Тақырыбы: «Аяулы күз, алтын күз»

Атырау  облысы  Исатай ауданы  Исатай селосы Исатай орта  мектебінің информатика  пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна

Мақсаты: Оқушылардың күз туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Динара:
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тонады
Айтшы Ғазим
Бұл қай кезде болады?

Ғазим:
Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Бұл құбылыс Динара
Күзде ғана болады.

Динара:
Көк аспаным мөлдіреп
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін,
Сары көйлегім желбіреп.
Айтшы Ғазим
Бұл қай мезгілдің келгені

Ғазим:

Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз
Динара бұл Алтын күздің келгені.

Динара:
Жүрегімнен шуақты жыр естіріп,
Жазым өтті отты тіл үлес қылып
Қарасам жан- жағыма күз келіпті
Сұрша бұлтқа күрсініс ілестіріп

Ғазим:
Күн де тұнжыр ала бұлт аспанымда,
Көңілім пәс, десем де баспа мұңға
Көктем – пейіл бәйшешек жыр іздесе,
Жазда өтіп кетіпті –ау қас қағымда

Динара:
Күздің желі гуілдейді бір сарын,
Ұшсын желмен жүрегіме тұнса мұң.
Қоштасады шыр айналып жапырақ
Қоштаспасын тек жаздағы жыр- сағым

Ғазим:
Әр мезгілдің бар ерекше асылы,
Күзге, бірақ, көңілім сәл жасыды
Қалғытпа тек қысы – жазы жырымды,
Жаз- ғұмырдың жүректегі жасыны.

Динара:
Армысыздар салтанатты кештің қонақтары!

Ғазим:
Қайырлы күн Ұлағатты ұстаздар, жалынды да, жігерлі жас достарым.
Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

Динара:
Мінеки табиғаттың ерекше құбылып, айналымыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.
Ғазим:
Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай.

Динара:
Құрметті халайық бүгінгі өткізгелі отырған байқауымыздың негізгі мақсаты: Жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.
Ғазим:
Олай болса бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортамызға шақырайық.

Динара:
Қарсы алыңыздар: Кешіміздің  үміткер ханзадасы мен ханшалары!
1- жұп. Сидыханов Серікбол, Азербаева Малика
2- жұп. Мақсот Нұрболат, Махсот Данагүл
3- жұп. Ысқақов Демесін, Тобажан Данагүл
4- Жұп Шакиров Заманбек, Баришова Айжанат

Динара:
Аяулы күз, Алтын күз -2012 байқауының үміткерлеріне ақ жол деп, қошемет көрсетейік құрметті көпшілік.

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Жұмағалиева Сара , дене шынықтыру пәні мұғалімі – Шүренбаев Серік, химия пәні мұғалімі – Доспанова Эльмира, мектеп психологі – Кемелова Құндыз.

Ғазим:
Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар. Бағдарламамыз
6 кезеңнен тұрады:

1. – кезең. Таныстыру Үміткерлер өздерін таныстырады
2. – кезең Өз өнері деп аталады. Үміткерлер өз өнерлерін көрсетеді
3. – кезең Парасатты арулар мен білімді жастар Мұнда үміткерлердің білімдері сарапқа салынады
4. – кезең Сән үлгісі. Жарасымды киім үлгілерін көпшілікке ұсынады
5. – кезең. Үй тапсырмасы (күзгі жапырақтардан аппликация жасау)
6-кезең Бал биі (жұптасып билеу мәнері бағаланады)

Динара:
Бүгінгі өткізгелі отырған кешіміздің бет- пердесін ашып, үміткерлерге сәт –сапар тілеу үшін сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ашықбаева Мағрифа апайға беріледі.

Мақұлова Ұлбосынның  орындауында « Домбыраның күмбірі» әнін тыңдаңыздар.

Динара:
Жандары жақсылыққа тұнып дәйім
Жол берсін қақ жарылып қырық қайың
Құрметпен ортаға шақырайық
Бар сарай өздеріңді ұлықтайтын …. дей келе  келесі құттықтау сөзін жолдау үшін ортамызға сыр-сымбаты мен ақыл – парасаты жарасқан өткен жылғы Алтын күз байқауында жеңімпаз атанып,  ханзадамыз бен ханшамыз болып танылған 10 сынып оқушылары  Тілекқабылұлы Шыңғыс пен Аққалиева Арайды  шақырамыз.

Ғазим:
Құрметті көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім
Динара:
Ендеше бірінші бөлімімізді бастайық.  Үміткерлеріміз өздерін таныстырсын.

Құрметті әділ қазылар алқасы бірінші бөлім бойынша бағаларыңызды көрсетсеңіздер.

Серікқалиева Айжанаттың   орындауында     ән « Анаға хат ». Қабыл алыңыздар.

2 тур.
Динара:
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Үміткерлер, аянбай-ақ жан салыпты.

Ғазим:
Баршаға өнер сүйер жар саламыз
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз. Құрметті көрермендер ендігі кезекте үміткерлеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсі болайық.

Динара: Өз өнерлерін ортаға салатын  бірінші жұбымыз
(қалған жұптарда хабарланып отырады.)

Динара:  Ханзадалар  мен ханшаларымыздың өнерлеріне көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік.

Ал арулар, сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап берсең сұраққа, жарайсыңдар.

