ғылыми білімнің іргелі салаларының бірі болып табылады.

Информатиканы оқытудағы негізгі мақсат – оқушылардың ақпаратты түрлендіру, тасымалдау, сақтау және қолдану процестері жайлы мағлұматты жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде әлемдік бейнені қалыптастырудағы ақпараттық үрдістердің мәнін ашу, АКТ-ның қазіргі ақпараттық қоғам дамуындағы ролін көрсету, АКТ құралдарын өздерінің оқу әрекетінде, кейінірек бағдарлы бағытта саналы, әрі тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

«Информатика» оқу пәнінің міндеттері:

• әлемдік бейнені қалыптастыруда, қоғамдағы ақпарат пен ақпараттық процестердің мәнін айқындайтын информатиканың базалық білімдерін меңгерту;

• мектеп пәндерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдана отырып, ақпараттық моделдерді нақтылы обьектілермен процестерді түрлендіру, талдау және оны қолдана білу дағдыларын игерту;

• түрлі мектеп пәндерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары мен информатиканы оқыту әдістерін оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін және шығармашылық қабілетін дамыту.

Информатиканы оқыту мазмұны оқушылардың информатика бойынша білімдерінің қажетті деңгейіне жетуіне және кәсіптік оқытуды жалғастыруға бағытталуы. Курстың негізін құрайтын ұғымдар «ақпараттық процесс» болса, ал оның іргелі ұғымы – «ақпарат» болып табылады. Құрылымға бірыңғай бапты қолдану курстың мазмұнын нормативті құжаттарда көрініс тапқаны үшін ғана оқытылатын жеке-жеке дидактикалық бірліктер ретінде емес, жалпы мәдени сипаттағы дамушы, іргелі біртұтас пән ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Курс мазмұнына адамның жалпы мәдениетіне, сонымен қатар білімді жалғастыруына анағұрлым іргелі, әрі маңызды болып табылатын қоршаған шынайы өмірге деген қазіргі заманғы ғылыми түсініктерге сәйкес келетін фактілер, теориялар, қағидалар және тәсілдер енуі керек. Сонымен қатар бағдарламада ғаламдық ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүретін кез келген адам сауатты болуы тиіс және пәнді оқытудың инвариантты бөлігін құрайтын ұғымдар мен дидактикалық бірліктер сипатталуы керек.

Информатика курсының ұғымдарын іріктеу негізіне келесі талаптар қойылған: жүйелілік, тұтастық, пәндік саланың толықтығы, логикалық түрде жүйеленуі, минималды жеткіліктілігі, сабақтастығы, әдістемелік сәйкестілігі, иерархиялығы, аксиоматикалығы, көз жетерлігі, айқындығы.

Информатика курсы ұғымдарының қалыптасуының бірізділігін оқу материалының тұтас ұғымдық құрылымын теориялық жағынан байытып, реттей отырып, ұғымдарды біртіндеп дамытуы, курстың себеп-салдар байланысын ескеріп, түрлі табиғат жүйелеріндегі ақпараттық процестердің тұтастығына ерекше көңіл аударуы және оқу материалын теориялық жағынан дамытуды негіздеуден бастауға мүмкіндік беруі керек.

Пәнді оқыту барысында «ақпараттық процестер» ұғымының жүйелі түрде қалыптасуы, дамуы және жалпылануы қажет. Сонымен ақпараттық процесс түрлерін зерттеу ақпаратты сақтау, тасымалдау, өңдеу сияқты табиғи ақпараттық процестерді қарастыруға алып келеді. Бұл ақпараттық процестер компьютердің функционалдық құрылғыларын зерттеу кезінде талап етіледі.

Ақпараттық процестерді автоматтандыру үшін ақпаратты бірыңғай формаға (санау жүйелері) келтіру қарастырылады, компьютердің ақпаратты өңдеуінің бірізділігі (логика негіздері), ақпаратпен жұмыс жасаудың күрделі түрдегі іс-әрекеттері: алгоритмдеу және модельдеу процестері. «Ақпараттық процестер» ұғымының дамуы түрлі ақпараттар – графиктік, мәтіндік, сандық, дыбыстық және т.б. түрлерін өңдеу, тасымалдау, сақтау ерекшеліктерін және ақпараттық, телекоммуникациялық, сонымен қатар мультимедиялық технологиялардың жабдықтарын зерттеу барысында іске асырылады. Нәтижесінде ақпараттық процестердің әлеуметтік аспектілері қарастырылады.

