Туған жер-алтын бесік (ТС).

Атырау  облысы  Исатай ауданы  Исатай селосы Исатай орта  мектебінің информатика  пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна

Мақсаты: Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Туған ауылдың өткен тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың болашағын оқушылар көзімен болжау.

І.Кіріспе 

Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.

Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.

Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.

-Айпырай! Туған жер-ай!
Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым –ай

Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, – деп ақиық ақын М.Мақатаев жырлағандай, оқушылар өздерінің кіндік кескен, туып-өскен мекенін қастерлей, оның тыныс-тіршілігін, тарихын, мәдениетін, экономикалық хал –ахуалын, зиялы қауымын, еңбек ерлерін, асқар таудай ақсақалдарын, абзал аналарын мақтан ете отырып, туған жердің болашағы жөнінде нақты деректермен ой толғамақшы.

Сұлу дала!Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің, – дей келе тәрбие сағатымызды ашу үшін ортаға сыныбымыздың, мектебіміздің мақтанышы, бірнеше мәрте жас ақындай сайысының жеңімпазы Арманды ортаға шақырғым келеді. Арман өзінің ауылына арнап өзінің жүрек жарды лебізін өлең арқылы білдірген екен, бәріміз бірге тамашалайық.

Көркемсөз   «Туған жер» оқитын  Абат Арман

-Рахмет Арман! Талабыңа нұр жаусын! Сені әлі талай биіктерден көретін болайық.

ІІ.Ауыл, туған жер туралы өз ойларын ортаға салады

ІІІ. Тарих сыр шерткенде…

1. 1968 ж сәуір, мамыр айларында бұйрат-бұйрат құм шағылға вагонеткалар әкелініп, ағаш үйлер тұрғызыла бастады. «Атырау-Астрахань» арасын жалғастыратын теміржол осы жермен өтеді, бұл жерде пойыз тоқтайтын станса болады деген хабар шыққанымен көпшілік сене қойған жоқ. Бір қабат шағыл ішінде Хисым Махатов, Махмет Мусаев деген кісілердің үйлері бар еді. Басқадай елді мекеннің аты да жоқ болатын. Сегізжылдық мектеп, ферма орталығы, интернат, кітапхана, клуб бәрі де осы арадан он шақырым жердегі Забурын селосында орналасқан еді.

2.Көп ұзамай елді мекенге теміржол тартылып, оған қажетті материалдар, шпал, рельстер тасылып, сайын дала еңбек дүбіріне бөленді. Теміржол мен әлеуметтік нысандарды салуға «УС-99» құрылыс басқармасына қарасты №6 жол төсеу пойызы қатысты. Оған өзге өкілдермен бірге, жергілікті тұрғындар да тартылды. Сөйтіп станса да вокзал ғимаратымен бірге медпункт, байланыс үйі, балабақша, бастауыш мектеп құрылысы, 8 үйлік корпустар бәрі де қызыл кірпіштен салынып, ақ шағылдың ортасында ерекше сән бере түсті.

3.1970 жылдардың басында «Октябрьск» деген жерде жаңа кен орны табылды, соны зерттеп игеру үшін барлау, бұрғылау экспедициясы келді. Жұмысшылар жұмыс істеу үшін жатақхана, асхана, наубайхана, электр стансасы, жылу қазандықтары, селоның оңтүстік беткейінен ақ шаңқан үйлер салына бастады. Жұмысшыларды тұрақтандыру мақсатында үй-жайларымен түгел көшіп келу үшін 1972 жылы мұнайшы балаларына арналып сегіз жылдық мектеп ашылып, оған кен орнының «Октябрьск» атауы берілді.

4.Мектепте алғашқы кезде 10 мұғалім еңбек етті, бәрі де жан-жақтан келген мамандар болатын, солардың бірі-Гагарин сегіз жылдық мектебінен келген «Құрмет белгісі» орденінің иегері, ҚССР халық ағарту ісінің үздігі, Құрманғазының шәкірті, Ерғали Ещановтың ұрпағы Хайрушев Ғилыман болса, 1972 жылы алғашқы мектеп директоры Зайдуллин Әнуарбек болды. Мектепте алғашқыда 212 оқушы білім алды.

