Бастауыш-3. Пайдалы қазбалардың түрлері.

Жамбыл облысы, Шу қаласы «Жібек Жолы»мектеп –лицейі.  3 «а» сынып мұғалімі  Кокиева Гульжан Адильхановна.

Білімдік: пайдалы қазбалар туралы; олардың қасиеттері мен пайдаланылатын салалары, өндіру жолдары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету;
Дамытушылық: оқушылардың танымдық белсенділігін, Қазақстан картасымен жұмыс істеу қабілетін дамыту; оқушылардың тіл байлығын дамытып, балаларды логикалық ойлауға, салыстырып, қорытынды жасауға үйрету.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу,ел байлығын үнемдеп пайдалануға үйрету.
Сабаққа қажетті құралдар: Қазақстанның пайдалы қазбалалары картасы, пайдалы қазбалар топтамасы,слайдтар,сызба-кесте,практикалық жұмыс,нұсқа тапсырмалары, тәжірибелер,көзге және қимылды сергіту сәттері.
Сабақтың түрі: жаңа білім  беру сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: психологиялық дайындық,миды шынықтыру,сызба-кесте, слайдтар, сызбалар,өзіңді тексер(картамен жумыс),тәжірибемен жұмыстар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Слайд №1,2,3
ІІ. Психологиялық дайындық. Слайд№4

Сен пайдалы қазбалар туралы не білесің?

 а) Миды шынықтыру.Слайд №5
-Ал, балалар қазір мына бейне таспадан не көріп отырсыңдар?(Пайдалы қазбаларды жер қойнауынан алып жатыр)
-Оны қандай әдіспен алып жатыр?)(жерді қазып)
-Не үшін қазып жатыр?(адамға қажет, пайдалы)
-Адамға пайдалы болса, қалай атаймыз?(Пайдалы қазбалар)

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Слайд№6
-Ал енді сендер пайдалы қазбаларды оқып келдіңдер,енді соны тексерейік.

(Сұрақтарға жауап алу.)
-Ал енді балалар цемент,құм,ұсақ тас,темір,көмір,газ-бұлар нелер?(пайдалы қазбалардың түрлері)
-Дұрыс балалар, «Пайдалы қазбалардың түрлері» бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы болады.

Ал мақсатымыз: Пайдалы қазбалардың түрлерін анықтау, тәжірибелер арқылы.

ІV Мағынаны тану:
Сызба құру: Слайд №7,
-Балалар, пайдалы қазбалардың түрлері  үш негізгі топқа бөлінеді.
Олар:жанғыш,кенді,кенсіз деп аталады.
-Суретке мұқият қараңдаршы,  тас көмір,мұнай,газ неге жанғыш тобына жатады?
-Ал темір,мыс,алюминий неге кендіге жатады?
-Ал гранит,тұз,мәрмәр,құм,саз,әктас неге кенсіз пайдалы қазбаға жатады?

көмір,  шымтезек,                   темір,мыс,алюминий                         гранит, әктас,
мұнай, табиғи газ                                                                                тұз, құм, саз
(Гранит, әктас, жанғышта коллекциясын көрсету)

Сарамандық жұмыс.

Ал енді осы түрлерінің ішінен бір-бір пайдалы қазбаларға тәжірибе жасап көрейік. Тәжірибе жасамас бұрын техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертемін.

Слайд №8  (таскөмір туралы жалпы түсінік,тәжірибе.)

  • Ø №1 Тәжірибе: (Үш баланы кезекпен шақыру)
  • Ø 1.Таскөмір кесегін қолыңа алып,сындырып көр.Сындыра алмайсың. Не байқадың? Тұжырым:Таскөмір қатты.
  • Ø 2.Енді көмір кесегін балғамен ұр. Ол кішкене кесектерге бөлінеді. Тұжырым: Таскөмір морт сынғыш.
  • Ø 3.  Таскөмірді суға саламыз. Не байқадың?Суға бірден батып кетеді.

Тұжырым: (ерімейді,судан ауыр,)
Қорытынды:

Сабақтың толдық нұсқасын презентациясымен бірге көшіріп алыңыз.

Сабақтың видео-көренкілігін көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

2 комментария

  1. Гулбану

    Уважаемый коллега, хочется выразить огромную благодарность за данный урок. Меня поразил грамотный подход в структуре урока. Использован научный подход в методике. Вы просто молодец!!!

  2. Гулбану

    Уважаемый коллега, хочется выразить огромную благодарность за данный урок. Меня поразил грамотный подход в структуре урока. Использован научный подход в методике. Вы просто молодец!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.