Айқындалған жетекші ұғымдар материалды ғылыми тілмен, біртұтас көзқараста баяндауға және белгілі фактілерді жалпы көзқараспен қайта түсінуге, бүкіл білім жүйесінің негізін салуға, іргелі ұғымдардың ішкі байланыстарын және қатыстарын ашуға, олардың белгілерін нақты фактілерде және шынайы құбылыстарда көрсетуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама мазмұнының негізі ретінде келесі аспектілерді алу керек:

1) іргелі ғылым ретінде информатиканың қазіргі жағдайының мектеп курсына сәйкес бейнеленуі;
2) «ақпараттық процесс» ұғымы арқылы оқыту мазмұнын сабақтастыру негізінде информатиканың ғылыми пән ретіндегі мәнін көрсету;
3) оқу материалын адамгершілік, ізгіліктілік, патриоттық және т.б. тәрбиелік құндылықтармен байыту;
4) оқушылардың ойлауын қалыптастыру және дамыту, оларға шектен тыс ақпараттар ағымымен қаруландыруға мүмкіндік бермеу;
5) ақпаратпен тиімді жұмыс істеу әдістеріне үйрету;
6) информатика курсының пәнішілік және пәнаралық байланыстарын белсенді түрде қолдану;
7) практикада қалыптастырылған білім мен біліктіліктерді жалпылай қолдану тәсілдеріне үйрету.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 10-11 сыныптарындағы «Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
11 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

Оқу пәнінің вариативті бөлігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес қосымша оқыту бағдарламаларын енгізуге және іске асыруға бағытталған. Білім мазмұнының вариативті бөлігі оқушылардың дамуының жеке сипатын қамтамасыз етеді және оқушылардың тілектері мен ата-аналарының сұраныстарын ескере отырып құрылады.

Пәнді қосымша оқытудың бағыттары ұсынылады: «Компьютерлік графика», «Әлеуметтік информатика», «Web-дизайн», «Flash-технологиялар», «Объектіге бағдарланған программалау», «Әлемдік ақпараттық ресурстар», «Ақпаратты қорғау негізі», «Мультимедиа-технологиялар», «Логикалық программалау», «Компьютерлік терілім», «Компьютерде іс-қағаздарын жүргізу», «Компьютерлік модельдеу», «Баспалық жүйелер» және т.б.

IІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

10-сынып (34 сағат)
Компьютер (2 сағат)

ЭЕМ-ның аппаратық және программалық қамсыздандыруды даму диалектикасы. Қолданушылық интерфейс және олардың бір-бірімен байланыстылығы. Дербес компьютерді аппараттық қамсыздандырылуы. Дербес компьютердің негізгі құрылғыларының жұмыс жасау принциптері, қолданушылық сипаттамасы. Құрылғылар драйверлері.

Алгоритмдеу және программалау (20 сағат)

Объектілі-бағдарланған және визуальды программалау. Макростар. Деректердің жиымдық және динамикалық типтері. Массивтер. Типтік және типтік емес файлдар.

Ақпараттық технология (10 сағат)

Компьютерлiк графика. Негiзгi графикалық процедуралар және функциялар, тұрақтылар, айнымалылар. Анимация, мультипликация. Презентация компоненттерi. Презентация құралдары. Бейненi сканирлеу және өңдеу. Шаблондар мен дизайн. Мастер. Слайд. Ақпараттарды жүйелеу, сақтау және iздестiру. Ақпараттық-логикалық модельдер. Ақпараттық-логикалық модельдер жасау технологиясы. Мәлiметтер модельдерi, реляциялық модель.

Телекоммуникация (2 сағат)

Жергілікті және ауқымды желілер топологиясы. Пошталық программаларымен жұмыс жасау принциптері. Пошталық программалар терезесі. Хабарламалар құру. Поштаны қабылдау. Пошта ақпараттарын оқу. Телеконференциялар.

