«Бұрымды қыз» байқауы

Жұмабекова Дәмелі Ерғабылқызы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №27 мектептің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі.

Мақсаты:

  • Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету;
  • Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту;
  • Әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакаттар, нақыл сөздер, т.б.
Барысы:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер
«Бұрымды қыз» байқауын тамашалауға келіп отырсыздар! Қош келдіңіздер!

Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ , қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе едің мұндай түрін,- деп Абай атамыз жырлағандай байқауымызды бастайық.

Сайыстың бағдарламасы:
1.Таныстыру
2.Өз өнерін көрсету
3.Сұрақ-жауап
4. Өзі пайдаланатын сусабынға жарнама жасау
5. Шашты сәндеу
6. Шаш үлгісінің жобалық суретін салу
7. Ою өрнек қию
8. Үй тапсырмасы

Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Батылдана сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.-дей отырып, кезекті «Мен қазақтың қызымын дара туған» өзін таныстыру кезеңі.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі бұрымды қыз атанам деп,
Арулар аянбай ақ жан салыпты.

Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар
Оның сырын біле ме екен мына арулар,
Сол себепті қоятын сұрақтар бар,
Ал, қыздар жауап беруге қалайсыңдар?

Сұлу қыздар, ару қыздар, бұрымдылар,
Шашты күтіп, қимай оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екнін түсініп,
Өріп қойып, шаш үлгісін жасаңдар.

Келесі сайыстың түрі өзі пайдаланатын сусабынға жарнама жасау, яғни ұзын шашты өсірудің құпиясын ашады.
Қыздарды әдемі етіп көрсетуге бірден бір себеп оның шаш үлгісінің әдемі болуы. Ендеше өз қиялымызбен шаш үлгілерінің суретін салайық.

Аңыз болған жоғалмай бұл ғасырда,
Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда.
Бұғы мүйіз оюы сәнділікпен
Көз тартып ұрпақтарға алмасуда

Ендігі кезекте аруларымыз үйден жасап келген тапсырмаларымен таныстырып өтеді.

Қорытынды:
Барына риза болсын көрермендер,
Байқалды білгендер де, білмегендер.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Тағы да кездесерміз аман болсақ.

Әділқазыларға сөз беру.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.