Алгебра. Бөліндінің туындыларын есептеу

Өмірбекова А. К. – 223 топ, Кунапиянова С.М. – жетекшісі Талдықорған қаласындағы №19 кәсіптік лицейі

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:                         Жалпы туындыларды есептеу ережелері мен формулаларды пайдалана отырып, оқушыларға есептерді шығарудың әдіс-тәсілдерін терең меңгерту
Дамытушылық:            Есеп шығаруда оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, пән           бойынша білімдерін тереңдету, дамыту
Тәрбиелік:                         Оқушыларды ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымаққа, адамгершілікке, тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:             Қайталау сабағы
Сабақтың өту әдісі:                 Сұрақ-жауап, есептер шығару, талдау жасау, этнопедагогика элементтері, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың ұйымдастыру формасы: Жекелей, топтық оқытулар
Сабақта пайдаланылатын
көрнекіліктер:                         Плакат-формулалар, қалқан, магнит тақта, жыл қайыру  туралы көрнекіліктер
Пәнаралық  байланыс:     Физика-механика бөлімі – «Қозғалыстың лездік жылдамдығы»
Пәнішілік байланыс:         Туындыларды есептеу ережелері
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. А.Н.  Колмогоров «Алгебра »
2. А.Е. Әбілқасымова «Алгебра»
3. П.Т. Апанасов «Сборник задач»

Сабақтың өту барысы мен мазмұны
І. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгендеу;
б) зейіндерін сабаққа аудару;
в) топты екі командаға бөлу.
(Ньютон және Лейбниц командалары)

ІІ. Жалпылама сұрақтар:
1. Қосындының туындысы;
2. Көбейтіндінің туындысы;
3. Бөліндінің туындысы;
4. Тұрақты санның туындысы;
5. Айнымалы  «Х»-тің туындысы;
6. Дәрежелік функцияның туындысы;
7. Түбір астындағы «Х»-тің туындысы.

ІІІ. Капитандар жарысы:
а) команданың аты, ұраны, есеп шығару  (жыл қайыру);
Түйе сеніп бойына,
Қалған  ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап мойыма,
Тайма именіп ділмардан.

Өлең шумақтарындағы бастапқы әріптер ретімен әр жылдағы хайуанаттың атын білдіреді. Мысалы: түйе-тышқан, сеніп-сиыр, бойына-барыс, қалған-қоян, ұмыт-ұлу, жылдардан-жылан, жатпа-жылқы, қарап-қой, мойыма-мешін, тайма-тауық, именіп-ит, ділмардан-доңыз.

Қазақша атауы бойынша өз жылын білгісі келген оқушы туылған жылын 12-ге бөледі, егер туылған жылы 12-ге қалдықсыз бөлінсе, жылы-мешін, қалдық біреу болса-тауық, екеу болса-ит, солай жалғаса береді. Әркім өз жылын анықтап, сол жылдың артына жазылған есептерді шығарады.

ІV. «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» – топаралық жарыс.

Қосынды мен айырымның туындыларын есептеу
Көбейтіндінің туындыларын есептеу
Бөліндінің туындыларын есептеу
Еркін тақырыптық  сұрақтар:

1. Туындының физикалық мағынасы?
2. Туындының анықтамасы?
3. Өсімше дегеніміз не?
4. Туындының геометриялық мағынасы?
5. Архимед  қай елдің ғалымы, қандай жаңалықтар ашқан?
6. Пифагор қай елдің ғалымы, қандай жаңалықтар ашқан?

V. Қорытынды: Мұғалімнің сөзі
VІ. Бағалау
VІІ.  Үй тапсырмасы: Жалпы туындыларды қайталау, 122-123 беттегі, №1,2,3  тест тапсырмалары.
ЖЫЛ ҚАЙЫРУ

Check Also

mirashbostan000

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

4 комментария

  1. Сіздің іс-тәжірибеңізді өз сабағымда пайдаланамын! Маған өте ұнады. Келешекте менің сабағым өте қызықты өтеді деген үміттемін. Сізге рахмет!

  2. Сіздің іс-тәжірибеңізді өз сабағымда пайдаланамын! Маған өте ұнады. Келешекте менің сабағым өте қызықты өтеді деген үміттемін. Сізге рахмет!

  3. Сіздің сабағыңыз жас мамандарға өте үлкен көмек. Сізге үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді.Келе жатқан Наурыз мерекеңіз құтты болсын, сізге творчествалық табыс тілеймін.

  4. Сіздің сабағыңыз жас мамандарға өте үлкен көмек. Сізге үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді.Келе жатқан Наурыз мерекеңіз құтты болсын, сізге творчествалық табыс тілеймін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.