11 класс (34 сағат)
Компьютер (2 сағат)

Қондыру, конфигурация, операциялық жүйенiң және басқа да программалық өнiмдердiң параметрлерiн реттеу.

Алгоритмдеу және программалау (20 сағат)

Программалау тілі компьютермен «байланыс» жасау құралы. Бір программалау тілдерінен келесі программалау тілдеріне программаларды аудару. Жоғарғы программалау тілдерінде әрекеттерді ұйымдастыруды іске асыру, деректерді ұйымдастыруды жүзеге асыру. Логикалық есептерді жоғарғы деңгейдегі программалау тілдерінде шешу. Сабақтастырылған ортада жоғарғы деңгейдегі программалау тілдерін жасақтау. Жобаларды жасақтау. Қосымшаларды құру. Web-программалау. Web-парақтарын ашу және дизайн.

Ақпараттық технологиялар (10 сағат)

Дыбыстық әсiрелеу, дыбыстық файл ашу. Мультимедиялық программалар жасау технологиясы. Программа құру. Рәсiмдеу. Баспаға беру, баптау және демонстрация. Презентация жасау. Мәлiметтер базасымен жұмыс: мәлiметтер базасының құрылымы, мәлiметтер базасының кестесiн құру. Сұраныстармен, формалармен, есептермен жұмыс. Оқу мәлiметтерi базасын құру. Ақпараттық жүйелер: мәлiметтер банкi, бiлiм базалары, жасанды интеллект жүйелерi, эксперттiк жүйелер.

Телекоммуникация (2 сағат)

Интернет. Бүкіләлемдік өрмекші. Сайттар. Іздеу желілері мен механизмдері және программалар. Интернет арқылы байланыс жасау және электрондық оқыту.

III. СЫНЫПТАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

10-сынып оқушылары:

Нені білу керек:

– қолданушылық интерфейс мәнін;
– жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері орталар түсінігін;
 программалау жүйелерiнiң ерекшелiктерiн;
 құрылымдық, модульдық, объектiлi-бағдарлы программалау ұғымдарын;
 макрос ұғымын;
 анимацияны және мультипликацияны ұйымдастыру негiздерiн;
 үйретуші, бақылаушы, ойын программаларын жасау принциптерiн;
 компьютердi программамен қамтамасыз ету ретi мен ережелерiн;
 растрлық және векторлық графиканы өңдеу құралдарын;
 компьютерлiк презентация ұғымын;
 ақпараттық-логикалық моделдердi жасау технологиясын;
– пошталық программалармен жұмыс жасау принциптерін.

Нені меңгеру керек:
– компьютерге қолданбалы программалық жабдықты орнатуды;
– жоғарғы деңгейдегі программалаудың кез келген ортасында символдық айнымалыларды өңдеуді программалау;
– офистік программалар ортасында түрлі ақпараттарды өңдеуді;
– макростармен жұмыс істеуді;
 арнайы программалық құралдар көмегiмен презентация жасай алуы;
– пошталық программалармен жұмыс жасауды.

11-сынып оқушылары:

Нені білу керек:
– компьютерге қолданбалы программалық жабдықтарды орнату реті мен ережесін;
– жоба ұғымын;
– кіріктірілген тілдер ортасының ұғымын;
– web-беттерін құру тұжырымдамасын;
– презентацияны құру ережесін;
– үлкен көлемдегі ақпараттарды өңдеуді ұйымдастыруды;
– жүйе ұғымын;
– эксперттік жүйелер ұғымын;
– жасанды интеллект жүйесінің ұғымын;
– ақпараттық-іздеу жүйесі ұғымын;
– Интернетте іздеу жүйесі ұғымын.

Нені меңгеру керек:
– есептің дұрыс қойылуын тануды;
 машиналық графиктер мен дыбыстық файлдар объектiлерiн құра алуы;
 графикалық объектiлер мен олардың қозғалысын программалай алуы;
 үйретуші, бақылаушы, ойын программаларын құра алуы;
 ақпараттарға түзету енгiзе алуы, шаблон бойынша ақпараттарды iздестiре алуы, мәлiметтер базасындағы ақпараттарды iрiктей алуы;
 берiлген пәндiк облыста мәлiметтер базасын құру;
 ақпараттық-іздеу жүйелерімен жұмыс iстей алуы.

