Бейнелеу өнері. Абайдың шығармаларына иллюстрация жасау.

Жұмабекова Дәмелі Ерғабылқызы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №27 мектептің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі.

Сілтеме: жоспар.

Мақсаты: Абайдың табиғат жайлы шығармалары туралы түсінік беру, «Желсіз түнде жарық ай»өлеңінің мазмұнын түсіне отырып, иллюстрацияны графика түрінде бейнелеуді үйрету, өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Абайдың  табиғат  туралы өлеңдерін біліп, түсінігін бейнелей алатын болады, иллюстрацияны графика түрінде бейнелеуді үйренеді,бірлесе жұмыс жасауды білетін болады.

Негізгі идеялар: Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде табиғат көрінісі суреттелген. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің мазмұнына иллюстрацияны- графика түрінде орындау, түнгі табиғат көрінісін әдемі де, мағыналы етіп көрсетеді.

l. Ұйымдастыру.

1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Топқа бөлу. Сынып оқушылары(Желсіз түнде жарық ай, Қараңғы түнде тау қалқып, Жазғытұрым, Жаз ) өлеңдері арқылы төрт топқа бөлінеді.(3 минут)

II.Үй тапсырмасын сұрау.  « Галерея аралау» әдісі.(3 минут)

Оқушылардың «Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау» тақырыбындағы суреттері тақтаға ілінеді. Өздеріне ұнаған суретке сынып оқушылары стик жапсыру арқылы баға береді.

Ой қозғау. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні оқушыларға тыңдатылып,бірге орындалады.

 

II. Жаңа тақырыпқа оқушылардың зейінін аударуға арналған сұрақтар:

(ашық, жабық)(5 минут)

-Балалар, бұл кімнің әні?

-Әннің аты қандай?

-Абай Құнанбаев кім?

– Абайдың табиғат көрінісін суреттейтін тағы қандай өлеңдерін білесіздер?

– Өлеңнің «Желсіз түнде жарық ай» аталуының себебі неде?

 

III. «ББҮ» әдісі. Сынып оқушыларына(білемін-білгім келеді – үйрендім) кестесі таратылады.Кестенің бірінші бөлігіне осы тақырыпқа байланысты не білетіндері, екінші бөлігіне балалардың ғылыми-танымдық мәтінмен танысу барысында «не білгісі келетіні» жазылады. Үшінші бөлігі (не білдім) мәтінмен танысып,талдап болған соң толтырады.      (5минут)

IV.Жұптық жұмыс. «Түзетулерді орындау» (5 минут)

«Желсіз түнде жарық ай»өлеңінің сөздері орны ауыстырылып,жұптарға таратылады.Жұптар берілген тапсырманың ішінен қателерді табады. Оқушылардың жауаптары келесі жұпқа ұсынылады,келесі жұп тақтада көрсетілген дұрыс жауаптан кейін сәйкес жұмысты бағалайды. Әрбір дұрыс жауапқа -1 баллдан беріледі.

Y.Топтық жұмыс. (15 минут)

«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін (балауыз,тушьты пайдаланып) графика түрінде бейнелеу.

Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

1.Ең алдымен ауыл көрінісін қағаз бетіне дұрыс орналастырыңыз.

2.Сызықтарды балауызбен басып шығыңыз, кейбір жазықтарды бояп та жіберуге болады.

3.Қағаз бетін тұтастай қара тушьпен қылқалам арқылы бояп шығыңыз.

Ескерту: Балауызбен жұмыс істегенде өте ұқыпты болу керек. Бояу әдісінде,сызық жүргізгенде, қайталап үстінен баса жүргізу қажет.

Топтар бір – бірін екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды.

YI.Жеке жұмыс. «Кейіпкерге хат»(7 минут)

Оқушылар ақын Абайға арнап өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазады. Сынып оқушыларының жазған жұмыстары топта талқыланады, «ең жақсы» деген оқушының жұмысы көпшілікке оқуға ұсынылады.

YII.»ББҮ»кестесінің «үйрендім» бөлігі толтырылады.(3 минут)

Оқушылар «Абай өлеңдеріне илюстрация жасау» тақырыбын қаншалықты түсінгенін бағдаршам арқылы бағалайды.

Кері байланыс: Оқушылар бүгінгі сабақта түсінбеген сұрақтарын, не қиын болғандығын, не ұнағанын рефлексия жазу арқылы білдіреді.

Кейінгі оқу: Абай өлеңдеріне иллюстрация жасау.

 

 

Сабақтың тақырыбы:Қазақ киімі.

Мақсаты: Қазақтың ұлттық киімдері жайлы түсінігін анықтау, ұлттық киімдердің үлгісін бейнелеуді үйрету,өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Қазақтың ұлттық киімдері жайлы түсінігін кеңейтетін болады, бірнеше киім үлгілерінің жобалық суретін  салып үйренеді, бірлесіп жұмыс жасауды білетін болады.

 Негізгі идея:Қазақы киімді қастерлеу әрі құрмет тұту елдің есейгенін , оның өскелең өмірін танытады. Ұлттық киімді бейнелеуде адамдардың жас ерекшелігіне, әлеуметтік жағдайына, жынысына байланысты ажырата білу қажет.

I.Ұйымдастыру.

1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Топқа бөлу.Сынып оқушылары ұлттық бас киім түрлері (бөрік, кимешек, сәукеле) суреттері арқылы үш топқа топтастырылады.(3 минут)

II. Ой қозғау.(5 минут)

Сынып оқушыларына мына сандарды ретімен қойғанда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ашылатындығы айтылады.

