Сен өз мемлекетіңнің тарихын білесің бе? (Тәрбие сағатының сценариі).

Кунапиянова Сауле Медетбекқызы. Талдықорған қаласындағы №19 кәсіптік лицейі

Осы автордың тәрбие сағаттар топтамасы (бір файл):
1.  Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік
2. Ұстаз болу – жүректің батырлығы !
3. Шылым мен насыбайдың адам ағзасына тигізетін зияны
4. Білімділер сайысы (СТС)

Мақсаты:       Оқушылардың танымдылық іскерлігін және ойлау қабілетін жетілдіру мақсатында оқушыларды өз елінің тарихын сыйлауға  үйрету,  Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу, тарихи оқиғаларды есте сақтау, өз ойларын жетілдіре айту, таным  қызығушылықтарын арттыру. Отаншылдық, патриоттық тәрбие беру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Жүргізуші:       Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар, қонақтар! Биыл Қазақстан егемендігіне, тәуелсіздігіне қол жеткізгенімізге 21 жыл,                          Желтоқсан оқиғасына 26 жыл толатынын білесіңдер. Ендеше, бүгінгі дөңгелек столымыздың тақырыбы: «Сен өз мемлекетіңнің тарихын білесіңдер ме?»

Дөңгелек столымызды бастамас бұрын кіріспе сөзді тарих пәнінің оқытушысы Кемперова Анар Серікқызына береміз.

Жүргізуші:       Тәуелсіз мемлекет дегеніміз не?
Сөз оқушыларда:

Қазақ мемлекетінің құрылу тарихын білесіз бе? Ең ежелгі қазақ елі туралы айтып кетсеңдер.
Оқушы:           ̶ Табиғат қиыншылықтарынан, жыртқыш аңдардан қорғану адамдарды топтастырды руларға, рулар тайпаларға айналады. Қазақ жерінде тайпалар:

  • сақтар
  • үйсіндер
  • қаңлылар
  • ғұндар
  • сарматтар

VI ғасыр ортасында-ақ қазақ жеріне көптеген түрік тайпалары келіп, жергілікті халық пен мидай араласып, түркі тілі бірте үстемдік ала бастады. Адамдарға қажет болған кезде белгілі бір тарихи дәуірде мемлекет пайда болды. VI-Х ғасырлар арасында  Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қарахан т.б. мемлекеттері бірінің орнына бірі келген.

ХІ ғасыр басы мен  – 1219 жылы Қыпшақ хандығы болды. 1219 жылы қыркүйекте Шыңғысханның әскерінің жорығы басталды.

Жүргізуші: Қазақ халқының қалыптасуы туралы не білесіңдер?
Оқушы: Қазақ халқының қалыптасуы ХV ғасырда болды. Қазақ халқының қалыптасуы да басқа халықтарға ұқсас. Қазақ жерінде пайда болған адамдар бірте-бірте руларға бірікті, рулар тайпа болып қосылды. Мұндай бірігу олардың тілдеріндегі айырмашылықты біртіндеп жоюға, сөйтіп бүкіл тайпа ортақ бір тілде сөйлеуге жағдай жасады.

Осы жағдайлардың бәрі XI-XII ғасырларда қазақ жеріндегі тайпалардың бір халық болып қалыптасуына жағдай жасады. Бірақ та қазақтардың халық болып қалыптасуына монғол хандарының шапқыншылығы көп кедергі тигізді.

Қазақ жерін Шыңғыс хан балалары бірнеше иеліктерге бөліп басқарды. Осының бәрі қазақтың халық болып қалыптасуын 200 жылдай уақытта тежеді, бірақ оны мүлде тоқтата алмады десе де ХV ғасыр басында қазақ халқы қалыптасты. (Үйсін, Қарлұқ, Керей, Қыпшақ, Найман, Арғын, Қаңлы, Дулат т.б).

