Өзін-өзі тану. Табиғатты аялайық.

Итқұлова Әсел Жамбыл облысы, Шу ауданы, Көктөбе ауылы Жамбыл атындағы орта мектеп Өзін – өзі тану пән мұғалімі

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға жан саулығының тән саулығына әсері туралы түсінік беру
2. Дамытушылық: Оқушыларға жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
3. Тәрбиелік: Баларды өзіне және өзгеге адал болуға  тәрбиелеу.
Сабақтың типі: пікір алмасу

Сабақ өткізу әдісі:
1 кезең сұрақ -жауап
ll кезең түсіндіру,салыстыру
lll кезең өз бетінше дәптермен жұмыс

Формасы:
1 кезең ұжымдық,жеке
ll кезең жеке топтық жұптық
lll кезең жеке

Көрнекіліктер:Денсаулық сақтау туралы суреттер,ребус
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері: Әрқашан күн сөнбесін өлеңін айту

Әңгімелесу:  Денсаулықты сақтаудың қандай жолдары бар?Тәнсаудың –жаны сау дегеніміз қалай түсінесіңдер?

Жаңа сабақ

Денсаулықтың он құпиясы
Сабырмен сенім,мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.Денсаулықтың жақсы болса,кейін күйде көтерінкі болады.

Дененің саулығы  адамның өзіне және өзгеге адал болуынан көңіл күйін басқара білуіне байланысты.Өзіне және өзгелерге деген адал сезім,ақыл-ой салауаттылықтың негізі.

Сабақтың тақырыбы: Өмірдің маңызы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға өмір,оның мәні туралы түсінік беріп,адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру
2.Дамытушылық:Балалардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету. 3.Тәрбиелік:Оқушыларды еліне,халқына абройлы қызмет етуге  тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақ өткізу әдісі:сұрақ жауап
Көрнекіліктер:

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері: бір-бірлерімен сәлемдесіп,барлығы қол ұстасып,бірге «Біз өмірді сүйеміз.Өмір бізді  қалайды»
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1. Өміріміз өз қолымызда дегеніміз қалай түсінесіңдер?
2. Өмірдің маңызы бар ма?

ІІІ.Жаңа сабақ: Өмірдің маңызы.
Әңгімелесу:

  • Адам өмірі мәнді болу үшін не істеу керек?
  • Адам өмірінің маңыздылығына рухани байлық қалай әсер етеді?
  • Еліңе,халқына абройлы қызымет ету дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс

«Елдің иесі сендерсіңдер,қарақтарым!»
Қ.Қайсенов

  • Қасым атаның өсиетінен қандай ой түйдіңдер?
  • Өз бойларыңдағы қандай қасиеттерді шыңдауға болады?

Дәйексөз:
Жақсылық көрсем өзімнен
Жамандық көрсем өзімнен
Тағдыр қылды дегенді
Шығарамын сөзімнен,- С.Торайғыров

Тапсырма:Даналық сөздерді оқып өздеріңе қажетті кеңестерді  тұжырымдау.

Өкінішке душар етпейтін іспен ғана айналыс.Өзің білмейтін істен аулақ жүр.Бірақ білуге тиісті нәрсенің бәрін білуге үйрен.Сонда тыныш өмір сүресің.

Пифагор

Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп,не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып,көзіңді жұмба.

Пифагор

Ұзақта жемісті өмір сүру құпияларының бірі –әр кеште,ұйықтар алдында барлық адамдардан кешірім сұрау

Тапсырма.Өлеңді оқып,өмірдің мәні туралы өз ойларыңды түйіндеп айтыңдар

Қ.Әлімбек

Жаңа –жаңа мен ұғына бастадым,
Өмір деген қымбат екен,достарым.
Өмір-менің жарқылдайтын аспаным,
Өмір –менің сарқылмайтын дастаным

Мен –өмірді жас зерттеуші, жас ғалым,
Енді оянып,енді зерттей бастадым
Өмір-кітап,түсінуі тым қиын,
Әрбір күнім-әрбір бетін ашқаным

Мәтінмен жұмыс

Өзіңе –өзің сену

  • Өз-өзіңе сенудің мәні неде?
  •  «Жеңіл жол іздеме,қиындықпен күрес» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Сенімсіздіктің салдары қандай болады?
  • Өзіңе-өзің сенімді болған кезде өзіңді қалай сезіндің?

Түйіндеме.
Биік мақсат ,табандылық,өзіңе деген сенімділік,адалдың-өмірдің мағыналы болуының алғышарттары.

Өзіммен-өзім.
«Мен кіммін?», «Менің мақсатым не?», «Менің өмірдегі орным қандай?» деген сауалдар төңірегінде ойлану.

Шығармашылық жұмыс.
«Менің қолымнан бәрі келеді» деген тақырыпта шығарма жазу.

Дәптермен жұсмыс.
4-тапсырма
ІY.Сабақты қорыту:1.Өмірдің маңызы неде?
                  2.Өмірді сен қалай бағалайсың?

V.Үйге тапсырма беру:

Жүректен-жүрекке:  Бірге қол ұстасып,шеңбер құрып  Ш.Сариевтің төмендегі берілген өлең жолдарын оқу.

Анаң болса қолында,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.

Айналайын анашым,
Аялайық, бағасын .
Сен үшін балалармен,
Ән шырқайық бәріміз.

Ана сүтін ақтамағанды,
Ешкім мақтамайды.
Ана алдында-құрмет,
Ата алдында-қызымет.

Сабақтың көрнекілігін көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.