 і a  қ  з  к   қ  і  и  а  м
30 11 14 9 18 5 25 21 7 28

Талқылау үшін сұрақтар беріледі:

1.Қазақ киім үлгілері несімен ерекшеленеді?

2.Осы киім үлгілерінде ұлттық ою – өрнектердің үлгісін киімнің қай жерлерінен кездестіруге болады?

 

III.Жұптық жұмыс (5 минут)

 

Әр түрлі халықтың киімі араластырылып беріледі. Осылардың ішінен қазақ халқының киімін ажырата білу керек. Қарама – қарсы жұптар бір – бірін саусақ арқылы бағалайды.

 

IY.Топтық жұмыс (15 минут)

Үш  топқа төрт түрлі мәтін таратылады.Осы мәтінде көрсетілген киім үлгілерін суретпен бейнелеп,таныстырады.

1-топ. Әйелдер киім үлгісі.

2-топ.Ерлер киім үлгісі.

3-топ.Қалыңдықтың киім үлгісі.

 

Топтар бір бірін критерий белгілеу арқылы бағалайды.

 

Y.Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» (15 минут)

 

Ойлау деңгейі Сұрақтар мен тапсырмалар
Білу және түсіну Қазақ киімдерінің атын атай аласың ба? Әрбір киім үлгісінің атауының мағынасын түсіндіріңіз.
Қолдану Қазақ киім үлгілерінің суретін салыңыз.
Талдау Салтанатты киім үлгісі мен күнделікті киім үлгісінің айырмашылығы мен ұқсастығын талдаңыз.
Жинақтау Ерлер киімі, әйелдер киімі, қалыңдық киімдерін ассосация әдісімен топтап, жинақтаңыз.
Бағалау «Қазақ киімі» тақырыбына қаншалықты түсінгеніңізді бағалаңыз.

 

Кейінгі оқу: Қазақ киімі.

 

Y.Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» (15 минут)

 

Ойлау деңгейі Сұрақтар мен тапсырмалар
Білу және түсіну Қазақ киімдерінің атын атай аласың ба? Әрбір киім үлгісінің атауының мағынасын түсіндіріңіз.
Қолдану Қазақ киім үлгілерінің суретін салыңыз.
Талдау Салтанатты киім үлгісі мен күнделікті киім үлгісінің айырмашылығы мен ұқсастығын талдаңыз.
Жинақтау Ерлер киімі, әйелдер киімі, қалыңдық киімдерін ассосация әдісімен топтап, жинақтаңыз.
Бағалау «Қазақ киімі» тақырыбына қаншалықты түсінгеніңізді бағалаңыз.

              

         Y.Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» (15 минут)

 

Ойлау деңгейі Сұрақтар мен тапсырмалар
Білу және түсіну Қазақ киімдерінің атын атай аласың ба? Әрбір киім үлгісінің атауының мағынасын түсіндіріңіз.
Қолдану Қазақ киім үлгілерінің суретін салыңыз.
Талдау Салтанатты киім үлгісі мен күнделікті киім үлгісінің айырмашылығы мен ұқсастығын талдаңыз.
Жинақтау Ерлер киімі, әйелдер киімі, қалыңдық киімдерін ассосация әдісімен топтап, жинақтаңыз.
Бағалау «Қазақ киімі» тақырыбына қаншалықты түсінгеніңізді бағалаңыз.

     

 

1-топ. Әйелдер киім үлгісі.

Әйелдер астарланған көйлектің үстіне камзол, басына күндік ораған кимешек, аяғына кебіс-мәсі киіп, шапанының қаусырмасын айқара буынатын болған.

Қыста әйелдер шапан, пұшпақ ішік, күпіге оранып, бастарына бөрік, кимешек киетін немесе жаулық, орамал салатын болған.

 

2-топ. Ерлер киім үлгісі.

Ерлердің киімі қазақта біркелкілеу. Тіптен жейде –дамбалды, қаптал шапанды, түйе жүн шекпенді, сең-сең тонды барлық жерлерде бірдей киген. Ал жалпыға тән ерлер киімі: көкірекше, шапан, шалбар, бөрік,қалпақ, тақия секілді бас киімдерді, көксауыр,саптама, мәсі, кебіс сияқты аяқ киімдерді қамтиды.

   Әсіресе, жігіттердің киімі сымбатымен көз тартатын болған. Ақ жібектен, шыттан тігілген  қисық немесе тік жағалы көйлектің сыртынан жігіттер белі қыналған, денеге қонымды бешпент, көкірекше,балағын етіктің қонышына салатын, жүріп тұруына ыңғайлы үшкілді шалбар киіп, қайыс белдік, кейде жібек белбеу буынған.

3-топ. Қалыңдықтың киім үлгісі.

      Сәукеле –қазақ әйелдері баскиімі арасындағы ең көріктісі және ең ежелгілрінің бірі.Ол қалыңдық киімдерінің ішіндегі салтанаттысы болып табылады. Сәукеленің басты құрамды бөлігі, жеңіл матадан жасалған желек.

    Ұзатылған қыз үстіне ұзын етекті көйлек, үстіне етегіне оқа не кесте тігілген камзол, аяғына биік өкшелі етік киген.

                                    4-топ.Қыздардың киім үлгісі.

Қыздар белі қыналған,етек-жеңіне екі-үш қатар желбезек жүргізген қос етек немесе  етегі әдіптелген, арқасы немесе белі бүрілген тіке көйлек, қаусырмасына, етегіне оқа не кесте тігілген камзол, басына үкілі тақия, аяғына биік өкшелі етік, кебіс киіп қапсырмамен бекітілетін белбеу немесе нәзік белдік буынатын болған.

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.