Жүргізуші: Қазақ хандығының құрылуы туралы не білесіңдер?
Оқушы: Қазақ хандығы XV ғасырдың 50-60 жж. құрылды, негізін салушылар Жәнібек пен Керей.

– Қазақ хандығын күшті мемлекетке айналдырған Қасым хан (1511-1523) тарихта «Қасым ханның Қасқа жолы» деген. Қазақ халқы тарихында «Есім салған ескі жол» аты қалған Есім (1598-1628) қазақ хандығының жерін кеңейту үшін үздіксіз күресті.

– Тәуке ханның тұсында Төле, Қазыбек, Әйтеке билері бірлесе отырып, бүкіл қазақ елінің басын біріктіруге ұмтылған. Сол атақты билерді қатыстыра отырып «Жеті жарғы» (ХVІІІ ғ.басы) шықты. Тәуке ханның тұсында қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына орнықты.

Жүргізуші: Қазақстан патшалығы Ресей қол астында?

Оқушы: Сыртқы жаулардың ең қауіптісі Жоңғар мемлекеті болды, басында ХVІІ ғасырдың басы – ХVІІІ ғасырдың ортасы Жоңғарлар мен күрес болды. Тарихта бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалды. Жоңғардан кейін орыс патшасы қазақ жеріне назарын аударды. Ақ патшаның ол саясатына Кенесары хан қазақтың өз жерін, өз елін қорғау жолында түн ұйқысын төрт бөліп аттан түспей алысқан.

Кеңес үкіметі тұсында Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ халқы елі, үшін күресін жалғастырды.

Жүргізуші: 1986 жылы Қазақстан тарихында қандай ірі оқиға болды?

Оқушы: 1986 жылы желтоқсан айының 16-і күні қазақ жастары алаңға «Әр республикаға – өзінің басшысы!» деген сияқты қазақ-орыс тілдеріндегі ұрандарын ұстап, бейбіт шеруге шықты. Оған түрткі болған Қонаевтің орнына КСРО-ның басшысы М.С.Горбачев, Г.В.Колбинді Қазақстанға бірінші хатшы болып тағайындады.

Мұз жастанып азаматтықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында,
Жеңіп шықтың бас имедің қасардың,
Сойыл, толық ойнаса да жаныңда,
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз боған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйін іштей ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын,
Желтоқсан – ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным жеткіздің ақ тілекке.

Жүргізуші: Егемендік туралы декларация қай жылы қабылданды?
Оқушы:         (1990 ж. 25 қазан)
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Ата Заң қашан қабылданды?
Оқушы:         (16.12.1991ж)
Жүргізуші:   Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге қай жылы бекітілді?
Оқушы:         (1993 ж. 15 қараша)
Жүргізуші: Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы қашан шықты?
Оқушы:       (1998 ж)
Жүргізуші: Ең бірінші Қазақстанның тәуелсіздігін таныған қай ел?
Жүргізуші: Тәуелсіздікке сендер қандай үлес қосар едіңдер?
Жүргізуші:    Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарының бекітілуі жайлы әңгімелесек.
Жүргізуші: Қазақстан Республикасы Туы туралы айтып кетсеңдер?
Оқушы:        (1992 ж маусым)
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Елтаңбасы жайлы кім айтады?
Жүргізуші: Гимннің авторын атаңдар?
Оқушы:         (сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқов)
Жүргізуші:    Биылғы жылғы «Инагурациясының» бұрынғыдан ерекшелігі неде?
Оқушы:         (зеңбіректен аспанға 7 дүркін оқ атуы).

Иә, 2006 ж ақпаннан бастап мемлекеттің Гимні «Менің Қазақстаным» болды, себебі бұрынғы Гимн өз міндетін орындап болған, ал жаңасы 1986 желтоқсанда елдің әнұраны болғаны барлықтарыңа мәлім. Ендеше  бәріміз тұрып Гимнді орындайық.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.