Бейнелеу. Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау.

Жұмабекова Дәмелі Ерғабылқызы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №27 мектептің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі.

Сілтеме:   Жоспар.

Мақсаты: «Иллюстрация» туралы түсінігін анықтау, ертегі көріністерін бір жүйеге келтіріп,   мазмұнын ашуға үйрету, өзгенің пікірімен санаса білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Иллюстрация туралы түсінігін кеңейтеді, бірнеше жобалық сурет салып үйренеді,өзгенің пікірімен санаса біледі.

Негізгі идеялар:  Иллюстрация – ертегі мазмұнына салынатын сурет. Ертегідегі басты кейіпкердің     бет-бейнесін айқындау және ең қызықты көріністердің мазмұнын бейнелеудегі басты нәрсе – иллюстрациялық сурет болып табылады.

Сабақтың типі:   Жаңа материалды игерту.

 Сабақтың әдісі:  Топтық жұмыс, «суреттер сыры» , «аквариум» .

I.  Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Құрал-жабдықтарын тексеру.

3. Топқа бөлу. «Суреттер сыры» әдісі. Сынып оқушыларына  әр түрлі ертегілердің  (Шалқан, Бауырсақ, Мақта қыз бен мысық,Күншіл үйрек ) суреттері таратылады. Балалар өздеріне таратылған  суреттер арқылы бір – бірін тауып, 4 топқа топтастырылады.( 3 минут)

ІІ.  Ой қозғау. (5 минут)

    Тақтадан осы суреттер слайд бойынша жасалып көрсетіледі.Оқушылар топ болып ойласады, ертегінің атын айтып, ондағы жағымды,жағымсыз кейіпкерлерді ажырата біледі, оның аталу себебін топтан бір оқушы  айтып түсіндіреді.

ІII. Талқылау үшін сұрақтар беріледі:(5 минут) 

1. Ертегі өмірге қалай келеді?

2. Ертегі неше топқа бөлінеді?

3.Иллюстрациялық  сурет салу үшін нені білу керек?

IY. Жұптық жұмыс.(7 минут) 

  Суреттер (түлкі, қасқыр, қоян, арыстан,қой ) таратылады.Осы суреттегі кейіпкерлерді пайдаланып, ертегі құрастырыңдар.Жұптар бір-бірін екі жұлдыз, бір тілекпен бағалайды.

Ү. Топтық жұмыс (15 минут)

     «Аквариум» әдісі. Әр топқа «Күншіл үйрек» ертегісінің  мазмұны бөліктерге бөлініп, таратылады. Топ мүшелері сол бөлікте жазылған ертегі мазмұнын түсініп, иллюстрациялық сурет салады. Сурет аяқталған кейін,ертегінің мазмұны ашылады.

Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

1. 1- топ «Күншіл үйректің арам ойы»

2. 2-топ «Күншіл үйректің түлкімен кездесуі»

3. 3-топ «Түлкінің арам ойының іске аспауы»

4. 4-топ «Үйректің түлкіге жем болуы»

Топтар бір-бірін бағалау критерийлерін айқындау барқылы  бағалайды.

                                             ҮI.  Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» (15 мин)

Ойлау деңгейі Сұрақтар мен тапсырмалар
Білу және түсіну Иллюстрация дегеніміз не?  Мағынасын түсіндіріңіз.
Қолдану «Қиял-ғажайып» ертегі кейіпкерлерінің бірнеше жобалық суретін салыңыз.
Талдау Ертегі мен эпостық жырлардың ұқсастығы мен айырмашылығын талдаңыз.
Жинақтау «Интеллектуалдық шеңбер» әдісі .Сынып оқушылары екі шеңбер  жасап тұрады.Бірінші шеңбер оқушылары бүгінгі өтілген сабақ бойынша түсінгендерін бір-бір сөйлемнен, бір-бірін қайталамай айтып шығады.Екінші шеңбердегі оқушылар алдыңғы шеңбердегі реттілікке сәйкес оқушылардың айтқандарын қайталайды. Тапсырма орындауда әрбір айтылған  сөйлемнің мазмұнына мән беріледі.
Бағалау «Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау»тақырыбындағы сабақтың сіздің өміріңіздегі маңыздылығын бағалаңыз.

Кейінгі тапсырма: Өздеріңе ұнаған ертегі мазмұнына иллюстрация жасау.

Автордың басқа да сабақтар жоспары: Қазақ киімі.  Натюрморт.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.