IV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«Информатика» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға сәйкес құрастырылады.

Курстың теориялық бөлімі ақпараттық процестен ақпараттық технологияларға (ақпараттық процестердің орындалуын жүзеге асыратын алгоритмдерді құру, кез келген ақпаратты екілік кодтау түрінде көрсету мүмкіндіктері және т.б.) өту шартын ашуды негізге ала отырып құрылған.

Курстың практикалық бөлімі оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру ғана емес, басқа да оқу пәндерін меңгеру тиімділігін жоғарылату, сонымен қатар пәнаралық, жалпы оқу біліктіліктерін қалыптастыру үшін қажетті ақпараттық технология құралдарын пайдалану дағдыларын меңгеруіне бағытталады. Осыған байланысты материалды оқып-үйрену реті бүкіл оқу үдерісінің тиімділігін және оқу себебін жоғарылату үшін оқушыларға маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың барынша кең ауқымын ертерек қолдану мүмкін болатындай етіп құрылған. Мысалы, «ақпарат» ұғымы ең алдымен технологиялық ортаға қатыссыз, алайда бірден бейнесін және дыбысын жазу арқылы практикалық жұмыста бекітіледі. Содан кейін ақпаратты компьютерде өңдеудің практикалық мәселелері қарастырылады, оқушылардың әр түрлі ақпараттық объектілерді жайлы түсініктері толықтырыла түседі. Мұнда ақпараттық объект ұғымы оқушыларға алдағы уақытта кездесетін әр түрлі объектілер: мәтін, дыбыс, бейне және т.б. үшін жалпылау ретінде пайдаланылады.

Жалпы орта білім беретін мектептің информатика курсының теориялық және практикалық мазмұны 50-де 50 пайыздық қатынасы бойынша құрылған. Информатика сабағын өткізу барысында 20 минут теориялық бөлімге, ал 25 минут практикалық бөлімге бөлініп, оқытылады. Осыған орай компьютерлік сыныптағы компьютерлер санына байланысты сыныпты 2 топқа бөліп оқыту қажет.

Мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеудің ақпараттық технологияларымен танысқаннан кейін, информатиканың тағы бір маңызды ұғымы – модельдеу қарастырылады. Бұл кезеңге дейін оқушылар бізді қоршаған әлемді модельдеудің көрінісі мен сипаттаудың жалпы идеяларын меңгеруге жеткілікті түрде дайын болады.

Қазіргі заманғы информатиканың негізгі теориялық ұғымы – алгоритм мазмұндық ұғым ретінде енгізіледі. Алгоритмдерді жазу үшін блок-схемалардың және құрылымдық программалаудың формальді тілдері пайдаланылады.

Курстың соңғы бөлімдерінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялары және АКТ-ны қолдану арқылы ұжымдық жобалық іс-әрекет технологиялары игеріледі.

Курс қоршаған ортадағы ақпаратты қабылдай алу біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған: іздеу, талдау, сыни тұрғыдан бағалау, ақпаратты сұрыптау; ақпаратты ұйымдастыру; ақпаратты тасымалдау; объектілер мен процестерді жобалау, өз іс-әрекетін жоспарлау; жоспарларды құру, жүзеге асыру және оған түзету енгізу.

Информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жоғарғы мектепте базалық деңгейде оқып үйрену негізгі мектепке қарағанда информатиканың мазмұнын іргелі ғылыми пән ретінде анағұрлым толық ашуға негізделеді. Осыған байланысты жүйелік көзқарас тұрғысынан қарағанда оқып үйренудің басым объектілері ақпараттық модельдеу және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар болып табылады. Бұл келесілерге мүмкіндік береді:

 информатика курсының басқа да оқу пәндерімен сабақтастығын қамтамасыз ету;
 негізгі мектепте информатика пәнінен алынған білімдерін жүйелеу;
 таңдалынған оқыту бағдарына байланысты білімді тереңдету;
 болашақтағы кәсіби өсуінің негізін салу.