Ғазим:
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын табар ма екен үміткерлер
Сол себептен қоятын сұрақтар бар

Ендеше үміткерлеріміздің білімдерін байқайық.
№1 . Жеті қазынаны атаңыз
№ 2. Күзде ғана жинап алатын емдік шөпті атаңыз?
№3 Бұл ойынды ай сүттей жарық түндері, жазды күні қыздар мен жігіттер, балалар араласып ойнай береді. Кешке мал келіп, қораланып болғаннан кейін күзет түрінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ерте кезде  ірі қараның қу жілігі пайдаланылған. Бұл қандай ойын?

№1. Күзгі жиын терім біткенде тойланатын той қалай аталады?
№2 Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер?
№3 Бұл ойынның «Дода және жеке тартыс» аталатын екі түрі қазақ арасында көп қолданылады. Екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі. Қазір көп жерде дода тартыс қана ойналып жүр. Жеке тартыс әдісі ұмытылған не іске қосылмаған. Жеке тартыстың шарты бойынша қарсылыстар өз тобынан екі-екіден тартыскерлер шығарады. Сайланған төрт жігіт өздерінің қайрат-күшін елге танытады. Тартылатын серкені бір бала өңгеріп алып, алдын ала сарапшылар белгілеген бір жарым шақырымдай жерге апарып тастайды.Тартысқа шыққан жігіттер серкеге барғаннан кейін таласа-тармаса тұрып, жерден іліп алу амалын жасайды. Қайсысы бұрын іліп алса, тақымына басып, қарсыласына ырық бермеуге тырысады. Бұл қандай ойын?

№ 1.Жеті атаны атаңыз?
№2. Ата тұрып ұл сөйлесе – ержеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе – бойжеткені болар» деп айтқан кім?
№3 Бұл ойын салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Бұл қай ойын?

№1Үш бәйтерек» дегеніміз кімдер?
№2 Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс.
№3 Бұл ойын бір тегіс, жұмсақ топрақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің қашықтығы 300 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. Ойын өтетеін алаңнан қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады. Қызбен жігіттен екі-екіден жұптар жасақталады. Сөре желісінде қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. Төрешінің белгісі бойынша ойыншылыр бір мезетте сөреден шаба жөнеледі. Ойының шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. Егер жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қызды құшақтап, сүюге міндетті. Ал жігіт оған үлгермей қалса, бұрылыстан қайта шапқанда қыз көрермендердің гулеп қостауы үстінде шабандоз жігітті қамшының астына алады. Екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің тапқырлыған, сынаптай сырғыған ептілікті, шабандоздық шеберлікті таныты білулері керек. Бұл қай ойын?

Ғазим
Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,
Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.
Иығына төгіліп қара шашы,
Жан біткенді өзіне еліктетіп.
Аруларымыз өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, сергек сезімталдығымен бірге, сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы қарамаған.
Ендігі кезекте жұптарымыздың сән үлгісін тамашалаңыздар

Динара
Бар сұлулық құйылған бір басына,
Жарасып – ақ тұр бәрі сұлбасына,
Бетін шымшып жауратып күз салқыны, Еркелейді еріксіз сырласына. дей келе бірінші жұпты қошеметпен ортаға шақырайық

Динара:
Ғазим , білесің бе Ұлт тәрбиесінде дана халқымыз қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген, Қыз баланың бойында сыпайылық пен мейірбандылық, сезімталдық пен ізгілік, қасиеттерімен бірге, киім тіге білуге, дәмді тамақ пісіру сынды еңбекқорлыққа тәрбиелеген.
Ғазим:
Дұрыс айтасың Динара, қазақ қызы сөзі сыпайы, өзі әдепті, терең ойлы болуымен қатар, он саусағынан өнері тамған шебер болуы тиіс. Сонымен қатар «Жігітті тәрбиелеген- әскерді тәрбиелейді, қызды тәрбиелеген ұлтты тәрбиелейді » деген ғой дана халық. Халықтың рухын, намысын арман- үмітін арқалайтын жігіттеріміз ұлттық тәлім- тәрбиенің тағылымдарын бойына сіңіріп отанымыздың үмітін ақтайтыны сөзсіз.

Динара:
Олай болса, келесі кезеңде сайыскерлеріміздің  фантазиясын, ой ұшқырлығын байқап көрсек. Бұл кезеңде сайыскерлеріміз алдын- ала үйден дайындап келген жұмыстарын көрсетеді.
Динара:
Көркіңмен жаз жадырап күліпті күз,
Сулулықты көргенге үміттіміз
Қуаныш сыйлай берші бал татыған.
Биімен айналады қылықты қыз
Ғазим:
Енді әдемі шарттарымыздың бірі, Бал биі. Үміткерлеріміз әдемі әуенмен ырғақты билеп, өздерін бүгінгі балдың нағыз Ханзадасы мен Ханшасы екендерін көрсете білулері тиіс.

Динара:
Сонымен , Қымбатты көрермендер жан дүниесі, рухани әлемі таза,. адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойын сіңірген .арыстандай айбатты, жолбарыс жүректі ер мінезді нағыз ханзадаға лайық жігіттерімізбен ……….
Ғазим:
Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді , айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшаға лайықты, ақылды да, парасатты қыздарамызды анықтайтын кезге де келіп жеттік.
динара:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.
Ғазим:

Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар … дей отырып,

«Аяулы күз, алтын күз-2010» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз
(Әділқазылар алқасы «Аяулы күз, алтын күз» байқауының жеңіпаздарын марапаттайды.)
Ғазим:
Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.
Динара:
Тамашалағандарыңызға рахмет, сау- саламат болыңыздар.

 

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.