10-11 сынып оқушыларына арналған «Білім биржасы» зияткерлік ойыны.

Қылы-Орда облысы, Қазалы қаласы, Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебі, Мектеп бағдарламашысы:   Тимур  Берденқұлов

Қолданбалы курс 10-11 сынып
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Ойын барысы: Ойынға 5 адамнан тұратын 2 топ қатысады. Компьютер және Ақпарат тобы. Ойын 4 турдан тұрады.
І – тур. Білім аукционы. Эканомикалық ойынның  шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.
ІІ – тур. Эрудиттер сайысы. Топтар оқу бағдарламасынан негізгі ереже мен түсініктерді білу бойынша сайысады.
ІІІ – тур. Бәйге. Әрбір топтан 1 оқушыдан шығып бір-біріне сұрақ қояды және сұраққа тез жауап беру керек. Әрбір сұрақ 10 евро
ІV – тур. Полиглот. Топтар 3 тілде экрандағы суреттерге жауап береді. Әрбір сұрақ 10 евро

Техникалық құрал: Компьютер, интерактивті тақта.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

«Үздік информатик» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ мүшелерімен таныс болыңыздар. (Эксперт төрағасы мен мүшелерімен таныстыру).

Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-оймен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары.
Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).

«Ақпарат» – тапқырлар тобы
Ұраны:
Ақпаратпен әлемге тану мақсатымыз,
Біліммен шықсын жақсы атымыз!

«Компьютер» білгірлер тобы
Ұраны:
Компьютер деп шығады ұранымыз
Мектептің көкке шырқар қыранымыз!

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық!

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «евро» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 евродан бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолыңызда!

Аукционға оқу пәндері қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы-10 евро. Топ капитаны 10 евродан жоғарылата алады. Ең жоғарғы баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса-баға құны сол топқа беріледі. Ал егер қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: Егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда-банкрот, өкінішке орай , ол топ аукционға қатыса алмайды.

Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы»,-деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов Сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І Турды бастайық.

Аукционға  №1 лото – Қазақстан тарихы пәні қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 10 евро. Қай топ жоғарғы баға береді? … тобы берді, …..тобы екі,….. тобы үш. Сатылды! Дұрыс жуап берген жағдайда топ өзқорына …. евро қосады.

Сұрағы: Қазақ халқының қалыптасуына қайсы хандықтар әсер етті?
Жауабы: Алтын орда, Әбілхайыр хандығы

№2 лот. Аукционға математика пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрағы Төрт дұрыс үшбұрыштан жасалған дене қалай аталады? Жауабы:  Тетраэдр.

№3 лот. Ұлы тұлғалар галереясы. Ол өзінің алғашқы программасын 13 жасында құрады. Қазір бұл адам дүние жүзіндегі ең бай адамдардың бірі болып есептеледі. Оның басқарып келе жатқан фирмасы дүние жүзіндегі ең ірі фирма болып саналады.

Ғалымның есімі мен фирмасынның атын атаңыз.
Жауабы: Билл Гейтс.  Компания  Microsoft

№4 лот. Аукционға информатика пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрақ: ОЖ дегеніміз не және оның түрлері қандай?
Жауабы: (Адам мен компьютердің арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа. MS dos. Windows 2000/XP/7, Windows NT, Windows UNIX)

Назар аударыңыздар!
№5 лот. Күміс қобдіша (Сауда жүргізіледі). Қобдишада не жасырылған?
Сұрақ ең алғаш компьютерге программа жасаған ғалым                        Жауабы: Ада Лавлейс

№6 лот. Аукционға қазақ әдебиеті пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрағы:
-Өзің білмес ісіңді
Білгендерден сұрап біл.
Өліп жатсаң наданнан
Қабіріңді жарық қыл!-деген өсиет сөзді кім айтты және қай шығармадан алынды?
Жауабы: «Жиренше мен Қарашаш сұлу» әңгімесі (Шешендік сөзі), Жиреншенің сөзі

Осымен І тур аяқталды. Қорытындысы ….. Жоғарғы капитал жинаған топ….

Біздің екінші турымыз «эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт – 2 минут. Әрбір дұрыс жауап құны 10 евро. Сұрақтың жуабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз-адамның ең жоғарғы қасиеті», – деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз дайынбызба? Уақыт»

ІІ – тур Эрудиттер сайысы.

№1 топқа арналған сұрақтар:
1. Екілік санау жүйесінде колданылатын сандар? /0 мен 1/
2. Паскаль тілінде МОД? /Бүтін бөлу/
3. VB – те Label батырмасы қандай әрекетті білдіртеді? /жазу/
4. Программалау тілдерін ата /паскаль, дельфи, визуал басик, си, си++т.б/
5. Алгоритм сөзі қай ғалымның атынан шыққан? /әл-Хорезми/
6. Тармақталған алгоритм деген нне және оған мысал келтір? (Орындаушының алдағы қойған мақсаты екі түрлі немесе бірнеше түрлі болған жағдай тармақталған алгоритм деп аталады)
7. Архивтік программа дегеніміз не және оның түрлері қандай? (Үлкен көлемде файлды немесе буманы қысу арқылы көлемін кішірейту . WinRAR, Win ZIP т.б)
8. Windows-тің стандартты программаларын ата (Блокнот, Калькулятор, WorPad, Paint)
9. Интернет желісі  (Бүкіл әлемдік желі)
10. Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларын ата? (процессор, аналық тақша, оперативті жады, тұрғылықты дискі, диск жетегі СД және ДВД диск жетегі)

№2 топқа арналған сұрақтар:

1. Санау жүйесі дегеніміз не? /Сандардың аталу және жазылу тәсілі/
2. VB – те Frame батырмасы қандай әрекетті білдіреді? /жақтау/
3. Алғашқы есептеу құрылғысы? /есеп шот/
4. VB – те Cheek Box батырмасы қандай әрекетті білдіреді? /жалауша/
5. нформатика сабағында қандай программалау тілдері қолданылады? (Паскаль, Визуал Басик тілдері)
6. Алгоритм деген не? (Орындаушының қандай да бір мақсатқа жетуі)
7. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)
8. Алгоритм сөзі қайдан шыққан? (Араб математигі Абу жафар Әл хорезми)
9. Бір ғимараттың ішіндегі компьютерлердің байланысын не деп атаймыз? /жергілікті желі/
10. Операциялық жүйе қызметі…. (компьютердің барлық ресурстарын жұмысын басқарады)

Енді, Білекке сенген заманда ешкімге есе жібермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», – деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.

ІІІ – тур. «Бәйге» деп аталады. Әр топтан топ басшысы шығады сұрақтарға тез жауап беру керек
І-топ
«Компьютердің  миы » деп нені атайды?<
2. VB – те Command Button батырмасы қандай әрекетті білдіртеді
3. Жыпылықтап тұратын тік сызықша?
4. Ақпаратты шығару құрылғысы?
5. Ақпаратты енгізу құрылғысы?
6. Офистік бағдарламаларды ата?

ІІ топ.
1. Информатика қандай ғылым?
2. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз?
3. Паскальда integer нені білдіртеді?
4. Алғашқы бағдарламашы?
5. Бүкіләлемдік желі?
6. Сканер не үшін керек

ІV-тур. Енді біз ең қызықты соңғы тур «Полиглот» көшеміз.
Экранға компьютер құрылғылары шығады солардың атын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде атап көрсету «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», – деген Н.Д.Зеленскийдің сөзімен сайысымызды аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!

Автордық 7-сыныпқа арналған сабақ жоспарлар топтамасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.