Мектепте информатиканы оқытудың негізгі міндеті ақпараттық процестердің құрылу және қолданылуы және қызметінің жалпы заңдылықтарын оқып үйрену.

Мазмұны жағынан қарастырғанда бұл әлемді жүйелі түрде көруге, ақпараттық модельдеудің мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды, бұл өз алдына информатиканың басқа да мектеп пәндерімен пәнаралық байланыстарының кеңейіп тереңдеуін қамтамасыз етеді.

Іс-әрекет тұрғысынан қарастырғанда бұл негізгі ақпараттық процестерді талдау әдіснамасын құруға және көрсетуге мүмкіндік береді, атап айтқанда:

 ақпарат массивтерін сақтау (мәліметтер қорын басқару жүйелері, ақпараттық-іздеу жүйелері, геоақпараттық жүйелер);
 ақпаратты өңдеу (жүйелік программалық жабдық, құрал-саймандық программалық жабдық, автоматтандырылған жұмыс орны, офистік пакеттер);
 ақпаратты тасымалдау (желілер, телекоммуникациялар);
 басқару (автоматты басқару жүйелері, автоматтандырылған басқару жүйелері, операциялық жүйе компьютерді басқару жүйесі ретінде).

Әдіснамалық тұрғысынан қарастырғанда оқыту процесінде келесі сәттерге көңіл аудару керек.

Информатиканың маңызды ұғымдарының бірі ақпараттық модель ұғымы болып табылады. Ақпаратпен жұмыс істеген кезде біз дайын ақпараттық модельдермен жұмыс істейміз (оларды бақылаушы ролінде боламыз) немесе ақпараттық модельдерді өзіміз құрамыз. Компьютердегі кез келген процессті ақпараттық модельдеуді құрусыз және зерттеусіз оқыту мүмкін емес. Модельдеудің іс-әрекеттік сипатын атап өту маңызды. Ақпараттық модельдеу информатиканың зерттеу объектісі ғана емес, танымдық, оқу және практикалық іс-әрекеттің маңызды тәсілі болып та табылады. Сонымен қатар, оны ғылыми зерттеу және іс-әрекеттің өзіндік әдісі ретінде қарастыруға болады.

Мектеп информатика курсының теориялық және практикалық компонеттерінің мазмұны 50х50 қатысында құрылған. Практикалық жұмыстарды орындағанда басқа пәндік аумақтардың өзекті мазмұндық материалдары мен тапсырмаларын қолданған дұрыс. Әдетте, мұндай жұмыстар бірнеше оқу сағаттарына есептелінеді. Практикалық жұмыстың бір бөлігі (ең алдымен ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарын қолдануды талап етпейтін дайындық кезеңі) оқушылардың үй тапсырмаларына, жобалық іс-әрекетіне енгізілуі мүмкін; жұмыс бірнеше бөлікке бөлініп, бірнеше апта бойы іске асырылуы мүмкін. Жұмыс көлемі мектеп компонентін және басқа пәндермен сабақтастықты қолдану есебінен ұлғайтылуы мүмкін.

Тұлғаға-бағдарланған білім беру жағдайында оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізі Информатика пәнінің оқытудың сапалы нәтижесіне жетумен анықталады. МЖС ЖОБ-да айтылғандай, оқушыларға жалпы білім беру және тәрбиелеу сапасын жетілдіру маңыздылығы мен оған қойылатын талаптарға толығымен сәйкес келеді.

Жалпы білім беретін мектепте информатиканы оқытуды «спираль» бойынша ұйымдастырған абзал: барлық оқытылатын тақырыптар ұғымдарымен алғашқы танысу, содан кейін оқытудың келесі сатысында бұл модульдердің мәселелерін осы модульге қатысты жаңа ұғымдарды енгізе отырып, нақты түрде сапа жағынан жаңа негізде оқып үйрену және т.б. Мұндай «спираль орамдарының» саны нақты мектептегі информатика пәніне берілетін оқу сағаттарының санына байланысты екі немесе үшеу болуы мүмкін. Жоғарғы мектептің базалық деңгейінде бұл негізгі мектептің информатика курсының негізгі мазмұндық желілерін жан-жақты анағұрлым тереңірек оқып үйренуге жағдай жасайды, екінші жағынан бұл оқытудың нақты кәсібилендірілуіне мүмкіндік ашады.

«Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы» тақырыбының мазмұнын ашуда оқушылар информатиканың іргелі ұғымдары аумағы бойынша өз білімдерін тереңдетеді және жүйелейді. Оқыту АКТ-мен толық жабдықталған жағдайда, яғни компьютерлерден өзге әр түрлі перифериялық құрылғылары бар, соның ішінде процестерді визуализациялау, компьютерді басқаратын әр түрлі құрылғылары оқыту бар ортада жүзеге асатын болса, онда оқытудың тиімділігі артады. Бұл бөлімнің мазмұны инварианттықтың жоғары дәрежесіне ие. Есепті шығару негізінде, соның ішінде алгоритмдік тілдерді қолдану арқылы жүйелік және алгоритмдік ойлаудың дамуы жалғасады. Бұл іс-әрекеттің тікелей жалғасы практикалық жұмыс болып табылады.

«Ақпараттық модельдеу» тақырыбын оқып игеру табиғаты әр түрлі жүйелерде (физикалық, техникалық және т.б.) басқару модельдерін сипаттау және құру біліктіліктерін қалыптастыруға, сонымен қатар жаратылыстану, қоғамтану, математика және т.б. аумақтарда модельдер мен модельдеуші программаларды пайдалануға бағытталады.

Информатиканы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және сандық білім беру ресурстары білім беру, дидактика және танымдық сипаттағы құралдар ретінде пайдаланылады. Оқу бағдарламасында оқушыларды ақпараттық орта құру бойынша ақпараттық саясатты жүргізу қажеттілігіне, сонымен қатар адамзаттың орнықты дамуын және «өмір бойы білім алу» мәселелерін шешу қажеттіліктеріне сендіретін оқытудың іс-әрекеттік және құзырлылық көзқарастары ерекше орын алады.

Аталған пәнді оқып үйрену келесі біліктіліктердің одан әрі дамуына көмектеседі:

– ақпаратты жүйелі түрде талдау,
– әр түрлі дереккөздерден ақпарат іздеу,
– өз ойлары мен көзқарастарын жеткізе білу,
– модельдеу,
– болжау,
– өзіндік және ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру.

Қазақстанның ақпараттық қоғамының дамуымен мектеп информатикасы пәнінің мазмұнына келесі ұғымдар мен терминдер енгізілді: ақпарат, ақпараттық процесстер, ақпараттық модельдеу, ақпараттық мәдениет, ақпараттық ресурстар, алгоритм, орындаушы, программа, операциялық жүйе, программалық жабдық, аппараттық жабдық, ақпараттық-коммуникациялық технология және т.б.

Мектеп информатикасының бастауыш курсы ақпараттың алғашқы ұғымынан адамның табиғатпен өзара қатысы туралы білімдерін біріктіретін оқытушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыратын курсқа айналады.

Оқыту бағдарламасының базалық мазмұны мұғалімге оқушыларда теориялық білім негізінде практикалық есептерді шешу біліктіліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Оқу материалының практикалық жұмыстары ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен бағалау, болжау, түсіндіру, сипаттау, анықтау, атау және көрсету біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған. яғни жеке курс шеңберінде күтілетін нәтижелерге жетуге жағдай жасайды. Мұнда курстан курсқа өткенде бағалау мен болжауға берілетін тапсырмалардың саны ұлғая береді, ал соңғы кезеңінде мұндай типті практикалық жұмыстардың сандық үлесі үстем болады.

Практикалық жұмыс жүйесі оқушының негізгі теориялар мен біліктіліктерді, процестер мен құбылыстарды, ақпарат туралы білімдерін информатиканың ғылыми тұрғыда берілетін информатика курсының мазмұнымен үйлестіре білуге мүмкіндік береді. Бұл практикалық-бағытталған тапсырмалардың кешенді сипатының шарты болып табылады.

