И-8. Екілік санау жүйелерінде арифметикалық амалдар қолдану (Блум сж).

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: Оқушылардың білімін жүйелеу және қорыту. Санау жүйесінде ауыстыру ережесін қолдану және арифметикалық операциялардың орындалуын меңгеру,

Дамытушылық: стандарттық емес тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік:  топтық, жұптық жұмыстар арқылы сыныптағы өзара ынтымақтастық қарым-қатынасты қалыптастыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Құралдар: интербелсенді тақта, стикер, карточкалар, түрлі-түсті қарындаштар, Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Әдіс-тәсілдер: диалогтік оқыту, жұптық, топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика, сурет

Сілтеме: Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева «Информатика» 2012 жыл, §4 оқу15 -17 беттер

 

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі 1 минОжОЖТ Сыныпты түгендеуАмандасу, психологиялық ахуалды Шаттық шеңберіне тұрып,  бір-біріне тілек тілейді. Сынып старостасы сыныпты тізім бойынша түгендейді. Шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне тілек тілейді.
Өткен сабақтарды қорытындылау (тест жұмысы) 10 минОжОЖТ (диалог) -Өткен сабақта біз қандай тақырып өттік? Не істедік?Дұрыс, балалар. Ал біз қазір санау жүйелері тақырыбын қорытындылау үшін, келесі тест жұмысын орындаймыз. -Санау жүйелері, позициялық с.ж.бір жүйеден екіншіге көшіруді үйрендік және т.с.с
Тест  Тест 1 нұсқа.1.Санау жүйесі – бұл . . .а) сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері

ә) объектінің саны туралы мәліметтерді жазуда қолданылатын сандар жүйесі

б) сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандар ережелерін жасау әрекеттері

2. Санау жүйелері . . . және . . . болып екіге бөлінеді

а) арифметикалық және логикалық

ә) позициялық және позициялық емес

б) математикалық және математикалық емес

в) позициялық және аппозициялық

Сандарды бір с.ж.екінші с.ж. көшір (3-7) 

3. 2410=?2

а) 111002          ә) 110002       б) 101002     в) 11102

4. 4910=?8

а) 258                   ә) 168             б)72 8             в) 618

5. 18210=?16

а) А216               ә) В816         б) 3С16            в) В616

6.LXLV= . . .10

а) 9510                ә) 10510       б)11510           в) 8510

7. 230610= . . .римдік  

а)MMCCVI             ә) MMCCCVI

б) CCCMMVI      в) MMMCCVI

8. Сегіздік санау жүйесінің негізі 8-ге тең, ал . . . . . . . сандары алфавиттік сандар болып табылады.

а)  1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8       ә) 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8

б) 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7     в) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

9. . . . . санау жүйелерінде әр цифрдың мәні оның тұрған орнына (позициясына) тәуелді емес.

а) позициялық емес    ә) позициялық

б) математикалық      в) математикалық емес

10. Санды оналтылық жүйеде жазу үшін қандай индекс қолданылады:

а) А2                  ә) А8           б) А10            в) А16

Тест жауабын дәптерлеріне орындайды

1 нұсқа.1.а2.ә3.ә

4.в

5.в

6.а

7.ә

8.б

9.а

10.в

 

2 нұсқа1.б2.в3.а

4.ә

5.б

6.а

7. б

8.ә

9.в

10.а

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1, 2 нұсқаларына байланысты бірлер 1-топқа, екілер 2-топқа жиналып, тест тапсырмалары-ның жауаптарын бір-бірімен салыстырып, талқылайды.

Интербелсенді тақтадан шығарылған тест кілтімен әр оқушы өз жұмысын тексеріп, бағалау парағына сәйкес бағалайды

Тест 2 нұсқа.1.Санау жүйесі – бұл . . .а) сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандар ережелерін жасау әрекеттеріә) объектінің саны туралы мәліметтерді жазуда қолданылатын сандар жүйесі

б) сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері

2. Санау жүйелері . . . және . . . болып екіге бөлінеді

а) арифметикалық және логикалық

ә) математикалық және математикалық емес

б) позициялық және аппозициялық

в) позициялық және позициялық емес

Сандарды бір с.ж.екінші с.ж. көшір (3-7) 

3. 2910=?2

а) 111012        ә) 110002      б) 111002      в) 101002

4. 2110=?8

а)168                   ә) 258                б)72 8         в) 618

5. 6010=?16

а) А216               ә) В816            б) 3С16        в) В616

6. MXLIII= . . .10

а) 104310          ә) 154310      б) 111310    в) 140310

7. 230110= . . .римдік  

а)MMCCVI             ә) CCCMMI

б) MMCCCI         в) MMMCCI

8. Ондық санау жүйесінің негізі 10-ға тең, ал . . . . . . . сандары алфавиттік сандар болып табылады.

а) 0,1,2,3,4,5,6,7,8       ә) 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9

б) 0,1,2,3,4,5,6,7,9     в) 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

9. . . . . санау жүйесінің негізі цифрлар санына тең және көрші позицияда тұрған бірдей цифрлардың мәндері неше есеге ерекшеленетінін анықтайды.

а) позициялық емес           ә) математикалық

б) математикалық емес  в) позициялық

10. Санды екілік жүйеде жазу үшін қандай индекс қолданылады:

а) А2                  ә) А8          б) А10            в) А16

1, 2 нұсқаларына байланысты бірлер 1-топқа, екілер 2-топқа жиналып, тест тапсырмаларының жауаптарын бір-бірімен салыстырып, талқылайды.

Интербелсенді тақтадан шығарылған тест кілтімен әр оқушы өз жұмысын тексеру, бағалау парағына сәйкес бағалау.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.