5.1976-81 жылдар аралығында мектепті тәжірибелі ұстаз Дөкенов Бақтығали басқарса, Ерғазиев Өтеш, Избасов Дархан, Хайрушев Ғилыман, Қанатов Мақсот, Бөлекбаев Көшер, Хисимов Хабиболла, Шайхығалиев Аухат, Құмашев Жанатолла, Фазылова Алия, Жұмаев Оразбек, Жұмабаев Майыш, Қарабалин Жеңіс, Сариева Дамира сияқты аға буын өкілдері ұжымның ынтымағы үшін жұмыстанып, жас мамандарды мұғалімдіктің қыр-сырына үйретумен болды.

6.1991 жылы қыркүйекте Исатай батыр бабамыздың 200 жылдық мерейтойы өткені белгілі. Соған байланысты мектептің аты да 1992 жылы қараша айында Исатай  орта мектебі болып аталды. Ю358 28 желтоқсан 1993 жылы Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің шешімімен Исатай селолық округі болып құрылды. Исатай селолық кеңесінің төрағасы, округ әкімі болып төмендегі жолдастар қызмет атқарды.

1977-1980 жылдар аралығында Құспанов Қабиболла
1980-1981 ж аралығында Альсултанова Шолпан
1981-1991 ж аралығында Дөкенов Бақтығали
1991-1998 ж аралығында Қапизов Сағынғали
1998-1999 ж аралығында Хайдаров Әліби
1999 жылдан бастап Ғұбашұлы Жарылғас ағай басқарып келеді.

Ән айта алсам, туған жер деп жырлайын,
Күй тарта алсам туған елге арнайын.
Ата-анам, атамекен, туған жер
Алыс кетсем тек сендерді қимаймын.

Көркемсөз  « Туған жер »   оқитын Динара Нұрлыбекқызы

IV.Қазіргі ауыл туралы
Ауылдағы үй саны – 300
Халық саны – 1530

Қазір ауылда 1 әкімшілік, 1 мектеп, 1 дәрігерлік бөлімше, 1 кітапхана, 1 почта, 1 балабақша, 1 мәдениет үйі, 1 темір жол вокзалы, 1 су құбыры жүйесі жұмыс істейді.
Ауыл әкімі – Жарылғас Ғұбашұлы
Мектеп  директоры – Хайруллина Ұлбосын апай
Дәрігерлік бөлімшенің бас дәрігері – Хидуллин Исабай
Кітапхана меңгерушісі – Хайрова  Зәуре
Почта бөлімшесінің меңгерушісі – Жанғалиева Жұмағыз
Мәдениет үйінің меңгерушісі – Меңдіғазиев Салауат
Балабақша меңгерушісі – Хайырова Сәуле

V.Ауыл туралы зерттеу жұмыстары
Біздің ауылымыздың көлемі – 101-903 га.
Ауыл картасымен таныстыру

Ауыл топырағын, біздің жерде өсетін өсімдіктер, біздің ауыл топырағында өсетін көкөністер, ауылдың мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығын зерттеп таныстыру.

Би: «Қаражорға»

VI. Оқушылар шығармашылығы:
Ауыл макетін таныстыру
Хор: Атамекен
VII. Ақ тілек
(Ауылға, туған жерге деген тілектерін айту)
Тілектеріңіз қабыл болсын!

Ел тағдыры экономикаға тәуелді екенін қазір үлкен де, кіші де біледі. Ендеше ХХІ ғасырда мемлекетіміздің билігін өз қолдарына ұстар, қазіргі экономиканың қаз басуын қарыштай басуға айналдыратын, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапониямен иық теңестірер ел қожалары мектеп партасында отыр емес пе?

Ш.Уәлиханов: «Ел гүлденіп – көктеуі үшін әуелі азаттық, сосын білім керек» деп даналықпен арман етіп кеткен екен.

«Туған жердің басы болмасам да, сайының тасы болайын» деген халық мақалы бар емес пе? Қандай мамандықтың иесі болсаңдар да, қай жерде жүрсеңдер де қасиетті туған жерді қадірлеп өтіңдер.

Аз ғана уақыт біз сіздермен көптеген жұмыстар атқара алдық деп ойлаймын. Болашақтарыңызға жарқын білім тілеймін, рахмет!

Сабақтың презентациясын көшіріп алыңыз

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

2 комментария

  1. Жарайсың қарындасым! Оңтүстік астанаға жол түсіп жатса , қадірлі қонағым боларсыз……….

  2. Жарайсың қарындасым! Оңтүстік астанаға жол түсіп жатса , қадірлі қонағым боларсыз……….

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.