Информатиканың оқу бағдарламасы математика, физика, биология, химия, тарих және т.б. пәндермен пәнаралық сабақтастықтың зор мүмкіндіктеріне ие. Бұл бір жағынан информатика пәнінен әсіресе, ақпараттық процестер, құбылыстар және информатиканың пәнаралық байланыстары бойынша білім мазмұнын тереңдетуге көмектеседі, екінші жағынан информатиканы оқи отырып жаратылыстану-математикалық бағыттағы шекаралас оқу пәндерінен білімдерін тереңдетеді.

Мұғалім білім беру үдерісінің белсенді субъектілері болатын оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырады.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

26 комментариев

  1. Меруерт

    Ешкимге кереги жок сайт! Издеген материалынды вообще таба алмайсын.

  2. Қандай материал іздедіңіз?

  3. ескаирова назгүл

    осы сайттан ешқашан іздегеніңді таппайсын керегі жоқ сайт шынымен!

  4. ескаирова назгүл

    осы сайттан ешқашан іздегеніңді таппайсын керегі жоқ сайт шынымен!

  5. Қандай материал іздегеніңізді жазып қойсаңыз, келесі ретте оны салып қоятын едік.

  6. Қандай материал іздегеніңізді жазып қойсаңыз, келесі ретте оны салып қоятын едік.

  7. Акажанов Казбек

    Информатика пәнінен күнделікті сабақ жоспары керек 3-4, 5- 6 сыныптар

  8. Акажанов Казбек

    Информатика пәнінен күнделікті сабақ жоспары керек 3-4, 5- 6 сыныптар

  9. Алгоритмдеу және программалау
    1/Программалау тілі компьютермен «байланыс» жасау құралы
    2/Программаларды бір программалау тілдерінен келесі программалау тілдеріне аудару
    3/Жоғарғы программалау тілдерінде әрекеттерді ұйымдастыруды іске асыру
    4/Деректерді ұйымдастыруды жүзеге асыру
    5/Логикалық есептерді жоғарғы деңгейдегі программалау тілдерінде шешу
    6/Сабақтастырылған ортада жоғарғы деңгейдегі программалу тілдерін жасақтау

    11 сыныпқа тақырыптарына лекциялар керек еді.комектесиниздерши

  10. Алгоритмдеу және программалау
    1/Программалау тілі компьютермен «байланыс» жасау құралы
    2/Программаларды бір программалау тілдерінен келесі программалау тілдеріне аудару
    3/Жоғарғы программалау тілдерінде әрекеттерді ұйымдастыруды іске асыру
    4/Деректерді ұйымдастыруды жүзеге асыру
    5/Логикалық есептерді жоғарғы деңгейдегі программалау тілдерінде шешу
    6/Сабақтастырылған ортада жоғарғы деңгейдегі программалу тілдерін жасақтау

    11 сыныпқа тақырыптарына лекциялар керек еді.комектесиниздерши

  11. 11 сыныптын жаратылыс бағыты бойынша сабактардын такырыптық лекциялары керек еді болса тезірек салып жіберсеңіздер екен

  12. 11 сыныптын жаратылыс бағыты бойынша сабактардын такырыптық лекциялары керек еді болса тезірек салып жіберсеңіздер екен

  13. AAAAAAyyyyyyyyyyy

  14. AAAAAAyyyyyyyyyyy

  15. әріптестер сендерге қосыламын шынымен де солай бул сайт шамалы

  16. әріптестер сендерге қосыламын шынымен де солай бул сайт шамалы

  17. маган информатика пәнінен кунделикти факультатив жоспар керек еди.болса aron_91@inbox.ru га жибериниздерши

  18. маган информатика пәнінен кунделикти факультатив жоспар керек еди.болса aron_91@inbox.ru га жибериниздерши

  19. факультатив деп іздесең осы сайтта бірнеше нускасы бар

  20. факультатив деп іздесең осы сайтта бірнеше нускасы бар

  21. Информатикадан оқу бағдарламасының 2012 жылғысы бар дейді. Болса сайтқа шығарыңызшы. Маған үлкен көмек болар еді. Алдын ала рахмет.

  22. Информатикадан оқу бағдарламасының 2012 жылғысы бар дейді. Болса сайтқа шығарыңызшы. Маған үлкен көмек болар еді. Алдын ала рахмет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.