Қазақ тілі 3-сынып. Етістік.

Ауенбаева Күлшат Абугазиевна

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік:  Етістік туралы 2- сыныпта берілген білімді еске түсіру, ол заттың әр алуан іс- әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы екендігі, сұрақтарын, етістіктің зат есімнен байланысы жөнінде берілген түсініктерді кеңейту, жаттығу.
Ә) Дамытушылық: Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту.
Б) Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, татулыққа, жылдам ойлауға, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың тип : Дәстүрлі сабақ
Сабактын түрі:  Жана сабакты менгеру
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік және семантикалық карта бойынша жұмыс
Көрнекіліктер: Сызбалар, суреттер, қима- қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік. 1 – оқушы дауыстап мәнерлеп айтады.
Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім
Міне, оқушылар ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтармен амадасып, сабағымызды бастайық.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Оқушыларды 3-топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау.
«Бәйге» ойыны бойынша сұрақтарға жауап алу – ауызша.

1.Сол жақтағы – 20. Зат есім дегеніміз не?
2.Ортадағы – 50. Зат есім түрлерін ата.
3.Оң жақтағы – 10. Кітап сөзін тәуелде.
4.Сол жақтағы – 30. Сөз таптарын айтып бер.
5.Оң жақтағы – 30. Жалқы есімге мысал айт.
6.Сол жақтағы – 10. Алма сөзін тәуелде.
7.Ортадағы – 40. Негізгі зат есімнен туынды зат есім жаса.
8.Оң жақтағы – 20. Мақалдың жалғасын тап.

• (Ел көркі ______,
• Өзен көркі______)
9 Ортадағы – 60. Мақалдың жалғасын тап.
(Кітапсыз ____ ____,
Білімсіз ____ ____)
III.Жаңа сабақ.
1. Ойын: Үн қатпа !
Әр қатардан бір-бір оқушы шығып, үн қатпай тек қимылмен ғана көрсетеді.
Бір оқушы тақтаға әр қимылды сөзбен жазып шығады.
Отырды, жүрді, шертті ,
тұрды , айналды, биледі.
– Тақтадағы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
– Бұл сұрақтар қай сөз табының сұрақтары ?
– Етістік.

2. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығуды ауызша орындайды.
1-топ Суретке әңгіме құрау.
2-топ Әңгімеге ат қою.
3-топ Әңгімедегі етістікті тап.
3. Дәптермен жұмыс
А) Күн ретін жазу
Ә) Тақырыпты жазу.
Б) Көркем жазу.
2-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Етістікті теріп жаз.
3-жаттығу. Сөздерді оқу. Сипатына қарай екі бағанға бөліп жаз.
Зат есім Етістік

Сергіту сәті. «Не істейді?» ойыны.
Ойынның шарты: Үш қатар – 3 топ. Әр топқа бір заттың суреті беріледі.Сол суретті құрастыра отырып, сол затқа байланысты топ мүшелері «Не істейді?» сұрағына жауап беретін қайталанбайтын бір қимыл айтуы керек.
1-қатарға – мысық , 2- қатарға – ит, 3- қатарға – адам.
4-жаттығу. Қима –қағазбен жұмыс. Әр топ берілген сөздерге сөйлемдер құрайды.
IV Сабақты бектіу.
5-жаттығу. «Мерген» ойыны. Берілген малдардың төлдерін табу.
V Сабақты қорытындылау.Топтастыру әдісі.

VI Үйге тапсырма. 6-жаттығу. Етістіктерге сұрақ қойып, дұрысы қайсы бұрысы қайсысын табу.
VII Оқушыларды бағалау.Көңіл-күй парақшалары арқылы бағалау.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.